Главная Обратная связь

Дисциплины:






Бақылау-касса машиналарының қолдану тәртібінің сақталуын бақылау



1. Бақылау-касса машинасын қолдануға қойылатын талаптар

2. Бақылау-ксса машинасын есептен шығару

1-сұрақ. ҚР аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде, қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кзінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғалар фискалды жады бар бақылау касса машинасы арқылы жұмыс жасауға міндетті. Мынадай тұлғалардың бақылау-касса машинасының негізінде жұмыс жасау тәртібін қолданбауына болады:

1. Патент негізінде жұмыс жасайтын дара кәсіпкерлер;

2. Арнаулы салық режимі негізінде жұмыс жасайтын шаруа қожалықтары;

3. Дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жеке тұлғалар;

4. Өкілетті органдардың келісімі бойынша көлік саласындағы өкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билет беру арқылы қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тұлғалар.

Бақылау-касса машиналары – тауар өткізу (қызмет көрсету) кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат тіркеу және көрсетуді қамтамасыз ететін фискалды жады, блогы бар, фискалды модульды электрондық құрылғылар және компьютерлік жүйелер.

ҚР аумағында қолданылуы рұқсат етілген фискалды жады бар құрылғылар бақылау- касса машинасының мемлекеттік тізіліміне алынады. Мемлекеттік тізілімде ҚР аумағындағы рұқсат етілген моделдердің тізбесі келтіріледі. Мемлекеттік тізілімге алу бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасымен рәсімделеді. Тіркеу карточкасы – фискалды жады бар, фискалдық белгіге ие салық органдарының пломбасы қойылған және салық органдарында тіркелгенін растайтын есепке алу құжаты.

Фискалды жады – ақпараттың үздіксіз тіркелуін және энергиядан тәуелсіз ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-ақпараттық құралдар кешені.

Фискалды белгі – бақылау-касса машинасының фискалды режимде жұмыс жасайтынын растау дәлелі ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі.

Салық органдарының пломбасы – фискалы жады бар бақылау-касса машинасының корпусын рұқсатсыз ашудан қорғау құралы.



2-сұрақ. Бақылау –касса машиналарын қолдану кезінде мынадац талаптар қойылады:

1. Қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметін бастағанға дейін бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою.

2. Тауар өткізу (қызмет көрсету) үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін және тауар чегін беру.

3. Бақылау-касса машинасына салық органы лауазымды адамының қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Бақылау-касса машинасына техникалық тұрғыдан талаптарға сай болған жағдайда мынадай ережелерді орындауы қамтамасыз етіледі:

1. Салық органдарында міндетті тіркеу есебіне алынуы;

2. Мемлекеттік тізілімге енуі;

3. Техникалық ахауының болмауы;

4. Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша өтініш бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу номерін алу және тіркеу карточкасы негізінде қызмет бастау құқығына ие болу.

Фискалды жады бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшінсалық төлеуші салық органдарына мынадай құжаттар табыс етуі тиіс:

1. Есепке қою туралы өтініш;

2. Бақылау-касса машинасы туралы мәліметтер;

3. Дайындаушы заводтың төл құжаты;

4. Номерленген, тігілген салық төлеушінің қолымен немесе мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабы;

5. Тауар чектерінің кітабы.

Сандық фискалдық жады бар компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық органдарына мынадай құжаттар табыс етеді:

1. Есепке қою туралы салық өтініші;

2. Компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен техникалық сипатының қысқаша нұсқасы;

3. Компьютерлік жүйе моделінің «салық инспекторының жұмыс орны» модулі негізінде жұмыс жасау мүмкіндігі туралы қорытынды;

4. Бақылау-касса машинасының заводтық номері;

5. Қолма-қол ақша есебінің және тауарлар чегінің кітабы.

Бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде салық органы мынадай іс-әрекеттердіжүзеге асырады:

1. салық өтінішінде көрсетілген мәліметтердің ұсынылған мәліметтермен сәйкестігін тексеру.

2. бақылау-касса машинасының заводтық номері мен заводтың төл құжатында көрсетілген номермен сәйкестігін тексеру.

3. қолма-қол ақша есебінің кітабы және тауарлар чегі кітабының дұрыс рәсімделуін тексеру.

4. бақылау-касса машинасына фискалдық режим орнату.

5. бақылау-касса машинасы корпусына салық органдарының пломбасын салу.

6. бақылау-касса машинасына тіркеу карточкасын рәсімдеу.

7. қолма-қол ақша есебі және тауарлар чегі кітаптарының салық қызметкерінің, салық төлеушінің және салық органдары басшысының қолдарының қойылуын және салық органдарының мөрімен бекітілуін қамтамасыз ету.

8. салық төлеушіге мыналарды қайтару:

8.1. фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органдарының пломбасы орналастырылған бақылау-касса машинасы;

8.2. қолма-қол ақша есебі және тауарлар чегі кітаптарын;

8.3. бақылау –касса машинасын дайындаушы заводтың төл құжаты.

Бақылау-касса машинасының тіркеу деректерінде мәліметтер өзгерген жағдайда 5 жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органдарына бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы мен салық өтінішін ұсынады. Нәтижесінде жоғарыдағы аталған қабылданған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өзгерістері енгізілген тіркеу карточкасы қайтарылып беріледі.

Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайда жүргізіледі:

1. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысумен байланысты қызмет тоқтатылса;

2. Бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушінің орналасқан орны өзгерсе;

3. Техикалық ахауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған жағдайда;

4. Бақылау-касса машинасы Республикалық мемлекеттік тізілімнен шығарып тасталса;

5. ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін немесе талап етілетін жағдайда.

Бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық органдарына салық төлеуші мынадай материалдарды ұсынуы тиіс:

- Салық өтініші;

- Салық органдарының пломбасы салынған бақылау-касса машинасы;

- Бақылау-касса машинасын дайындаушы заводтың төл құжаты;

- Қолма-қол ақша есебі, тауарлар чегі кітаптары;

- Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы.

Бақылау-касса машинасын есептен шығару барысынада салық органы мынадай шаралар жүргізеді:

1. Фискалдық есепті алады;

2. Камералдық бақылау жүргізеді;

3. Қолма-қол ақша есебі және тауар чегі кітаптарының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен салыстырады;

4. Қолма-қол ақша есебі және тауарлар чегі кітабының жабылғандығы туралы жазба жүргіеді.

Салық органдары бақылау-касса машинасын қадағалау барысында мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

1. Тіркеу есебіне алу;

2. Қолдану барысын бақылау;

3. Бақылау-касса машинасының фискалды жадындағы деректердің сақталуын қадағалау және оны пайдалану, т.б.

 

Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...