Главная Обратная связь

Дисциплины:






Көтерме және бөлшек бензин саудамен айналысатын салық төлеушілерді тіркеу ерекшеліктері.



Жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеуші тіркеу есебіне қамтылады:

-Авиабензиннен басқа бензин және дизель отындарының бөлшек және көтерме саудаларымен айналысатын тұлғалар;

-Авиабензиннен басқа бензин және дизель отындарын өндірумен айналысатын тұлғалар;

-Этил спирті мен алкогольді өнімдер өндірісі және көтерме саудаларымен айналысатын тұлғалар;

-Темекі өнімдер өндірісі және көтерме саудалармен айналысатын тұлғалар;

-Ойын бизнесі;

-Лотерея өндіру, ұйымдастыру және лотерея билеттерін сату операцияларымен айналысатын тұлғалар;

-Ұтыссыз ойын автоматтары, жеке ойын компьютерлері, бильярд столдары, ойын жолдары қызметтерін жүзеге асыратын салық төлеушілер.

Салық қызметі органына салық өтініші тапсырылған үш жұмыс күн ішінде салық объектілеріне тіркеу карточкалары беріледі.

Тіркеу карточкасы дегеніміз салық объектілерінің салық органдарында тіркеуден өткенін куәландыратын қатаң есептілік бланкісі болып табылады. Салық төлеушілерге жекелеген қызмет түрлері бойынша салық объектілерінің бірнеше түрі болатын жағдайда әр объектіге дербес тіркеу картасы беріледі.

Мына жағдайларда тіркеу есебінен шығарылады:

-Салық төлеуші қызметін тоқтатса;

-Салық объектілері есептен шығарылса;

-Лицензия мерзімі аяқталса;

-Салық объектілерін жалға алу мерзімі аяқталса.

 

Жеке шот ашу үшін қажетті құжаттарды дайындау тәртібі.

Дербес шот дегеніміз салық төлеушінің бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды орындау барысы туралы есепке алу жүргізілетін мәліметтер базасы.

Дербес шот мына кезеңдер аралығында жүзеге асады:

-Дербес шотты ашу;

-Салық міндеттемелерінің орындалу барысы (есептелген, есепке жатқызылған, азайтылған, төленген және кері қайтарылған ақша сомаларын көрсету);

-Дербес шотты жабу.

Дербес шоттағы салық міндеттемелерінің орындалу барысы туралы ақша сомаларының қозғалысы мынадай екі құжатта міндетті түрде көрсетілуі және өзара сәйкес болуы қажет:



-Салық төлеушілердегі салық есептілігінде;

-Салық қызметі органдарының салық нысандарында.

Дербес шоттағы ақша сомаларының көбеюі және азаюы мына себептерге байланысты туындауы мүмкін:

-Камералдық бақылау нәтижесінде;

-Салық тексеруі нәтижесінде;

-Жоғарға тұрған салық органдарының хабарламасы негізінде жүргізілген тексеру нәтижесінде.

Дербес шот бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүргізіледі,

Дербес шот салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органында ашылады. Дребес шоттың ашылған күні салық міндеттемелерінің басталған күні болып есептеледі,

Салық төлеушілердің дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес жер қойнауын пайдалану келісімшартына сай жұмыс жасайтын субъектілерге дербес шотты шетел валютасында жүргізуге рұқсат етілген.

Шетел валютасында дербес шотты жүргізу құқығы бар және жер қойнауын пайдаланушылардың үшінші салық төлеушімен жүргізген операциялары бойынша төленуге тиісті салық сомасы төлем жасалған күнгі белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы негізінде ұлттық валютамен жүргізіледі.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...