Главная Обратная связь

Дисциплины:






Іске қосылған салық салу объектілерін есепке алу барысында қажетті құжаттарды дайындау тәртібі.



Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты обектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қояды. Меншік , тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және салық салу байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу обектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы. Меншік , тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілері бар Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер мұндай құқық туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш беруге міндетті. Салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілетін салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектісінің иелігін не оны пайдалануын растайтын және салық салу объектісін және салық салуға байланысты объектіге билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.



Меншік құқығы тұрақты пайдалану немесе уақытша иелену сенімгерлік басқару құқығындағы салық салу объектілері мен оған қатысы бар объектілерді меншік құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсыру арқылы тіркеу есебіне алынуы тиіс.

1. Салық өтініші

2. Меншік құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Мынадай жағдайларда салық салу объектілері мен оған қатысы бар объектілер тіркеу есебінен шығарылады:

1. Меншік құқығы өзгерсе (сату, жалға беру, уақытша пайдалануға беру)

2. Меншік құқығының тоқтатылуы

Салық төлеуші қандай да бір салық мерзімі аралығында іс-әрекетін тоқтатса күнтізбелік 1 жыл аралығында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерін, оларға қатысты салық есептемесін тапсырмаса патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап 2 жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дарам кәсіпкер мен заңды тұлғалар танылады.

44.138..Салық төлеушінің жеке шотын ашу және жүргізу тәртібі.

Дербес шот- салық төлеушінің бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды орындау барысы туралы есепке алу жүргізілетін мәліметтер базасы. Салық төлеушінің дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру номері бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі. Салық төлеушінің дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағғы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.

Дербес шот мынадай кезеңдер аралығында жүзеге асырылады:

1.Дербес шот ашу

2.Салық міндеттемесі орындалу барысы туралы ақша сомаларын көрсету.

3. Дербес шот жабу

Дербес шоттағы салық мінднттемесінің орындалу барысы ақша сомаларының қозғалысы мынадай 2 құжатта міндетті көрсетілуі және өзара сәйкес болуы қажет:

1. Салық төлеушідегі салық есептілігінде

2. Салық қызметі органындағы салық нысандарында

Дербес шоттағы ақша сомаларының көбеюі немесе азаюы мынадай себептерге байланысты туындауы мүмкін

1. камералдық бақылу нәтижесінде

2. салық тексеру нәтижесінде

3. жоғары турған салық органының хабарламасы негізінде жұргізілген текскру нәтижесінде.

Дербес шот салық төлнушінің тіркелген жері бойынша салық органында ашылады. Дербес шоттың ашылған күні салық төлеушінің салық міндеттемесінің басталған күні болып табылады. Салық төлеушінің дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі. ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес жер қойнауын пайдалану келісімшартына сай жұмыс жасайтын субъектілерге дербес шотты шетел валютасында жүргізуге рұқсат етілген. Шетел валютасында дербес шотты жүргізу құқығы бар жер қойнауын пайдаланушының 3-салық төлеушімен жүргізген операциялар бойынша төленуге тиісті салық сомасы төлем жасалған күнгі белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы негізінде ұлттық валютада жүргізіледі.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...