Главная Обратная связь

Дисциплины:






Реттеу заңдылығы дегеніміз не?



Реттеуіштердің негізгі міндеті-реттелетін шаманың нақты мәндері мен жоспарланған мәндердің арасындағы ауытқуға пропорционал, реттеуші ықпалды тудыру болып табылады.

Реттеу заңдары бойынша реттеуіштер пропорционалдық (П-реттеуіш), интегралдық (И-реттеуіш), пропорционалдық – интегралдық (ПИ-реттеуіш), пропорционалдық- дифференциалдық (ПД-реттеуіш) және пропорционалдық – интегралдық- дифференциалдық (ПИД-реттеуіш) болып бөлінеді.

П-реттеуші (статикалық реттеуіш)- бұл реттеуіштерде реттеу ықпалдары мен қателік сигналдары арасында пропорционалдық тәуелділік болады.

Реттеу заңдылығы:

; мұндағы

–реттеуіштің беріліс коэффициенті.

Реттеуіштің беріліс функциясы:

Пропорционалдық реттеуіштерді статикалық деп те атайды, өйткені олар әрдайым статикалық қатемен жұмыс істейді. Тура әрекетті реттеуіштерде пропорционалдық заңын жүзеге асыру үшін кәдімгі күшейткіш құрылғылар, ал жанама әрекетті реттеуіштерде- қатаң кері байланыс құрылғылары (күшейткіш буын) пайдаланылады. Сондықтан жанама әрекетті П-реттеуіштерді қатаң кері байланысты реттеуіштер деп те атайды.

Суретте нақты П-реттеуіштің құрылымдық схемасы көрсетілген

П-реттеуіштің өтпелі сипаттамасы

Кемшілігі: реттеуіштер әрдайым статикалық қатемен жұмыс істейді.

И-реттеуші(астатикалық реттеуіш)- бұл реттеуіштерде реттеу ықпалының жылдамдығы қателік сигналына пропорционал болып келеді.

Реттеу заңдылығы: мұндағы: Тu-интегралдық уақыт тұрақтысы

немесе

яғни реттеуші органның (РО) жылжу шапшандығы х-ке пропорционал. Демек, әлі х ауытқуы бар болғанда РО ешқашан тоқтамайды. Бұл статикалық қателіктің жоқ болғаны дегенді білдіреді. П-реттеуіштермен салыстырғанда И-реттеуіштің артықшылығы, оларда статикалық қате болмайды. Бірақ П-реттеуіштің динамикалық қасиеті И-реттеуіштікінен жақсы, өйткені онда кірісиік сигнал өзгерісін лезде қабылдайды. И-реттеуіштерді тағайындалған режимде АРЖ жұмысының дәлдігін арттыру мақсатында пайдаланады. И-реттеуіштің құрылымдық схемасы



Реттеуіштің беріліс функциясы:





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...