Главная Обратная связь

Дисциплины:






Нүктелік ақаулар.



Металлдардын кристаллдық кұрылымы, Кристаллдық тордын түрлері.

Кристалдық тор - бұл түйіндерінде бөлшектер орналасқан кеңістік тор. Элементар ұяшық - минималды атом санының көлем элементі.

Элементар ұяшық кристалл құрылысының ерекшеліктерін сипаттайды.Кристалдың негізгі

параметрлері: элементар ұяшықтың қабырғаларының өлшемі, а, b, с – атомдар центрлерінің арасындағы қашықтық. ось арасындағы бұрыш (α, β, γ) координациялық сан тордағы кез-келген атомнан жақын маңда, бірдей қашықтықта орналасқан атомдар санын көрсетеді тордың бір элементар ұяшығына келетін атом саны -тор негізі кристалдық тордағы атомның орналасуының тығыздығы.Ол атом орналасқан көлем мен ұяшық көлеміне қатынасымен анықталады.( Көлемдік кубтық центрілген үшін-0,68.

Қырлық кубтық центрілген үшін – 0,74 ) Кристалдық ұяшықтарды француз ғалымы О.Браве жіктеді.Соған байланысты «Браве ұяшығы» деген атау иемденді. Кристалдық денелер үшін 14 ұяшық түрі бар.Олар 4 типке

бөлінеді: ●қарапайым – тор түйіндері элементар ұяшықтың төбелерімен сәйкес келеді ●негіздік центрілген – атомдар ұяшықтың төбелерінде және қарама-қарсы 2 орнында орналасады. ●көлемдік центрілген – атомдар ұяшықтың төбелері мен центрлерінде орналасады ●қырлық центрілген – атомдар ұяшықтың төбелерінде және 6 қырының центрлерінде

орналасады Кристалдық тордың негізгі типтері:

1.Көлемдік кубтық центрілген (ОЦК)(1.2а сур), атомдар кубтың төбелері мен центрлерінде орналасады (V, W, Ti, )

2.Қырлық кубтық центрілген (ГЦК) (1.2 б сур),атомдар кубтың төбелері мен әр 6 қырдың центрінде орналасады.(Ag, Au, )

3.Гексагональдық, оның негізінде алты бұрыш жатыр: қарапайым – атомдар ұяшықтың төбелерінде және 2 негіздемелерінің центрлерінде орналасады (графит түріндегі көміртегі) тығыз орналасқан (ГПУ) – ортаңғы жазықтықта уш қосымша атом болады.




Нақты металлдардын кұрылымы. Кристаллдық тордын ақаулары.

Қарапайым жағдайда алынған металдар мен қорытпалар көптеген кристалдардан тұрады, яғни поликристалдық құрылысқа ие болады. Бұл кристалдар дән деп аталады. Олар белгілі бір пішінде болмайды және кеңістікте әртүрлі бағытта орналасқан. Әр дән өзінің кристалдық

тордағы бағыты мен бағдарына ие болып, соның әсерінен нақты металдың құрылымы орталанады және анизотропия құбылысы байқалмайды.

Нақты металдардың кристалдық торларында атомдардың арасындағы байланысты бұзатын және металдардың құрамына әсер ететін әртүрлі ақаулар (жетілмегендер) болады.Құрылымдық жетілмегендер келесідей бөлінеді:

●нүктелік – барлық үш өлшемде де кіші

●сызықтық – барлық екі өлшемде де кіші және үшіншіде қанша болмасын созылады

●беттік – бір өлшемде кіші.

Нүктелік ақаулар.

Кристалдық құрылымның көп тараған жетілмегендіктердің бірі – нүктелік ақаулар. Олар: вакансия, дислокацияланған атомдар, қоспалар Вакансия (бос орын) – әртүрлі жағдайлардан пайда болған кристалдық тордың түйіндерінде атомдардың болмауы. Атомдардың беткі қабаттан қоршаған ортаға немесе тордың түйіндерінен бетіне өтуінен пайда болады (дән шекарасы, жарықшақтар т.б). Пластикалық деформацияның әсерінен денелерді жоғары энергиялы атомдармен немесе ұсақ бөлшектермен бомбалағанда пайда болады(циклотронда сәулелендіру немесе ядролық

реакторда нейтрондық сәулелендіру). Вакансия коцентрациясы белгілі дәреже де денелердің температурасымен анықталады.Кристалда орналаса отырып, жалғыз вакансиялар кездесуімүмкін және дивакансияға бірігеді.Көп вакансиялардың жиналуы бос қуыс пен бос жердің

пайда болуына әкеп соғады. Дислокацияланған атом – бұл тордың түйіндерінен шығатын және түйіндердің арасында орналасқан атом. Вакансияға қарағанда дислокацияланған атомның концентрациясы аз. Себебі, оның түзілуіне көп энергия қажет. Орын ауыстырған атомдардың орнында вакансия түзіледі.

Сызықтық ақаулар

Дислокация сызықтық ақаулардың негізгісі болып табылады.Металдың практикалық және теориялық беріктіктің айырмашылығын түсіндіру үшін 1934 жылы Орован және Тендер крис-талдық материалдардың пластикалық деформациясын зерттеді.

Дислокация – бұл сызық түріндегі, алыс және жақын орналасқан атомдардың дұрыс емес орналасуынан болған кристалдық құрылымдағы ақаулар. Дислокацияның қарапайым түрі – аймақтық (краевые) және бұрандалы (винттік) Аймақтық дислокация дегеніміз, кристалл ішіндегі «керексіз» жартылай жазықтықтың үзілуі





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...