Главная Обратная связь

Дисциплины:






Некроздың ақыры және мәні



Ақыры: бірінші сәтті жағдайда некроз ошағын қоршаған көкшіл түсті гемаркациялық қабыну белдеуі п.б.(фран Demarkatio-шектеу) екіншісі көбінесе некроз ошағын борпылдақ дәнекер өрме басып ұйымдасады(организация, франтц, organisatio-ұйымдасу), некроз қойыртпаға қатты болса, демаргациялық белдеудің орнына дәнекер өрмеден тұратын қапшық п.б. (қапшықтану инкапсуляция). Некроз ошағына калций тұзы шөгуі (әктену, петрификация; лат.petrificatio-тас), лейкоциттер көп жиналып ол іріңді ұраға айналуы мүмкін. Кейде әктенген жерде сүйек өрмесі өседі(оссефикация). Кейде некрозға ұшыраған жердің шет жағы ғана іріңдеп, некроз тірі өрмеден секфестірленеді бөлектенеді(лат.sequestratio-бөлектеймін), ал мүшенің (терінің кілегейлі қабықтардың) сыртқы бетіндегі некроз ошағы түгел бөлініп түседі(мутиляция; multilaria кесу).

56Некроз (анықтамасы, себептері, морфологиясы)

Анықтамасы: Некроз немесе өлі тіршілігі жалғасып жатқан организмнің белгілі бір жерінде торшалар мен өрмелерден өліп, тіршілік әрекетінен тоқтауы. Мұндай некрозға ұшыраған бөліктер тірі торшалармен, өрмелермен шектесіп жатады. Некроз процесі бірнеше сатылардан өтеді:

1)паранекроз-торшалардың үстіртін қайтымды дистрофиялық өзгерістері.

2)некробиоз-қайтымсыз ауыр дистрофиялық өзгерістер, өмір мен өлім арасындағы ахуал.

3)торшаның өлуі

4)аутолиз-өлген торшалармен торша аралық затттардың ферменттер әсерәнен ыдырауы.

Морфологиялық тұрғыдан келгенде некроз дегеніміз аутолиз

Себептерге байланысты некроз екі топқа бөлінеді: тура,жанама

Тура некроз дегеніміз-ұлпалар мен торшаларда некроз туғызатын себептердің тікелей әсер етуіне байланысты дамиды. Мысалы: соғылу, жарақатттану, жаншылу.

Жанама дегеніміз: қанмен жүйке жүйесі арқала олардың ақауларына байланысты дамиды.

Некроз себептері:

1. механикалық

2. физикалық

3. химиялық

4. биологиялық

Морф.белгісі:

1. кариопикноз(бүрісуі)

2. кариорексис (ыдырауы)



3. кариолизис (еруі)

 

57. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (анықтамасы, жіктелуі)

Анық: нукл.нәруыздан және нуклеин қышқылдары ДНҚ мен РНҚ дан тұрады. ДНҚ ярдо хромосомасының негізін, РНҚ эндоплазмалық тордағы рибосома түйіршіктерінің және ядрошықтарының негізін құрайды. Нук.қыш. арнайы гистохимиялық реакциялар қою (ДНҚ Фельген тәсілімен, РНҚ Браше тәсілімен) арқылы анықталады. Нуклеопротоидтер организмнің өзінде түзіледі және организмге азық құрамында сырттан келеді. Нуклеин алмасуының ақырғы өнімі несеп қышқылы және оның тұздары сыртқа негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Жіктелуі:

1. несеп қышқылды диатез

2. несеп қышқылды инфаркт

Остеомаляция, фиброзды остеодистрофия: мәні, морфологиялық көрінуі

Остеомаляция(лат.osteon сүйек, malacia жұмсару) көбінесе ересек күйіс қайыратын малда, ет қоректілерде кездесетін дерт, оған ұшыраған малдың сүйегінде калций тұздары азаяды, осыған орай сүйек жұмсарады.

Фиброздық остеодистрофия сүйек өрмесінің орнына фиброздық өрменің п.б. Бұл процес рационда нәруыз, А және Д вит.жетіспеген жағдайда және қалқанша без қызметі күшейген кезде байқалады.

Лекселік өзгерістер және олардың мәні

Өлекселік өзгерістерге:

1. Өлексенің сууы

2. Өлексенің сіресуі

3. Өлексенің кебірленуі

4. Өлексенің қанның қайта шоғырлануы

5. Өлексенің дақтары.

