Главная Обратная связь

Дисциплины:






Салықтық бақылау нысандары



Салықтық бақылау нысандары:

1. Салық төлеушілерді салық органында тіркеу – мемлекеттік деректер базасы арқылы жүзеге асырылады, мемлекеттік деректер базасы деп салық төлеушілерді салық есебіне алу барысында жұмыс жасайтын арнайы мамандандырылған ақпараттық жүйе. Ол резидент және резидент еместерді салықтық тіркеу есебіне қояды, электронды салық төлеуші есебін жүргізеді, дара кәсіпкерлер, нотариустарды салық есебіне алады, салық объектілері туралы мәліметтерді жүйелі түрде жүргізу, т.б жүзеге асырады.

2. Салықтық нысандарды қабылдау – салықтық әкімшіліктендіруді жүзеге асыру барысында салық қызметі органдары жөнелткен өкілетті органдармен өзара іс әрекетіне қатысауы. Олар банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, статистика, жылжымайтын мүліктерді тіркеу орны,з.т мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу орны, көлік және коммуникация т.б. 3 тәсілмен табыс етіледі: келу тәртібімен, тапсырыс хат почта арқылы, электронды түрде.

3. Камералдық бақылау – салық төлеуші табыс еткен салық есептілігін өкілетті мемлекеттік органның мәліметтерін салық төлеуші туралы басқа да құжаттарын ақпараттарды әзірлеу, талдау негізінде салық қызмет органдарының жүзеге асырылуын салықтық бақылауы.

4. Салық міндеттемелерінің міндетті зейнетақы жарналарының мемлекеттік әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуі мен аударылуы бойынша салық міндеттемесінің орындалуы бойынша бақылау – салық міндеттерінің орындалуын есепке алу дербес шотта (дербес шот деп – салық төлеушінің бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарын орындау барысы туралы есепке алуды жүргізетін мәліметтер базасы) белгіленген тәртіппен және 2 әдіспен (қағаз түрінде және салық төлеушінің жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен) қамтамассыз етіледі.

5. Салықтық зерттеу – салық қызметі органдарының салық берешегін өтеу, салық міндеттемелерінің орындалуынқамтамассыз ету міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде жүзеге асырылуын қамтамассыз ету мақсатында жүзеге асыратын іс шаралар жиынтығы.



6. Ірі салық төлеушілердің мониторингісі дегеніміз – ірі салық төлеушілердің нақты салық салу базасын анықтау, ҚР салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, нарықтық бағаларды қадағалау мақсатында олардың қаржы шаруашылық қызметіне жүргізілетін талдау б.т.

7. салық тексерулері – салық заңына сәйкес салық органдарының орындалуын салық қызметі органдарының бақылауы немесе тексерілетін салық төлеушіні кәсіпкерлік қызметпен байланысты ақпараттары, оған қатысы бар құжаттары және ақпараттары бар адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру.

8. Бақылау касса машинасын қолдану тәртібінің сақталуын қадағалау – тауар өкізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеу және көрсетуді қамтамассыз ететін фискалды жады бар фискалды модульді электронды құрылғылардың және компьютерлік жүйелерді қадағалау

9. Акцизделетін тауарларға салықтық бақылау – акциздік таңбалар мен таңбалану тәртібінің сақталуын бақылау, акциздік постта белгілеу, таңбалау тәртібі бойынша жауапкершіліктің орындалуын қадағалау б.т

10. Салық қызметі органдары мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.

11. Мемлекет меншігіне алынған (алынуға тиісті) мүлікті бағалау, есепке алу, сақтау, одан әрі пайдалану, өткізу және өткізуден түскен түсімнің бюджетке аударылуын қадағалау бойынша тәртіптің сақталуын бақылау. 1.Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 2. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

12. Өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметіне бақылау жасау. Салық кодексіндебелгіленген тәртіппен мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтардың және жер салығының, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметін бақылауды жүзеге асырады. Салық қызметі органдарының уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тексеруді тағайындау туралы шешімі уәкілетті органдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

55.152.220.Салық салу объектілері мен оған қатысы бар объектілерді есепке алу барысында салық қызметі органының өзге өкілетті органмен өзара байланысыСалық қызметі органдары:

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;

3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;

4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жібереді.

Салық қызметі органы тағы мынадай уәкілетті органдармен өзара іс әрекетте болады:

· Статистика

· Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орны

· Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, лицензия беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

· Азаматтық хал актілерін тіркеу орны

· Көлік және комуникация, нотариалды қызмет және көшу қону сыртқы сачси қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекетік органдар

 

Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық қызметі органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай:

1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақшасы және оның қозғалысы туралы көшірме жазбаларын;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырып тексеруге жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы;

4) салық төлеуші (салық агенті) тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған тұлғаларға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы;

6) салық қызметі органдары салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын, тексеру жүргізілетін салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) зерттеп-тексеру және (немесе) түгендеу кезінде алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...