Главная Обратная связь

Дисциплины:






Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары мен әдістері.



Мемлекеттік инвестициялық саясат – бұл елдің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуын мақсат ететін биліктің барлық деңгейлерімен жүргізетін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Мемлекеттің реттеудің негізгі міндеті – инвесторларға капиталды тиімді орналастырудың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік тұрғыдан басқару келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1 Тиімді инвестициялық қызмет арқасында елдің жоғары экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

2 Инвестициялық қызметтен түсетін мемлекеттік пайданы максисизациялауды қамтамасыз ету;

3 Инвестициялық тәуекелділікті азайтуды қамтамасыз ету;

4 Инвестициялық бағдарламаларды жылдамдату жолдарын іздеу;

Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің нысандары мен әдістері.

Мемлекет инвестициялық қызметті реттеу мақсатында ең қол жетімді және тиімді реттеуші қолданады. Ол – құқық. Яғни, елдегі инвестициялық қызметті реттеудің заңды нысаны болып қаржы-құқықтық акттер болып табылады.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты келесі нысандарды жүргізіледі:

- мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар (өндіріс саласында мемлекеттің инвестициялауы, ғылым, білім және т.б.);

- мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;

- салық салудың дифференцияланған салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерінің жүйесі. Елдің экономикасына жеке және шетел инвестицияларды тарту үшін салық салудың жеңілдікті механизмдері қолданылады;

- қаржылы көмек ретінде жеке территориялар, салалар, өндіріс дамуына дотациялар, субсидиялар, субвенциялар, бюджеттік ссудалар және гаранттар беру. Мұндай қаражаттар тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге, білім сферасы, шағын және орта бизнеске берілуі керек.

- ақша-несиелік саясат, баға құрылу саясат және амортизациялық саясаттар жүргізу;

- инвестициялық үрдіске қажетті нарықтық инфрақұрылымның дамуы;

- бағалы қағаздар нарығын реттеу.



Ел аумағында инвесторлардың қызметін реттеу үшін мемлекет келесі әдістерді қолданады:

- мемлекеттік нормалардың сақталуын, инвестициялық қызметтің жеке түрлерінің міндетті лицензиялау ережесінің орындалуын бақылау;

- антимонопольдық әдістемелер, мемлекеттік меншіктің жекешелендірілуі, сонымен қатар аяқталмаған құрылысты да;

- инвестициялық жобалардың сараптамасы.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.

Қазақстан шетел капиталын тарту стратегиялық міндет ретінде екенін хабарлап, әлемдік шаруашылық пен ашық экономикаға көшу жолында қажетті іс-шаралар ұйымдастыруда.

«Шетел инвестициялары туралы», «Тікелей инвестицияларды мемлекетттік қолдау туралы» заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсұлтан Назарбаев 1997 ж. «Тікелей және шетел инвестицияларын тартудағы Қазақстан Республикасының экономикасының приоритетті секторларының тізімін бекітілуі туралы» және «Инвесторлармен келісімшарт жасаған кездегі жеңілдіктер мен преференциялардың жүйесі мен оларды белгілеудің тәртібі туралы» Жарлықтар шығарды.

1997 ж. инвестициялық қатынастарды ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық реттеудің құқықтық-нормативтік актілердің пакеті «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеу туралы» заңдармен толықтырылды.

Сонымен қатар, инвестицияларды қорғаудың көптеген үкімет аралық келісімдері жасалды.

Жалпы, шетел инвестициялады тарту мен қорғаудың үрдісі қазіргі кезде 20-дан аса заңнамалық және нормативті құқықтық актілермен реттеледі.

Оларға сәйкес, Қазақстанда шетел инвестициялары рұқсат етілген ұйымдастыру-құқықтық нысанда әр объект пен әр қызмет түріне салынуы мүмкін, сонымен қатар, толықтай шетел инвесторлардың иелігіндегі шетел фирмалардың құрылуы, олардың филиалдары мен бөлімшелері, немесе біріккен кәсіпорындар рұқсат етіледі.

Шетел инвесторларына өз қызметінен түскен табысын өз еркімен пайдалануына кепілдік беріледі, Мысалы, тауарлар сатып алу немесе басқа мақсаттар үшін.

Елдің экономикасына ірі масштабты инвестицияларды тарту керектігін есекере отырып, Президент жарлығымен біріккен құзыретті орган – Инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды.

Республикада экономиканың тиімді секторларына тікелей инвестицияларды тарту жөнінде белгілі жарнамалық жұмыстар жасалуда.

Жасалып жатқан ұйымдастыру шаралары, қабылданып жатқан заңнамалық әдістер қазақстандық экономикаға шетел инвестициялардың ағымын әкелді. Оған бүгінде 40-қа жуық ел өз қаржы ресурстарын салып жатыр. Сонымен бірге, мемлекет тікелей инвесицияларды тарту жөніндегі мәселе айрықша қарас тырылуда.

Инвестициялық қатынастарды мемлекет реттей отырып, инвестициялық әрекет субъектілеріне ықпал ету нысандары мен әдістерін қолданады. Мемлекет инвестициялық қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы басқарады.

Инвестициялық мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігі белгіленген:

- тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестииця аумағында; кенді пайдалану аумағында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру аумағында; қаржылық және несие саясатын жүргізу аумағында, сондай-ақ салық саясатын жүргізу аумағында жүзеге асырылады.

- Инвестиицииялық процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру.

 

 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...