Главная Обратная связь

Дисциплины:






Кешенді және тақырыптық салықтық тексерулері



Салықтық тексеру – салық қызметі органдары:

- Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;

- тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттары, ақпараттары бар адамдарды;

- салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.

Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтік тексеру;

3) хронометраждық зерттеп-тексеру.

Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.

Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 37, 40 - 42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;

2) тақырыптық тексеру - мыналар:

салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;

міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі;



банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;

трансферттік баға белгілеу;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;

соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;

халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;

салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындамауы мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.

Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді;

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...