Главная Обратная связь

Дисциплины:






Инвестициялардың жіктелуі мен түрлері.



"Инвестиция" сози латынша "invectire" казак тіліне аударганда каражат салу, жумсау дегенди билдиреди.

Экон-қ теорияда инвестиция түсінігі б/ша көзқарастар әртүрлігімен қатар, инвестицияны қолдану аясына б/ты иневстиция жіктелімінің әр түрлері сипат алады.

Кең тараған инвестиция жіктелімі келесі белгілеріне б/ты қарастырылады:

1.Инвестиция бағыттары б/ша.

2.Меншік формасы б/ша.

3.Инвестиция обьектісін басқару мүмкіндігіне б/ты.

4.Инвестициялау мерзімі б/ша.

5.Тәуекел деңгейі б/ша.

1.Инвестицияның бағыттары б/ша келесідей инвестицияның түрлері бар:

-нақты инвестициялар – негізгі капиталға,айналым қаражаттарын толтыруға бағытталған инвет-р ретінде танылады. Яғни, жаңа өндірісті құруға,әрекет ететін өндірісті қайта жаңғыртуға,ұлғайтуға бөлінген капитал жұмсалымы б.т.

-қаржылық инвест. – бағалы қағаз-рға,депозиттерге, басқа да қаржылық құралдарға бағытталған жұмсалымдар,сондай-ақ қарыздарды,несиелерді беру түрінде сипат алады. Қарж.инвест.-рда ақшалай негіз бар,соның нәтижесінде – ақша капиталы ұлғаяды.

-материалдық емес активтерге жұмсалған инвест. – мүліктік құқықтарды қолдану б/ша құқықты иемдену(жер учаскелерін,жер қойнауы-ң обьектілерін пайдалануға құқық), патенттерді, лицензияларды сатып алу жатқызылады.

-интелекті инвест.- адам ресурстарына(әлеум.аяға,мамандарды даярлауға,қызметкерлер біліктілігін жоғарлатуға) қаражат жұмсау,сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарға бағытталған қаражаттар ретінде анықталады.

2.Меншік формасы б/ты инвест.түрлері:

-мемлекеттік инвест. (бюджеттік,бюджеттен тыс қор-р-ң қарыздық қаражаттары,меншік ж/е қарыздық қаражат-р есебіндегі мемл.қатысуы бар мемл.к/о-р)

-шетелдік инвест.(шетелдік мемл-р,х/а ұйымдар,шетелдік заңды ж/е жеке тұлғалар).

-жеке инвест.(жеке тұлға-р,мемл.емес меншік формасындағы к/о-р)



3. Инвестиция обьектісін басқару мүмкіндігіне б/ты түрлері:

-тікелей инвест. – нақты инвест-рға жатқызылады. Олар кәсіпкерлік обьектісін басқаруға құқық береді.Негізінен тікелей инвестор өз қаражатын жаңа н/е әрекет ететін обьектіні салу кезінде оның меншік иеленушісі не к/о-ң тең құрылтайшысы б.т.

-жанама инвест. – ақшалай негізі бар портфельдік ж/е басқа да инвест-р. Жанама инвест-р-ң соңғы мақсаты ретінде ақшалай сыйақы түріндегі пайданы алу б.т. С/тан да олар инвест.обьектісін басқаруға құқық бермейді.

-басқа инвест. – к/о-ң басқару қызметіне қатысуға құқығы жоқ н/е ұйым-р-ң несиелерді беруі жатады.

4.Инвестициялау мерзімі б/ша түрлері:

-қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;

-орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;

-ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

5.Тәуекел деңгейі б/ша. түрлері:

-төменгі тәуекелді инвест.

-орташа тәуекелді инвест.

-жоғарғы тәуекелді инвест.

6.Аумақтық белгісіне қарай:

-шет елде инвестициялау;

-елдің ішінде инвестициялау;

7.пайдалану бағытына қарай:

-өндірістік бағыттағы иневстициялар;

-өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.

Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестициялардың екі топқа бөледі:

1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

n өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;

n өндірісті кеңейтуге;

n жаңа өнім шығаруға;

n өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.

2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:

n тұрғын үй құрылысына;

n спорт және сауықтыру объектілеріннің құрылғыларына;

n еңбек жағдайын жақсартуға;

n техникалық қауіпсіздік деңгейін артыруға.
Портфельдік инвестицияларда екі топқа бөлінеді.

1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:

n кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;

n облигациялар сатып алуға;

n басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.

2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:

n өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;

n қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;

n басқа да коммерциялық ұйымдардың активтсріне салу.

 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...