Главная Обратная связь

Дисциплины:






Салықтық бақылау түрлері



Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

Салықтық әкімшіліктендіру нысандары мен түрлерінің ерекшелік белгілері бойынша жіктелуі салықтық бақылаудың сыныпталуын құрайды.

Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

3) акцизделетін тауарларға бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;



3) камералдық бақылау;

4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;

5) салықтық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.

Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Респуб­ли­касының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Рес­публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуімен бай­ланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орын­далмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиісті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

· Салықтық бақылаудың түрлері:

Ø Құжаттық – СҚО-ң салық төлеушінің қаржы шаруашылық нәтижесі, салық есептілігінің жүргізілу барысы салық заңнамасын орындалуы мен сақталуын қадағалау барысында ж.а. салықтық бақылау түрі.

Ø Рейдтік - СҚО-ң бір уақытта аумақтың белгілі бір учаскесінде бірнеше кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілетін тексеру.

Ø Хронометраждық- салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

· Құжаттық тексеру өз алдына 4 түрге бөлінеді:

- Кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.

- Тақырыптық-мынадай мәселелер бойынша жүзеге асады:

1) Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің нақты бір түрі б\ша салық міндеттемесінің орындалуын;

2) Міндетті зейнетақы жарналары мен әл. аударымдардың дұрыс, толық көлемде және уақытылы есептелуі, ұсталуы және аударылуы б\ша міндеттемені тексеру;

3) Трансфеттік баға белгілеу ережесінің сақталуын қам,ету;

4) Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекет тарапынан қадағалау;

5) Сот үкімі негізінде жалған к.о. деп танылған салық төлеушінің операциялары және ол б\ша салық міндеттемелерін айқындау;

6) Халықаралық салық салу келісімінің орындалуын бақылау;

7) Камералдық бақылау нәтижесі б\ша анықталған бұзушылықтарды жою барысын тексеру.

- Қарсы - салық қызметі органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық қызметі органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты тақырыптық, кешенді тексеру жүргізеді.

- Қосымша- СҚО-ң шешімі негізінде мынадай мәселелер б\ша ж.а. бақылау түрі:

1) Екі жақты салық салуды болдырмау мақсатында халықаралық салық салу келісімшарты талаптарының сақталуын бақылау;

2) Салық төлеушінің шағымы немесе жоғарғы тұрған СҚО-на түскен шағымды қарау бойынша;

3) Резидент емес салық төлеушілердің салық өтінімін қарау барысында жүргізілетін тексеру.

Жекелеген салықтық белгілері бойынша салықтық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:

· Жүргізілу мерзіміне байланысты:

-Қысқа:7 күнге дейін;

-Орта: 60 жұмыс күніне дейін;

-Ұзақ: 180 жұмыс күніне дейін;

· Жүзеге асырылу кезеңдеріне байланысты:

-Алдын-ала –бюджеттің қалыптасу кезінде, сонымен қатар салық және салуға қатысты түрлі заң жобалары мен басқа да құқықтық нормативтік сұрақтарды дайындауда ж.а. басты мақсаты- қолданыстағы салық заңнамасына қатысты түрлі қайшылықтардың алдын-алу, жоспарлау кезеңіндегі халықтың заң бұзушылықтарды болдырмау, яғни түрлі қаржылық шар\қ операцияларды салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге дейін жүргізу.

-Ағымдағы –салық салу операцияларына қатысты қаржылық құжаттар мен шар\қ қаржылық операцияларды ж.а. кезеңінде ж.а. бұл бақылаудың мақсаты- түрлі опер\ды ж.а. кезіндегі мүмкін болатынн заң бұзушылықтарды болдырмау, салық және басқа да бюджеттке төленетін міндетті төлемдердің дер кезінде әрі дұрыс төленуін қам.етеді.

-Кейінгі – ол есептік кезеңнің аяқталуы мен басқа да шар\қ опер\ң аяқталуы кезінде ж.а. салықтық бақылаудың бұл формасы с.төлеушінің қардылық шар\қ опер\ды орындаудағы нормалар мен талаптардың орындалуын, бюджетке төленетін салықтың уақытында аударылуын бақылайды.

· Қамтылатын субьетілеріне байланысты:

-шаруашылық жүргізуші субьетілерге

-азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға.

· Жүзеге асырылу жоспарына байланысты:

-жоспарлы - салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны уәкілетті орган жыл сайын бекітіп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;

-жоспардан тыс- салық төлеушінің өтініші негізінде н\е қылмыстық сот ісі (тергеу ісі) н\е жоғары тұрған СҚО-ң шағымы негізінде кезектен тыс жүргізілетін тексеру.

· Салықтық бақылауға қамтылатын объектілеріне байланысты:

-жаппай(кешенді)

-ішінара(тақырыптық)

· Тексеруге қатысатын субъектілеріне байланысты:

-дербес

-кешенді

· Тексерілетін тұлғаның меншік нысанына байланысты:

-мемлекеттік

-жеке

-аралас

· Қолданылатын әдістеріне қарай:

-сандық

-заттық-сандық

-ішінара

· Салық тексері нәтижесі бойынша:

-Жоспарлы

-қосымша

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...