Главная Обратная связь

Дисциплины:






Камералдық бақылау



Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау салық қызметі органдарындағы салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерімен, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі бойынша деректермен өзара салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтежісінде, заң бұзушылақтар н\е ауытқушыл\р ан\ған жағд. м\й кезеңдерден тұратын іс\әрекет жүз. асырады:

1. Анықталған кемшілігі (заң бұзуылықты) дербес жоюы үшін (яғни өзі) салық қызметі органы салық төлеушіге заң бұзушылықты жою тур хабарлама жіберіледі.

2. Алынған хабарлама негізінде салық төлеуші 30 жұмыс күні ішінде хабарлама талаптарын ор\ды.

3. Атқарылған жұмыс\р тур есеп ж\е салық есептілігі ұсынылыды (келіскен жағд хабарлама көрс жағд) хабарлама талаптармен келіспеген жағд келіспеуге негіз болғ құжаттарды дәлел ретінде ұс ына отырып, жазбаша түсініктемені салық органына табыс етеді.

4. 30 жұмыс күні ішінде салық қызметі органы, салық төлеушінің банк шоттар\ғы шығыс опер\н тоқтату тур үкім шығарады ж\е оны тиісті орындарға хабарлайды.

5. 3 ж\е 4 тармақтар нәтижелері б\ша салық қызметі орган\ы камералды бақылау нәтижесін қорыт\ды, белгілеген нысанда камералдық бақылау нәтижесі тур қорытындыны жас\ған күн камер\қ бақылау аяқталған күн деп есепт\ді.

 

60.153.160. Қосылған құнға салынатын салық б\ша салық төлеушілерді есептен шығару тәртібі:

Мынадай жағдайда тіркеу есебінен шығарылады:



1. Салық төлеушінің өтініші негізінде;

2. Сот шешімі негізінде;

3. Соңғы 6 ай мерзім аралығында ҚҚС б\ша салық есептілігін тапсырмаған жағдайда;

4. Өкілетті орган шешімі негізінде жалған кәсіпорын деп танылса;

5. Салық төлеуші қызметін тоқтатса;

6. Бірігу, қосылу жолы арқылы заңды тұлға қайта ұйымдастырылса;

Мынадай жағдайда тіркеу есебінен шығару үшін қажет құжаттар:

1. Тіркеу куәлігі;

2. ҚҚС б/ша тарату декларациясы;

Тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарғаннан кейін, 1 жұмыс күні ішінде ол туралы ақпарат өкілетті органның сйтында орналастырылады.

. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37-43-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;

2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – қайта пайда болған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғаларды, қосылған заңды тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тастаған күннен бастап;

3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті берген немесе ол жоғалған не бүлінген жағдайда қағазда жазылған түсініктеме табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.

8. Қосылған құн салығын төлеушіні банкроттық себебі бойынша таратқан кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.

9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңге қосылған құн салығын төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.

Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне дейін тоқтатыла тұрады.

11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...