Главная Обратная связь

Дисциплины:






Күй диаграммасы түрі және құйманын қасиеттеріменбайланысы.



Диаграмма түрі мен қорытпа қасиеті қандай қосылыс және қандай фаза түзетініне

байланысты болғандықтан олардың арасында белгілі бір тәуелділік болу керек. Бұл

тәуелділік Курнаковпен орнатылған,

а) Механикалық қоспа түзелгенде қасиеттері сызықтық заңдылықпен өзгереді. Қорытпа қасиеттері мінездемесінің мәні таза компонент мінездемелерінің интервалы аралығындаболады.

б) Шексіз ерігіш қатты ерітінді түзелгенде қорытпаның қасиеттері қисық сызық бойынша өзгереді, сонымен қатар, электркедергілігі сияқты қасиеттері компонент қасиеттерінен өзгеше болуы мүмкін.

в) Шектеулі ерігіштікті қатты ерітінді түзелсе, концентрация интервалында қорытпа

қасиеттері, бір фазалы қатты ерітіндіге сәйкес қисық сызық бойынша, ал екі фазалы аймақта – сызықтық заңдылықпен өзгереді. Түзеудің бойындағы шеткі нүктелері, осы қоспаны құрайтын аса қаныққан таза фазаның қасиеттері болып табылады.

г) Химиялық қосылыстар түзелгенде химиялық қосылыстар концентрациясы қисықтың максимумы болып табылады. Химиялық қосылыстың иілу нүктесі сингулярлы нүкте деп аталады.
20.Үш компонентті жүйелердін күй диаграммасы

Темір көміртекті күйде келесідей фазалар болады: сұйық фаза, феррит, аустенит, цементит.

Сұйық фаза – сұйық күйінде темір көміртегімен кез –келген пропорцияда әрекеттесіп,біркелкі сұйық фаза түзеді.

Феррит – көміртектің темірге енгізілген қатты ерітіндісі.

Ферриттің өзгергіш шекті ерігіштік бар: минимальды 0,006 % бөлме температурасында (Q нүктесі), максимальды -0,02% 7270 С температурада (Р нүктесі) көміртегі тор ақауларында орналасады. 1392 C температурадан жоғары болса, жоғары температуралық феррит деп аталады. Ферритің қасиеті темірдің қасиетіне жақын болып келеді. Ол жұмсақ (қаттылығы 130НВ, беріктік шегі 300МПА) және майысқақ (салыстырмалы ұзаруы -5-30%). 7680С дейін магнитті.



Аустенит (А) (С) – көміртектің γ темірге енгізетін қатты ерітіндісі.

Көміртек қырлық центрленген кубтық тордың ортасында орналасады.

Аустениттің өзгергіш шекті ерігіштігі: минимальды – 0,8%, 7270С температурада (S нүктесінде) минимальды,максимальды 11470 С температурада 2,14% (Е нүктесі) Аустениттің қаттылығы 200...250 НВ, пластикалығы (салыстырмалы ұзарады – 5-40%,50%),

Цементит – мінездемесі жоғарыда берілген.

Темір көміртекті қорытпаларда келесідей фазалар бар: I реттік цементит(Ц1), IІ реттік цементит (Ц11), ІІІ реттік цементит (Ц111). Бұл фазалардың химиялық физикалық қасиеттері бірдей.

І реттік цементит сұйық фазадан ірі пластикалы кристалдар түрінде бөлініп шығады. ІІ реттік цементит аустениттен бөлініп шығады, аустенит түйіршіктерінің айналасында тор тәріздес болып орналасады.(салқындату нәтижесінде – перлит түйіршіктеріне айналады). ІІІ реттік цементит ферритпен бөлініп, ұсақ қосулар түрінде феррит түйіршіктерінің айналасында орналасады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...