Главная Обратная связь

Дисциплины:






атты күйінде ерігіштік шексіз компонентердін құймалардын күй диаграммасы.



Алынған диаграммаға талдау жасайық:

1.Компонент саны К = 2 ( А және В компоненттері)

2.Фаза саны ƒ = 2 ( сұйық фаза L, қатты ерітінді кристалдары α)

3.Диаграмманың негізгі сызықтары:

• асв- ликвидус сызығы, бұл сызықтан жоғары орналасқан қорытпалар сұйық күйде болады.

•аdв- солидус сызығы, бұл сызықтан төмен, орналасқан қорытпалар қатты күйде болады.

4. Жүйенің мінездемелік қорытпалары: А және В таза компоненттері тұрақты температурада кристалданады, В компонентінің

салқындау қисығы 5.1.(б)суретте көрсетілген. 1-ші қорытпаның криталдануы: 1- нүктеге дейін қорытпа сұйық күйінде салқындайды. 1

нүктеге сәйкес температурада α қатты ерітіндісінің кристалдану ортасы пайда болады, салқындау қисығында сызықтың майысқандығын көруге болады (критикалық нүкте) ,ол кристалдануда жасырын жылудың бөлінуінен салқындау жылдамдығының төмендеуімен түсіндіріледі. 1-2 учаскіде төменгі температурада кристалдану жүреді, қомпонентті жүйедегі фаза ереже бойынша екі фазалы жүйеде (сұйық және қатты ерітінді кристалл α), (с = 2-

2+1=1) с =1 бірге тең болады. 2-нүктеге сәйкес температуралы алсақ, одан әрі қорытпа қатты күйге қалады, температураны төмендеткен сайн қорытпа қатты күйде салқындайды, және оның құрамы қатты ерітіндісінің (α) біркелкі кристалынан құралады. Қорытпаның құрылысты-фазалық анализі Күй диаграммасын пайдалану арқылы кез-келген қорытпаға, кез-келген температурада фаза санын тауып қана қоймай, оның құрамы мен сандық ара қатынасын табуға болады. Ол үшін "кесінді ережесін" қолданылады. Қорытпаның құрылысты фазалық анализін жасау үшін белгіленген нүктеден бастап канодаға көлбеуді жақын орналасқан сызыққа (ликвидус,

солидус, компонент осі) жүргізеді.

а) m- нүктедегі фаза құрамын анықтау:

Оны анықтау үшін m нүктесі арқылы жақын орналасқан сызыққа (ликвидус, солидус) көлбеу жүргізіледі. Сұйық фазаның құрамы көлбеудің қиылысу нүктесі проекциясының ликвидус сызығымен р анықталады. Қатты фазаның құрамы көлбеудің қиылысу нүктесі проекциясының солидус q



анықталады. Сұйық фазаның құрамы-ликвидус сызығымен, ал қатты фазаның құрамы-солидус сызығымен өзгереді. Температураның төмендеуімен фаза құрамы В компонентінің құрамының аз жағына

өзгереді.

б) Берілген температурадағы қатты және сұйық фазаның сандық ара қатынасын табу (m-нүктесінде): Фазаның сандық массасы жүргізілген каноданың қисығына кері пропорционал. m – нүктесі арқылы жүргізілген канода мен қиманы қарастырайық. Барлық қорытпаның мөлшері (Qқор) рq қимасымен анықталады. рm ликвидус сызығына жанасқан қиманы, қатты фазаның санын анықтайды: Qқат =Qтв =pm/pq*100% mq солидус сызығына жанасқан қиманы сұйық фазаның саны анықтайды: Qсұй ==pm/pq*100%





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...