Главная Обратная связь

Дисциплины:






Мемлекеттік тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі.



Мемлекеттік деректер базасы – салық төлеушілерді салық есебіне алу барысында жұмыс жасайтын арнайы мамандандырылған ақпараттық жүйе. Оны жүзеге асыруға жауапты тұлға –салық қызмет органы. Мемлекеттік деректер базасының міндеттері:

-Резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғаларды және олардың құрылымдық бөлімшелерін және филаиалдарын салық тіркеу есебіне алу;

-Дара кәсіпкер, жеке адвокаттар мен нотариустарды салық есебіне алу;

-Электрондық салық төлеуші есебін жүргізу;

-Салық объектілері мен оған қатысы бар объектілерді есепке қою және ол бойынша мәліметтерді жүйелі түрде жүргізу;

-Жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою;

-Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер бойынша мәліметтер жүргізу.

Мемлекеттік деректер базасын жүргізу мына кезеңдерден тұрады:

-Салық төлеушілер туралы мәліметті базаға енгізу;

-Деректер базасына жүйелі түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

-Салық төлеушілерді тіркеу есебінен шығару.

Мемлекеттік деректер базасындағы іс-әрекеттер : есепке алу, өзгерістер енгізу, тіркеуден, есептен шығару мына мәліметтер негізінде құжатпне расталған жағдайда жүзеге асады:

-Салық төлеушінің өзі ұсынған мәліметтері;

-Өзге өкілетті мемлекеттік органдармен ақпарат алмасу негізінде алынған мәліметтер негізінде;

-Салық органында тіркелген (тігілген, өткен салық кезеңінің мәліметтері).

Мынадай құжаттарын тапсырған резидент емес заңды тұлғалар ҚР –ғы қызметін жүргізе бастаған күнінен бастап, 30 жұмыс күні ішінде салық тіркеу есебіне тұруы керек:

-Мемлекеттік тіркеу номерін растайтын құжат;

-Инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуін растайтын құжат;

-Салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

Резидент емес жеке тұлға және азаматтығы жоқ адамдар ҚР –да жұмыс жасай бастаған күннен бастап, 30 жұмыс күні ішінде тіркеу есебіне алынуы тиіс:



-Шетелдік және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты;

-Қазақстандық көздерден алынатын табыстардың сомасын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшң\ірмесі;

-Шетелдіктің резидент еліндегі салық тіркеу номері;

-Тіркеу есебіне алу туралы өтініш.

Жоғардағы аталған мәліметтер қабылданған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде Әділет органдарынан сұрау жасалады және Өкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзім аралығында тіркеу куәлігін беру арқылы деректер базасына алынады.

Мынадай жағдайларда салық төлеушішің жеке сәйкестендіру номері мемлекеттік деректер базасынан шығарылады:

-Қайтыс болған жағдайда;

-Басқа мемлекетке тұрғылықты жері ауысқан жағдайда;

-Қызметін толығымен тоқтатқан жағдайда;

-Салық салу объектісі бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда;

-Банк және қаржы операцияларына қатысты іс-әрекеттері толығымен тоқтатылған жағдайда.

Заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, филиалдары тұрақты мекеме арқылы қызмет жасайтын резидент емес заңды тұлғалар деректер базасынан мына жағдайларды шығарылады:

-Тіркеу есебінен шығару туралы өтініш;

-ҚР жер қойнауын пайдалануға байланысты бағалы қағаздарды қатысу үлестерін сату туралы мәліметтер;

-Қызметін тоқтату туралы мәлімет;

-Ағымдағы банк шоттарының жабылуы туралы мәлімет.

Жоғарыдағы аталған мәліметтерді алғаннан кейін салық қызметі органы бір жұмыс күні ішінде Әділет органдарына электрондық хабарлама негізінде сұрау жасайды және оны растайтын жауап алған жағдайда тіркеу есебінен шығарылады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...