Главная Обратная связь

Дисциплины:






Капитал құнын бағалау әдістері.



Капитал құны – корпорацияны және оның қаржылық іскерлігін реттеу болжауды бағалауға мүмкіндік беретін қаржы менеджментінің маңызды түсініктерінің бірі және корпорацияның іскерлігінің барлық түрлерін қаржыландыру үшін басқарманың капитал тарту шарттарын (жағдайларын) көрсетеді. Капиталдың ағымдағы, шекті, мақсатты құны ажыратылады.

Капиталдың ағымдағы құны - капитал құрылымын сипаттайды және баланстық бағамен қатар рыноктық бағада да көрсетілуі мүмкін. Олардың әрбірінің өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Баланстық бағалаудан негізгі кемшілігі – капиталдың нақты құны мен оның көлемінен ауытқуы болып табылады.

Нарықтық баға – айтарлықтай нақты болып табылады, себебі корпорацияның бағалы қағаздарын рынокта сатудан алынатын нақты табыстарын анықтайды. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 – II ҚР 3 “Акционерлік қоғам туралы” заңына сәйкес корпорацияның өз акционерлерінен акцияларды рыноктық құнмен сатып алады.

Ағымдағы құн акционерлердің, пайшылардың капитал тарту және жасалған несиелік келісім шарттар мен коммерциялық несиелеу шарттары бойынша анықталған шығындарды есепке алғандықтан, ол басқарманың өткен кезеңдердегі іскерлігін бағалау жоспарындағы мүддені көрсетеді.

Капиталдың мақсатты құны – қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттар арасындағы күтілетін қатынасын сипаттайды. Корпорация қаржылық рычаг әсерін пайдаланып қосымша қарыздық қаржыландыруға ұмтылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүддені капиталдың жаңа құрылымы және оған сай келетін барлық қаржыландырудың жалпы құны көрсетеді.

Корпорациялық капиталдың жеке элементтеріне белгілі бір қатынас түрінде нақты мәселеге тәуелділігін ескере отырып,капитал әрбір элементтің құны және оның аталған қатынастағы үлесі негізінде бағалануы тиіс. Жалпы капиталдың құнын WACC-ң орташа салмақталған әдісімен есептейді:

WACC= qi Ki

Мұндағы, qi – қаржыландырудың жалпы соммасындағы I-ші көздің үлесі.

Ki - I-ші көздің бағасы, %.

Билет





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...