Главная Обратная связь

Дисциплины:






Сүршойын.Соғылатын шойын.



Құрылымы пластикалығына әсер етпейді, ол өте төмен қала береді. Механикалық

беріктігі көбінесе мөлшерімен, формасымен және графит қосуларының мөлшерімен анықталады. Ұсақ графит қабыршағының формасы беріктігін аз төмендетеді. Мұндай форма модификация арқылы алынады. Модификатор есебінде алюминий, силикокальций, ферросилиций қолданады. Сұр шойын жеңіл өңделіп, жақсы қасиеттерге ие болғандықтан машина өндірісінде кеңінен қолданылады. Беріктілігіне байланысты сұр шойын 10 маркалы болады(ГОСТ 1412). Сұр шойындар созылуға қарсы төзімділігі аз болса да, қысылуға төзімділігі жоғары. Сұр шойындардың құрамында көміртек мөлшері – 3,2...3,5% ; кремний – 1,9...2,5% , марганец – 0,5...0,8%, фосфор – 0,1...0,3%, күкірт – 0,12%. Металл негіздік құрылымы көміртегі мен кремний мөлшеріне байланысты.Көміртегі мен кремний жоғарлаған сайын, графитизация дәрежесі мен ферритті құрылымды металл негізінің пайда болу бейімділігі жоғарылайды. Бұл пластикалылығының жоғарылауысыз шойын беріктігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Жақсы беріктік қасиеттерімен және тозуға төзімділігімен ерекшеленетіні перлитті сұр шойындар.Сұр шойын құймаларының созылуға және ұру күштеуіне қарсылығы аз

болатынын ескеретіндіктен, оны қысылатын және иілетін бұйымдар жасау үшін қолданады. Станок өндірісінде базалық, корпустық детальдар, кронштейндер,тісті доңғалақтар; автоөндірісінде – цилиндр блоктары, поршеньді сақиналар, бөліп тұратын біліктер, ұстасу дисктерін жасау үшін қолданылады.Сонымен қатар сұр шойын құймалары электромашина өндірісінде халық пайдаланатын тауарлар жасауға қолданады. Белгіленуі: индекс СЧ (сұр шойын) және 10-1 СЧ көбейтілген беріктік шегін көрсететін сан. Эвтектикаға дейінгі ақ шойынды жасыту арқылы алады. Құймалардың кристалдану және салқындау процестері кезінде графитизация процесі жүрмесе жақсы қасиеттерге ие болады.Графитизацияның алдын алу үшін шойынның құрамындағы көміртек пен



кремнийдің мөлшерін азайту қажет. Соғылымды шойын құрамы: 2,4...3,0% көміртек, 0,8...1,4% кремний, 0,3...1,0% марганец, 0,2% дейін фосфор, 0,1% дейін күкірт. Құйманың негізгі құрылымы мен қасиеттері жасыту процесі кезінде алынады. Құймалар 950...10000 С температурада 15...20 сағатта шымдалады. Цементиттің ыдырауы байқалады: Fe3C→Fey(C) +С Шымдалудан кейінгі құрамы аустенит пен графиттен тұрады. 760...7200С температурасында жай салқындау кезінде перлит құрамында болатын цементит шымдалады және жасытудан

кейін құрылымы феррит пен жасыту көміртегінен тұрады (ферритті соғылымды шойын алынады). Салыстырмалы жылдам салқындағанда екінші саты толығымен жойылады да, перлитті соғылымды шойын түзіледі. Механикалық және технологиялық қасиеттері бойынша соғылымды шойындар сұр шойын

мен болат арасындағы аралық орынды алады. Жоғары төзімдіге қарағанда соғылымды шойынның кемшілігі: құйма қабырғалары қалыңдығының шектелуі және жасытудың қажеттігі.Соғылымды шойын құймаларын екпінді және тербелмелі күштеу арқылы жұмыс істеітін детальдарға қолданады. Ферритті шойыннан редуктор картерлерін, ступицалар,хомут, муфта, фланц жасау үшін

қолданады. Жоғары төзімділігімен, қажетті мөлшердегі пластикалығымен мінезделетін перлитті шойын карданды біліктер вилкаларын, тормоз колодкаларын жасауға қолданады. Белгіленуі: индекс КЧ (высокопрочный чугун) және екі сан – біріншісі,10-1 көбейтілген беріктік шегін,екіншісі – салыстырмалы ұзару – КЧ30-6.

 


 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...