Главная Обратная связь

Дисциплины:






Ірі салық төлеушілерге мониторинг жасау



ҚР Үкіметінің 2001 жылғы ҚР аумағында қызмет жасайтын ірі салық төлеушілердің қаржы шаруашылық іс әрекетінің мониторингі туралы қаулысы негізінде, ҚР аумағында қызмет жасайтын субъектілерге қатысты мониторинг жүргізіледі.

Ірі салық төлеушілер мониторингі дегеніміз – ірі салық төлеушілердің нақты салық салу базасын анықтау, ҚР салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, нарықтық бағаларды қадағалау мақсатында олардың қаржы шаруашылық қызметіне жүргізілетін талдау б.т.

ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде мониторингке мынадай қызмет саласында әрекет ететін және соңғы үш жылдағы ЖЖТ- ты салыстырмалы түрде көп және тұрақты болып танылған 300 салық төлеуші қамтылады:

1. Электроэнергия

2. Шикі мұнай

3. Қара және түсті металлургия

4. Құрылыс

5. Байланыс

6. Көмір өнеркәсібі

7. Көлік қызметі және т.б.

ҚР Үкіметі мониторингке қамтылатын субъектілер тізімін әр бюджет жылының соңында мынадай критерийлер негізінде нақтылайды және өзгерістер енгізеді:

· Жылдық айналым мөлшері

· Талдауға алынатын соңғы үш салық жылындағы ЖЖТ мөлшері

· Қызмет ету саласы

· Өткен салық жылы үшін тапсырылған КТС бойынша декларация деректері.

ҚР Үкіметі алдағы жыл үшін мониторингке қамтылатын субъектілер тізімін ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бектітеді және ол тізім 1 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. Өткен жылы монитринг тізіміне енгізілген, бірақ ағымдағы жылдың 1-қарашасына дейін жоғарыда келтірілген критерийлер бойынша мәліметтері төмендеген немесе таратылу алдында тұрған салық төлеуші жедел түрде тізімнен алынып тасталады.

1 қаңтардан бастап күшіне енгізілген тізім 2 жыл бойы жарамды болып есептеледі және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығы ҚР Үкіметіне жүктеледі.



Мониторингке енгізілген салық төлеуші тізім жұмыс жасап тұрған соңғы екі жылда қайта ұйымдастырылса (ұйымдық құқықтық нысаны өзгерсе), онда ірі салық төлеушінің құқық мирасқоры жедел түрде мониторинг бойынша тізмге енгізіледі және жыл соңындағы тізімге өзгерістер енгізілгенге дейін мониторинг қамтылады.

Мониторнгке қамтылған ірі салық төлеуші мынадай жағдайларда сот шешімі негізінде мониторинг тізімінен алынып тасталады:

1. Салық төлеуші таратылса;

2. Банкрот деп жарияланса.

Мониторингке қамтылған ірі салық төлеушілер мынадай есептілік нысандарын электрондық-сандық қолтаңбамен расталған, электрондық құжат түрінде табыс етеді:

1. Бухгалтерлік баланс

2. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кітабы

3. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кітабы

4. Өндірілген және сатып алынған ауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қозғалысы туралы есеп

5. Өндіріген өнім, атқарылған жұмыс, қызмет бойынша өзіндік құн

6. Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп

7. дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жазу.

Мониторингке қамтылатын банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ірі салық төлеушілер мынадай нысандағы есептілік нысандарын тапсыруы тиіс:

1. Бухгалтерлік баланс

2. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кітабы

3. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кітабы

4. Кірістер мен шығыстар туралы есеп

5. Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жазу

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары мониторингке қамтылған жағдайда мынадай есептілік нысандарын табыс етеді:

1.Бухгалтерлік баланс

2.Кірістер мен шығыстар туралы есеп

3. Сақтандыру қызметі туралы есеп

ҚР- ның зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы төлемдері бойынша қызмет көрсету, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын мониторингке қамтылатын ірі салық төлеушілер мынадай есептілік нысандарын тапсыруы тиіс:

1. Зейнетақы активтері бойынша есеп

2. Бухгалтерлік баланс

3. Кірістер мен шығыстар туралы есеп

4. Зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп

Ірі салық төлеушілер мониторингіне қамтылған салық төлеушілер есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-не дейін мониторинг үшін есептілік нысандарын тіркелген жеріндегі салық органына тапсырады. Соңғы тапсыру мерзімі – жұмыс күні болмаса, келесі жұмыс күні есептілік ұсынудың соңғы жұмыс кұні болып табылады.

 

22. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі.

Жекелеген қызмет түрлеріне мыналар жатады және оны жүзеге асыратын салық төлеуші:

1. Авиабензиннен басқа бензин және дизель отындарының бөлшек және көтерме саудасымен айналысатын тұлғалар.

2. Авиабензиннен басқа бензин және дизель отындарын өндірумен айналысатын тұлғалар

3. Этил спирті мен алкогольді өнімдер өндірісі және көтерме саудасымен айналысатын тұлғалар.

4. темекі өнімдері өндірісі және көтерме саудасымен айналысатын тұлғалар

5. Ойын бизнесі

6. Лоторея өткізу, ұйымдастыру және лоторея билеттерін сату операцияларымен айналысатын тұлғалар

7. Ұтыссыз ойын автоматтары, жеке ойын компьютерлері, бильярд столдары, ойын жолдары қызметтерін жүзеге асыратын салық төлеушілер

Салық қызметі органына салық өтініші тапсырылған 3 жұмыс күні ішінде салық объектілеріне тіркеу карточкалары беріледі.

Тіркеу карточкасы дегеніміз – салық объектілерінің салық органдарында тіркеуден өткенін куәландыратын қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

Салық төлеушіде жекелеген қызмет түрлері бойынша салық объектілерінің бірнеше түрі болған жағдайда әр объектіге дербес тіркеу карточкасы беріледі.

Лоторея ұйымдастыру, өткіу және лоторея билеттерін сату қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер лоторея сату басталғанға дейін 10 жұмыс күні ішінде тіркеу есебіне тұруы тиіс.

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру.

Салық төлеуші тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде, өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына салықтық өтініш беруге міндетті.

Тіркеу карточкасы жоғалған(бүлінген) жағдайда оны ауыстыру салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына табыс етілген салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.

Мынадай жағдайларда тіркеу есебінен шығарылады:

1. Салық төлеуші қызметін тоқтатса;

2. Салық объектілері есептен шығарылса;

3. Лицензия мерзімі аяқталса;

4. Салық объектілерін жалға алу келісімінің мерзімі аяқталса





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...