Главная Обратная связь

Дисциплины:






Таңбалауға тиісті акцизделетін тауарлар.



Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілердің, импорттаушылардың, банкрот мүлкін (активтерін) өткізуші конкурстық және оңалтушы басқарушылардың борышкердің мүлкін өткізген кезде осы заңда айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауы бөлігінде акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

Мына акцизделетін тауарлар таңбалануға тиісті:

1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкогольді өнім есепке алу-бақылау.

2. темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.

Таңбалауды акцизделетін тауарлар өндірушілер мен импорттаушылар, конкурстық және оңалтушы басқарушылар борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде жүзеге асырады.

Таңбалауға жатпайтын акцизделетін тауарлар.

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;

2) Қазақстан Республикасы аумағына «бажсыз сауда дүкені», «кеден қоймасы» кедендік режимдерінде әкелінетін;

3) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелу» және «тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкету» кедендік режимдерінде жекелеген даналары жарнама және (немесе) көрсету мақсатында әкелінетін;

4) «тауарлар транзиті» кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткізілетін;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген акциздік әкелу нормалары шегінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдары акциздік таңбалармен міндетті таңбалануға жатпайды.

Көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау екі жылда бір реттен аспайтындай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін уәкілетті орган бекітеді.



 

Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингін жүргізу үшін қажетті қаржы есептілігінің нысандары.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.

Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтерлік баланс;

4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;

5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

6) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;

7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтертерлік баланс;

4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;

5) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) сақтандыру қызметі туралы есеп;

2) бухгалтерлік баланс;

3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.

Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) зейнетақы активтері бойынша есеп;

2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;

3) бухгалтерлік баланс;

4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.

Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табы­ла­ды

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...