Главная Обратная связь

Дисциплины:






Салық қызметі органдарында уақытылы тапсырылмаған салық декларациясы бойынша салық санкциялары.



Салық төлеушінің ҚР заңнамалықактілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі: –

Жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарған, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға – отыз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл әкеп соғады.

Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электронды түрдегі) сондай ақ мониторинг бойынша есептілікті ірі салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген мерзімде табыс есептеуі не оны табыс етуден бас тартуы: -

Лауазымда адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғарыда аталғандарды бір жыл ішінде қайталап жасалған іс әрекеттер (әрекетсіздік) үшін:

Лауазымда адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Салық агентінің шарты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақытылы табыс етпеуі: -

Дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға – он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, ҚРдағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге – отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде ҚРда қызметін тұрақты мекеме, фильиал, өкілдігі арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және тіркелген, ҚРның салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі:-

Жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мәмлелердің мониторингі бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау мақсатында берілетін есептілікті сондай ақ трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу бойынша салық төлеушінің ҚР ның трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген мерзімде салық органына мәмілемердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі:

Лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қырық жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда:-

Лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу шағын немесе орта бизнес субъектілері коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген мерзімде табыс етпеуіне табыс етуден бас тартуы:

Лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы соңғы жоғарыда аталған бір жыл ішінде қайталап жасалған іс әрекеттер (әрекетсіздік) : -

Лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...