Главная Обратная связь

Дисциплины:






Көміртекті инстументалдықболаттар. Легирленген инструменталдық болаттар.



Құрамында 0,65...1,35% көміртек бар. У7 ... У13А болаттар жоғары қаттылыққа ие, жақсы шлифтеледі, арзан және тапшы емес. У7 ... У8А маркалы болаттан ағаш жұмыстары бойынша және балға, штамп, шапқы, пуансон тұрақтылығының жоғарлауыш қажет ететін соғу әсерін тигізетін аспаптар дайындалады. У9 ... У12 маркалы болаттар аса жоғары қаттылыққа және тозуға төзімділікке ие, фрез,

бұрғылар дайындауға қолданады.У13 болаты максималды қаттылыққа ие, олар егеулерді, граверлі аспаптарды дайындау үшін қолданылады. Қаттылықты төмендету және қолайлы құрылым жасау үшін барлық аспаптық болаттар

аспаптың дайындалуына дейін жасытуға ұшырайды. Эвтектоидтан кейінгі болаттар үшін сфероидтерленген жасыту өткізіледі, нәтижесінде екінші ретті цементит дәнді формаға ие болады.Салқындату жылдамдығын дұрыстай отырып, дәннің әр түрлі өлшемін алуға болады. Ақырғы термиялық өңдеу – шынықтыру келесі жүмсартумен болып табылады. Шынықтыруды эвтектоидқа дейінгі болаттар үшін толық жүргізеді, ал эвтектоидтан кейінгілер үшін толық емес. Шыңдалған болаттардың құрылымы не мартенсит, не мартенсит пен карбидтер. Жүмсарту температурасы аспаптар үшін қажетті қаттылыққа байланысты таңдалады. Жоғарғы тұтқырлықты қажет ететін соққы әсерімен болатын аспаптар үшін У7, У8

болаттарынан HRC 56...58 қаттылығын қамтамасыз ететін 280...300°С температурада жүмсаруді жүргізеді. Егеулер, таңбалаушылар, тәпілер (плашки) үшін 150...200°С температурада жүмсару жүргізіледі,бұл уақытта HRC 62...64 максималды қаттылығының алынуын қамтамасыз етіледі.Көміртекті аспапты болаттардың негізгі кемшіліктері олардың онша жоғары емес қыздыруда (5... 10 мм), төмен жылу тұрақтылық (200°С дейін) болып табылады, яғни аспаптар тек қана жоғары емес кесу жылдамдығында жұмыс жасауы мүмкін.

Легирленген аспаптық болаттар.

0,9...1,4% көміртегін құрайды. Легирленген элементтер ретінде хром, вольфрам, ванадий, марганец, кремний және т.б. болып табылады. Легирленген элементтердің жалпы құрамы 5% дейін. Жоғарғы қаттылық және тозуға төтеп беру негізінен көміртегінің жоғарғы тұрақтылығымен анықталады. Легирлеу шынықтыру мен қыздыруын жоғарылауы, ұсақ дәннің сақталуы, беріктік пен тұтқырлықтың жоғарылауы үшін қолданылады. Термиялық өңдеу шынықтыру мен жүмсартуді қосады. Шынықтыруды 800...850°С температурадан майға немесе бырысу (коробление) мүмкіндігін азайтатын және шынықтыру жарылулары пайда болатын сатылы шынықтыруды жүргізеді. Төменгі температуралар жүмсартуді 150...200°С температурада жүргізеді, олар HRC 61...66 қаттылықты қамтамасыз етеді. Кей кезде тұтқырлықтың жоғарылауы үшін 300°С дейін жүмсарту температурасын жоғарылатады, бірақ бұл кезде HRC 55...60 қаттылығының төмендеуі байқалады.



Ағаш өңдейтін аспаптар үшін 6ХС және 9ХФ болаттарынан тұтқырлықты

жақсартатын изотермиялық шынықтыру ұсынылады. Кремнийдің жоғарғы құрамдылығы (9ХС болаты) 40 мм дейін қыздырудің жоғарылауына

және жүмсарту кезінде мартенситтің тұрақтылығының өсуіне әсер етеді. Құрамында кремний бар болаттардың кемшіліктері - олардың өңдеу кезінде көміртексіздендіруге сезгіштігі, кремниймен қоса ферриттің беріктігі себебінен түр өзгертуі және кесумен өңдеудің нашарлығы болып табылады. Марганецтің жоғарғы құрамы (ХВГ, 9ХВСГ болаттары) шынықтыру кезінде аспаптың

деформациясын азайтатын аустенит қалдығының мөлшерінің өсуіне әсерін тигізеді. Бұл әсіресе аз диаметрдегі жоғарғы ұзындыққа ие аспаптар үшін маңызды, мысалы, созулар. Хром қыздырудан және шынықтырудан кейінгі қаттылықты жоғарылатады. Болаттар соққылық және кесу аспаптарының дайындалуы үшін қолданылады. «Алмазды» болат ХВ5 5% вольфрамды құрайды. Вольфрамның болуы себебінен термиялық өңдеу жағдайында ұсақ дисперсті карбидті фазаның артығына ие. Қаттылық HRC 65...67 құрайды. Болат жоғарғы өлшемдегі дәлдікті және өткір кескіш жиектің (кромка) ұзақ мерзімін сақтайтын болаттардың дайындалуы үшін қолданылады (ұңғылар, граверлі аспап).

 


 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...