Лексенің сууы

(algormortis) өлгеннен кейін мал денесінің суып, оның температурасының қоршаған орта темп.деңейімен теңделуі. Ауа темп. 8-20 C аралығында болса өліксе темп.сағат сайын 1 C төмендеп отырады. Бірақ әр түрлі жағдайға байланысты өлексе тез немесе баяу суу мүмкін. Аязды күндері,яғни ауа темп.тым төмен болса өлген мал тез сууыды. Титықтап жүдеген және қансыраған өлген жануардыңда сууы тез болады. Сыртқы ортаның темп. 18 C шамасында болса, ұсақ жануарлардың(қой,ит,шошқа) өлексесі біржарым екі тәулік ішінде, ірі қаралардың(жылқы қара мал) өлексесі екі үш тәулік ішінде толықтай суиды

62.Өлексенің сіресуі(rigor mortis) – дене, жүрек және көз еттерінің нығыздануы, осыған орай буындардың қатайып қозғалмай қалуы. Мал өлген соң оның жолақ еттері түгелдей босаңсып жұмсарады да 2-4 сағат өтісімен кейде бұданда ертерек қатайа бастайды. Қатайған еттер біртіндеп нығызданып сіресе түседі сондықтан біразға дейін қозғалмайтын қалыпқа түседі. Сіресу жақ еттерінен басталады. Осыған байланысты ауызбен екі көз ашық не жабық күйінде қалып қойуы мүмкін, одан әрі бұл процесс біртіндеп мойын, алдынғы аяқ, көкірек, құрсақ, артқы аяқ еттеріне ауысады.Мал өлгеннен соң 24 сағ. Сон дене еттері қатайып, сіресіп қалады.Өлекселі сіресу микрос-қ тұрғыдан келгенде ет талшықтары көлденең жолақтарының тығыздылуымен, бойлық жолақтарының айқындалуымен сиппатталады.

63Өлексеннің кебуі.Өлексе бетінен ылғалдың булануынан болады. Ең алдымен кілегейлі қабықтар мен тері жабындының кебірленген байқалады.Көздің,тану қуысының және еріндер кілгейлі қабықтары қабықтары құрғайды,қатаяды,қоңырланады.Көздің қасаң қабығы лайланады.Теріде құрғақ сұрғылт-қоңыр дақтар пайда болады.

64. Өлексенің дақтары.Қанның физикалық химиялық өзгеруіне жіне өлекседе қаның қайта шоғырлануына байланысты өлексе дақтары пайда (libortis mortis)болады. Өлен денеден артериялардың жиырылуы қанның түгелдей дерлік веналарға аусуына әкеледі де,одан әрі қан дене мен ішкі мүшелердің төменгі жағындағы веналарға ығсады,олар толтырады,сөйтіп гипостази яғни өлексе дақтары пайда болды.Гипостаздар мал өлген соң 3-4 сағаттан кейін көріне бастайды.Мал терісі әдетте түкті және пигменттенген болатындықтан өлекселік дақтар көбінесе теріні сыдырғаннан кейін ғана шелден көрінеді.Тек ақ шошқда ғана олар теріде көкала-қызыл түсті болып бірден кқзге түседі.Сырттай қарағанда гипостаз молқандылыққа гипермияға ұқсайды,бірақ өлексенің тек астынғы жағында ғана орналасады.

65. Өлексенің шіруі. Өрмелердегі аутолиздік және шіру процесттеріне байланысты болады.Аутолиз немесе өзін-өзі ыдырату,өлген организмнің өз торшаларындағы ультрақұрылымдырмен (лизосомалар,митохондриялар эндоплазмалық тор,Гольдж ешені)байланысты ферменттердің әсерінен болады.Кейін аутолиздік процестер шіру пройестеріне ұласады.Шіру-шіріткіш бактериялар әсерінен өлекседегі наурыздардын ыдырап бұзылуы.Ішекте тыныс және несеп жолдарында,т.б сыртқы ортамен тікелей байланысты мүшелерде шіріткіш бактериялар өсіп- өніп одан әрі қанға еніп,торшаларды өрмелерді ферменттік ыдырауға ұшыратып,,әдеттегі құрлымның түгелдей жойуылына әкеледі.Шіріткіш микробтар аэробты жане анаэробтар микробтар табиғатта кен таралған.

66Өлім-анаықтамасы түрлер ( лат mors. Грек Tanotos) –организимде тіршілік процесттерінің біржола тоқтату.Заттар алмасуының қарқыны төмендеп,организдегі тіршілік әрекеттерінің түгел дерлік тоқтауын анабиоз.Қандайлы болмасын организмнің өмірі өлімммен аяқталады-бұл биологиялық заңдылық.Өлімге ұшыраған организм өлі денеге,немесе өлексеге айналады.

Өлім-түрлері. 1Табиғи өлім

2 Патологиялық өлім

Танотогенез яғни 3кезең турады

1Жанталас

2Клиникалық өлім

3 Биологиялық өлім

67 Өлекселік өзгерістердің патологиялық процестерден айырмашылығы.Өлекседегі өзгерістердің елеулі маңызы бар.Олар тірі денедегі кейбір патологиялық өзгерістерге (гиперемия,қанталау,ұйыс-тромб)ұқсайды.Демек өлексені зерттеген кезде ондай өзгерістерді бір-бірінен айыра білу керек.Өлексенің сууы және сіресіп қатаю дәрежесіне,өлексе дақтарының өршу дәрежесіне қарап,малдың қашан өлгенін шамалауға болады.Өлексенің сіресіп қатаю дәрежесі малдың өлер алдында қандай қалыпта болғанын көрсетеді.Қан ұйындысын сарғыш түсті болса,малдың ұзақ мерзімі бойы жанталасқанын айғақтайды.Өлексе дақтарының тек өлекседе жане жанталасу кезінде бауыздалған малда ғана болтынының практикалық мәні бар.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...