Главная Обратная связь

Дисциплины:






Болатты суықпен өндеу. Пластикалық деформация әдісімен беріктеу. Болатты суықпен өңдеу



Жоғары көміртекті және көптеген легирленген болаттар мартенситтік өзгеруінің (Мк) аяқталу температурасының 0○С төмен мәніне ие. Сондықтан шымдаудан кейін болат құрылымында бұйымның қаттылығын төмендететін, сонымен қатар магниттік қасиеттерін нашарлататын қалдықтық аустениттің елеулі көлемі байқалады. Қалдықтық аустенитті жою үшін бұйымды Мк (-80○С) температурасынан төмен болатын төменгі температуралар аймағында қосымша салқындатудан өткізеді. Әдетте бұл үшін құрғақ мұзды қолданады. Мұндай өңдеуді болатты суықпен өңдеу деп аталады. Суықпен өңдеуді аустениттің қалыптануын болдырмау үшін, шымдаудан кейін дереу жүргізу қажет. Суықпен өңдеуден кейінгі қаттылықтың өсуі әдетте 1... 4HRC құрайды. Суықпен өңдеу ішкі кернеуді төмендетпейтіндіктен, суықпен өңдеуден кейін болатты төменгі жүмсартуға ұшыратады. Суықпен өңдеуге шарикті подшипниктер, дәл механизмдер, өлшегіш аспаптар бөлшектерін ұшыратады. Пластикалық деформация әдісімен беріктендіру

Бетті механикалық беріктендірудің әдістерінің негізгі нұсқаулануы – шаршау

беріктігін жоғарлату. Механикалық беріктендірудің әдістері – беттік қабатты 0,2-0,4 мм тереңдікке дейін тойтару. Ал өзге түрлеріне – бытыра ағынымен өңдеу және роликтермен өңдеу жатады. Бытыра ағынымен өңдеу – дайын бөлшектердің бетін бытырамен өңдеу. Бұл өңделетін бөлшектің бетіне болат немесе шойын бытыра атқылайтын арнайы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі. Бытыра диаметрі – 0,2-4 мм. Бытыраның соққылары 0,2-0,4 мм тереңдікте пастикалық деформация туындатады. Бөлшектердің орлары мен томпақ жерлерін беріктендіруге қолданылады. Серппелер, рессорлар, тізбек түйіндер, шынжырлар, гильзалар, поршеньдар, тісті дөңгелектер тектес бұйымдарға қолданылады. Роликтермен өңдеу кезінде деформацияға өңделіп жатқан бұйымның бетін қатты



металлдан жасалған роликтермен қысу арқылы қол жеткізіледі. Өңделініп жатқан материалдың аққыштығын үзетіндей етіп роликке күш түсірілсе, онда

керекті тереңдіктегі тойтаруға қол жеткіземіз. Өңдеу микрогеометрияны жақсартады. Сығудың қалдық кернеуі туындаса, шаршаудың шегі мен бұйымның мәңгілігі артады. Роликтермен өңдеу біліктердің мойындарын, сымдарды, құбырларды калибрлегенде, шыбықтарды өңдегенде қолданылады. Арнайы жабдықтарды талап етпейді, токарлық және сүргілегіш станоктарды қолдануға болады.


 

44. Конструкциялық болаттар.

Конструкциялық болаттар әр түрлі машина детальдарын жасауға кеңінен колданылады және келесідей міндеттерді орындайды:

●жоғары төзімділігін сынаумен және жеткілікті тұтқырлығымен;

●жақсы технологиялық қасиетімен;

●тиімділігімен;

●тапшы емес.

Болаттың жоғары төзімділігі термиялық өңдеудің режимдерімен, химиялық

құрамының рационалды жолын таңдау арқылы және металлургиялық сапасының

жақсартуымен жүзеге асады. Конструкциялық болаттардың құрамында көміртек негізгі роль атқарады. Көміртек болаттың беріктілігін арттырады, бірақ пластикалығы мен тұтқырлығын төмендетеді, суық сынуын жоғарлатады. Сондықтан оның құрамы регламенттелген және 0,6% аспайды.Конструкциялық беріктілікке легирленген элементтер әсерін тигізеді. Конструкциялық беріктілігінің жоғарлауы шыңдалудың шекті жылдамдығына, дәннің ұсақталуына байланысты.

Беріктігін арттыратын термиялық өңдеу кешенді түрде механикалық қасиетін

жақсартады. Металлургиялық сапа конструкциялық болаттарға әсерін тигізеді.


 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...