Главная Обратная связь

Дисциплины:






Салық тексеруінің жүргізілу кезеңділігі.



Салық тексеру түрлері мен оның жүргізілу типтері нұсқама негізінде жүзеге асырылады. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Салық қызметі органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;

дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына;

салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық салықтық тексеру жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жүргізілген салықтық тексеру туралы хабарламаны жібереді немесе тапсырады.

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады. Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген күн салықтық тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамдары салық төлеушіге (салық агентіне) өзінің қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.



Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамы салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.

Салық төлеуші салық қызметі органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық қызметі органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады.

Салықтық тексеру аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісін жасайды.

Салық төлеушіге салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. Егер салық төлеуші оны алғаны туралы белгі қойса, акт тапсырылды деп есептеледі.

Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнмасының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасалады.

Салықтық тексеру аяқталған соң салық қызметі органы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады.

Салықтық тексеру қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жағдайда, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған салық төлеушіні салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлама осындай қылмыстық іс аяқталған соң шығарылады.

Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші онымен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған салық органына шағым түсіруге құқылы.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...