Главная Обратная связь

Дисциплины:






атты күйінде ерігіштігі жоқ компонентердін құймалардын күй диаграммасы.



Жүйедегі ұқсас қорытпаның күй диаграммасы мен салқындау қисығы 5.3-суретте көрсетілген

1.Компонент саны К = 2 (А және В компоненті)

2.Фаза саны ƒ = 3 (А компонент кристалы, В компонент кристалы, сұйық фаза)

3.Диаграмманың негізгі сызықтары:

асв-ликвидус сызығы, бір нүктеде кездесетін екі тармақтан тұрады.

есƒ - солидус сызығы, концентрация осіне паралель

4.Жүйенің ұқсас қорытпалары:

а)Таза компонеттер тұрақты температурада кристалданады 5.3.(б) суретте А

компонентінің салқындау қисығы көрсетілген.

б) Эвтектикалық қорытпа – Ι қорытпаның (5.3.б) компонентінің көшірмесіне сәйкес келетін қорытпа. Эвтектика - әртекті кристалдың ұсақ дисперсті, механикалық қоспасы, тұрақты және жүйедегі ең төменгі температурада кристалданады. Механикалық қоспаның қорытпасында эвтектика А және В компоненттерінен тұрады. (кр.А + кр.В) Эвтектикалық қорытпаның кристалдану үрдісі: Ι нүктеге дейін қорытпа сұйық күйінде салқындайды. Ι нүктеге сәйкес температурада екі әртекті копоненттің бір уақытта кристалдануы басталады. Салқындау қисығында температурлық кідіріс байқалады, яғни екі компонентті жүйедегі үш фаза туралы ереже

бойынша үрдіс тұрақты температурада жүреді (сұйық және А,В кристалдары), еркіндік дәрежесі 0-ге тең болады. (с = 2-3+1=0)

Ι нүктеде кристалдану үрдісі аяқталады. Ι нүктеден төменрек әртекті дисперсті А және В компонентінің кристалынан тұратын қорытпа салқындайды.

в) Жүйенің басқа қорытпалары ΙΙ қорытпаға сәйкес; қорытпаның салқындау қисығын 5.3.б суреттен көруге болады. ΙΙ қорытпаның кристалдану үрдісі: Ι нүктеге дейін қорытпа сұйық күйде салқындайды. Ι нүктеге сәйкес температурада артық В компоненттің кристалдану орталығы пайда бола

бастайды. Салқындау қисығында майысу сызығы көрінеді (критикалық нүкте), ол кристалдануда жасырын жылудың бөлінуінен салқындау жылдамдығының төмендеуімен түсіндіріледі. 1-2 учаскіде төменгі температурада кристалдану жүреді, компоненті жүйедегі фаза ережесі бойынша екі фазалы жүйеде (сұйық және В компонентінің кристалы) с = 2 2+1=1 тең болады. Салқындау кезінде сұйық фазаның құрамы ликвидус сызығы бойынша эвтектикалыққа дейін өзгереді. 2-2′ учаскіде эвтектика кристалданады, (эвтектикалық қорытпаның кристалдануын қара). 2 нүктеден төмен алғаш кристалданған артық В компоненттен және эвтектикадан тұратын қорытпа салқындайды. 5.Сандық құрылымдық-фазалық талдау кезінде берілген нүктеден өткен канода компонент осінің ликвидус сызығын қияды, сондықтан қатты фазаның құрамы: 100% А компоненті, не 100% В компоненті болады.




 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...