Главная Обратная связь

Дисциплины:






жатты тексеру , өткізу тәртібі мен мерзімі.



Құжатты тексеру - салық қызметі органдарының салық төлеушінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, салық есептілігінің жүргізу барысы, салық заңнамасын орындауы мен сақталуын қадағалау барысында жүзеге асырылатын салықтық бақылау түрі.

Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.

2) тақырыптық тексеру – мыналадай мәселелер боынша жүзеге асырылады:

а) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы тексеру;

б) міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі боынша міндеттемені тексеру;

в) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

г) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығын тексеру;

д) соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау.

3. қарсы тексеру - салық қызметі органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық қызметі органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты тақырыптық, кешенді тексеру жүргізеді

1. Салықтық тексеру жүргізуге мынадай деректемелерді:

1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;



2) нұсқама шығарған салық органының атауын;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

4) сәйкестендіру нөмірін;

5) тексеру түрін;

6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);

7) тексеру жүргізілетін мерзімді;

8) тексерілетін салық кезеңін (құжаттық тексерулер кезінде) қамтитын нұсқама негіз болып табылады.

 

Құжаттық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру түріне қарай тексеруге жататын:

1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі туралы;

2) міндетті зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;

3) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген міндеттерді орындауы;

4) трансферттік баға белгілеу;

5) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

6) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;

7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке алмауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдамауы;

8) соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

9) сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырыл­ған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

10) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерінің қолданылу заңдылығы;

11) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

12) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілерінің және сатып алушыларының арасындағы есеп айырысуларды растау мәселелері көрсетіледі.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...