Главная Обратная связь

Дисциплины:






Салық қарыздарын мәжбүрлеп өндіру шаралары.



Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты қолданылмайды.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлар шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.

Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомаларын төлемеген кезде осы бапта көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде хабарландырусыз қолданылады.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешектерін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда салық органы салық берешегін өтеу үшін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

 

Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен

Ндіріп алу

 

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.



Осы ережелер Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.

 

Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi

сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп

алу

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi (салық агенті) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi.

Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.

Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегiн өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуы туралы хабарлама жiбередi.

Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс етуге мiндеттi.

Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.

Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсiн ұсынбайды.

Салық төлеушi (салық агенті) салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды.

Салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:

1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;

2) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;

3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;

4) дебитордың салық төлеушiнің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;

5) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;

6) салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.

Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi дебитордың банк шоттарына шығарады.

Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.

 

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі

шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі

есебіне өндіріп алу

 

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

 

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық

төлеуші (салық агенті) акционерлiк қоғамның

жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

 

салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

 

88.120.214.232 Салық төлеуші шағымының нысаны мен мазмұны.Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық қызметінің жоғары тұрған органына беріледі.

Бұл ретте шағым көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуге тиіс. белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі. Шағымда:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күні;

2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

Шағымға:

1) акті мен хабарламаның көшірмелері;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

Жоғары тұрған салық қызметінің органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; 3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен немесе салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.


89.208. Жеке тұлғалардың салықтары мен басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылау.Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізуі:

дербес шотты ашуды;

кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;

дербес шотты жабуды қамтиды.

Дербес шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.

Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету күнін, іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарында есептелген, кемітілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;

2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы:

3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы

хабарламалардың негізінде жүргізіледі.

жеке тұлғаның дербес шоты жабу:

салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;

қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.

Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.

90.209. Бюджетке артық сомада төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің есепке жатқызылуы және қайтарылу тәртібі.Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

Кодексте өзгеше көзделмесе, салықтың, төлемақының және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші бойынша, және Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады. Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызуды салық төлеушінің артық төленген сома есептелген дербес шоты бойынша салық органы ұлттық валютада жүргізеді.

Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомалары, кодексте өзгеше көрсетілмесе, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмайды.

Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын салықтардың, төлемақылардың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу, салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оларды ұсынылғанға дейін осы салық бойынша артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді. Салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:

есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;

өтініш болмағанда жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

Салық органы салықтың, төлемақының артық төленген сомасын есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген салықтың, төлемақының артық төленген сомасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда есепке жатқызу күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, өсімпұлдың сомасын есепке жатқызу үшін белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қате сомалар бойынша салықтық өтініш);

2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – банк өтініші) бойынша;

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін– қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.

Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы баптағыдан өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.

Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.

Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының қорытындысы негізінде салық берешегі болмаған кезде ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі. Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтару

көзделген шарттар орындалған кезде

есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін

қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығын қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша жүргізіледі.

қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуі салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруға қорытынды жасау күніне және кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген, бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген декларацияда салық кезеңінің соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиіс

Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша

қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.

Салық органы қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есебіне жазады. Мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.

 

91.206 Салық төлеушінің шағымын қарау және оның нәтижесі.Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі. Шағымда:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күні;

2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

Шағымға:

1) акті мен хабарламаның көшірмелері;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

Жоғары тұрған салық қызметінің органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; 3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен немесе салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.

тұрған салық қызметі органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарылады. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.

Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;

2) осындай органдар мен заңды тұлғалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;

4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық қызметі органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша түсініктеме сұратуға құқылы. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді немесе тапсырады, ал көшірмесін салықтық тексеру жүргізген салық органына жібереді.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметі органы мына шешімдердің бірін шығарады:

1) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.

Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және

белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

 

92. Жеке тұлғалардың салық қызметі органдарына тапсыруға тиісті салық есептіліктерінің нысандары.Салық нысандары=салық есептілігі + салық өтініші + салық тіркелімі. Салық есептілігі дегеніміз салық төлеушінің белгіленген тәртіпке сай салық төлеуші туралы салық салу объектілер мен оған қатысты операциялары туралы, салық міндеттемелерінің орындалу барысы туралы мәліметтері көрсетілген салық қызметі органына тапсыратын белгіленген нысандағы құжат. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөніндегі есептілікті қамтиды. Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

3) қосымша есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

4) хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

5) тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі. Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.

Салықтық өтініш – осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық қызметі органына табыс ететін құжаты.

Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықтық өтінішті тиісті салық қызметі органдарына таңдауы бойынша:

1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;

3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.

Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

1) тіркелімнің атауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

3) тіркелім жасалған кезең;

4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

 

94.213. Салық қызметі органдарының қызметін шағымдану тәртібі. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық қызметінің жоғары тұрған органына беріледі.

Бұл ретте шағым көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуге тиіс.

белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық қызметінің жоғары тұрған органына беріледі.

Бұл ретте шағым көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізген салық органына жіберуге тиіс. белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі. Шағымда:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күні;

2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

Шағымға:

1) акті мен хабарламаның көшірмелері;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

Жоғары тұрған салық қызметінің органы:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; 3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым келіп түскен немесе салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.

Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.

Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...