Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тез кескіш болаттар. Өлшеу инстументтерге арналған болаттар.



Болаттар ерекшеліктері үшін өзінің атына ие болды. Жоғарғы жылу тұрақтылық

салдарынан (550...650°С), бұлардан дайындалатын аспаптар кесудің жеткілікті жоғарғы жылдамдықтарымен жұмыс жасай алады. Болаттар 0,7... 1,5 % көміртегіні, 18 % дейін негізгі легирленген элементтер – вольфрам, 5 % дейін хром мен молибден, 10 % дейін кобальтты құрайды. Ванадийдің қосылуы аспаптың тозуға төтеп беруін жоғарылатады, бірақ шлифтеуді нашарлатады. Кобальт жылу тұрақтылықты 650°С дейін және HRC 67...70, екінші ретті қаттылықты жоғарылатады. Тезкескіш болаттардың микроқұрылымы құйма жағдайында эвтектикалық құрылымды құрушыға ие болады. Тезкескіш болаттардан аспаптардың оптимальды ерекшеліктерін алу үшін мүмкіндігінше біртекті емес құрылымды – карбидті ликвацияны- жою қажет. Бұл үшін тезкескіш болаттардағы кесектер интенсивті пластикалық деформацияға (темір соғу) ұшырайды. Бұл кезде эвтектика карбидін елеу жүреді және дайындау қимасы бойынша карбидтің біртекті бөлінуі жүзеге асырылады. Кейін 860...900°С температура кезінде болат жасытылуы жүргізіледі. Күйдірілген тезкескіш болаттардың құрылымы - ұсақ дәнді (сорбит тәрізді), перлит және карбид, ұсақ эвтектоидты және ірі бірінші реттікті. Осындай құрылымды болаттар кесумен жақсы өңделедіЛегирленген элементтердің басым көпшілігі карбидті фазада орналасқан. Дайын

аспапта болаттардың оптимальды ерекшеліктерін алу үшін термиялық өңдеу кезінде мартенситтің легирленген элементтермен максималды қанықтыруын қамтамасыз етуі қажет. Шынықтыру кезінде тезкескіш болаттар өте жоғары температураға дейін, 1280°С шамасында қыздыруды талап етеді.Қыздыруды жылытудың біркелкілігін жақсартатын және беттің көміртексіздендру мүмкіндігін азайтатын жақсы қышқылданған тұзды ваннада ВаС12 жүзеге асырады. Қызудың термиялық фазалық күштенулерді төмендету үшін сатылы түрде жүзеге асырады: 600...650°С және 850...900°С температура кезінде қызуды баяулатады. Тезкескіш



болаттардың термиялық өңдеу режим графигі 19.1. суретте көрсетілген. Шынықтыру температурасынан кейін салқындатылу майда өтеізіледі. Болаттың

құрылымы шынықтырудан кейін легирленген, өте ұсақ дисперсті мартенситтен, белгілі бір мөлшерде (30...40%) аустенит қалдығынан және вольфрам карбидінен тұрады. Қаттылық 60...62 HRC құрайды. Аустенит қалдығының барысын шыңдалған болат құрылымында кесу қасиеттерін төмендетеді. Аустенит қалдығының барынша кетіру үшін 560°С температурада үшеселік жүмсарту

өткізіледі. Йод қыздыру кезінде 400°С жоғары жүмсарту қаттылықтың жоғарылауы байқалады. Мұны легирленген аустенит қалдығынан легирленген карбид бөлінеді деп түсінуге болады. Аустенит жүмсарту температурасының салқындауы кезінде жүмсарту мартенситіне айналдырылады , не қаттылыққа өсу деп атайды . Қаттылықтың артуына жүмсарту температурасы кезінде бөлінген легирленген элементтердің ұсақ дисперсті карбидтер әсер етеді. Ең үлкен қаттылығына жүмсартудің 560°С температурасы кезінде жетеді. Біреселікті жүмсартудан кейін аустенит қалдығының мөлшері 10% дейін төмендейді. Оның

мөлшерін ең кішісіне дейін азайту үшін үшеселік жүмсарту қажет. Жүмсартудан кейін болаттың қаттылығы 64...65 HRC құрайды. Термиялық өңдеуден кейін

болаттың құрылымы жүмсалтылған мартенситі мен карбидтен тұрады. Термиялық өңдеу тез кескіш болаттарды суықпен өңдеуде қолданады . Шынықтырудан соң

болатты -80...-100°С температурасына дейін салқындатады.Бұдан кейін күштенулердің алып тасталынуы үшін 560°С температурада біреселік жүмсарту жүргізіледі. Кейде тезкескіш болаттардың тозуға төтеп беруін арттыру үшін төменгі температурадағы цианирленуді қолданады. Тезкескіш болаттардың арасында кескіш аспаптардың негізгі түрлері кескіштер, бұрғылар, долбяктар, созғыштар, машина таңбалаушылар, қағаз кесуге арналған пышақтар болып

табылады. Тезкескіш болаттардан көбіне аспаптың жұмыс жасайтын бөлігін ғана

дайындайды. Көрсетілген болаттардан жасалатын өлшеу аспаптарының негізгі талаптарына қаттылықтың жоғарылығы және тозуға төтеп беру, ұзақ уақыт өлшемдерінің тұрақтылығы жатады.Соңғы талап сызықтық ұзаруының температуралық коэффициентінің минимальдығымен және уақыт кезінде құрылымдық айналулардың мәлімдемелерімен қамтамасыз етеді. Өлшеу аспаптардың дайындалуы үшін қолданылады:

●жоғарғы көміртекті аспаптық болаттар, легирленген және көміртекті (У12, Х, Х9, ХГ болаттары) , шынықтырудан кейін және 10...30 сағат аралығында төменгі температуралы (120...170°С ) жүмсартуы реттелген. Жүмсаруға дейін салқындатумен өңдеуді жүргізген дұрыс. 62...67 HRC қаттылык алынады.

●төменгі жүмсартуда шынықтырылған және цементациядан өткізілген аз көміртекті болаттар (болат 15,20) алынады.

● жоғарғы қаттылыққа азоттаудан кейінгі нитралои (болат 38ХМЮА)

 


 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...