Главная Обратная связь

Дисциплины:






Пойыздың қозғалыс керегенінің қандай элементтері бар?



Қоғалыс керегені - теміржол желісінің толық жұмысын уақыт өлшеміндегі сызба түрінде көрсету үшін құрастырылады және ол жолаушылар мен жүктерті тасымалдау жоспарының өз мерзімінде дұрыс орындалуын, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамалар мен техникалық жабдықтардың тиімді пайдаланылуын, стансалар мен жол телімдерінің өзара тұрақты әрекеттестігін, локомотивтер мен пойыз бригадаларының үзіліссіз жұмысының бекітілген мерзімінде орындалуын қамтамассыз етуі керек.Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыру қозғалыс жылдамдығын, локомотивтер мен басқа да техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану көрсеткіштерін, сонымен қатар теміржолдың техникалық құрылғыларының бүтін күйінде сақталуын қамтамассыз ете отырып, әртүрлі категориядағы пойыздардың берілген санының жол телімінен қауіпсіз жүріп өтуін қарастырады. Қозғалыс керегенінің тор көздері жекелеген бекеттердің осьтерін көрсететін көлденең және уақыт шамасын көрсететін тік сызықтардан тұрады. Мұндағы қалың тік сызық тәуліктің 24 сағатын көрсетеді, ал олардың аралағындағы жіңішке үзік сызықтар жарты сағаттық аралықты, жіңішке тұтас сызықтар он минуттық аралықты көрсетеді. Тор көздегі пойыздардың жүрісі түзу көлбеу сызық арқылы көрсетіледі. Ол көлбеу сызықтың көлденең оське түсетін проекциясы екпіндеу және тежелу уақытын қосып есептегендегі жүріс уақытына тең болады. Пойыз жоларалықтардан әртүрлі жылдамдықпен өтетіндіктен пойыздардың жүрісін көрсететін түзу көлбеу сызықтар шамалап алынады. Сондықтан түзу көлбеу сызықты алмастыратын нақтылы қисық пойыздың жүріс сызығы деп аталады. Пойыздардың келу, жөнелу және жүріс жолының уақыты оның жүріс сызығының жекелеген бекеттердің осьтерімен қиылысу нүктесімен сәйкес келеді.Жүріс уақыты сағат тілі бойынша солдан оңға қарай он минуттық аралықпен есептелінеді, минутты көрсететін сандар пойыздың жүріс сызығы мен жекелеген бекеттердің көлденең осьтерінің қиылысу бұрышының үстіне қойылады. Жол телімінің соңғы жоларалығының үстіне оның нөмері қойылады. Қозғалыстың жүктелген және кері бағыттағы шамаларының арақатынасына байланысты қозғалыс керегендері жұптасқан және жұптаспаған деп екі топқа бөлінеді. Жұптасқан кереген деп қозғалыстың екі бағытына бөлінетін пойыздардың саны бірдей болатын, ал жұптаспаған деп жүріс бағыттары бойынша бөлінетін пойыздардың саны әртүрлі болатын керегенді айтады. Біржолды жұптасқан кереген симметриялы түрде құрылады, яғни жоларалықтың бір бағыты бойынша пойыздардың жүріс уақытын белгілеген соң, қарсы бағыттағы пойыздардың жүріс кестесін белгілейді. Жолдан қосылатын пойыздардың жүріс тәртібіне байланысты керегендер пакетті және топтасқан деп бөлінеді. Пойыздардың топтасып орналасуы кезінде олар станса аралық жоларалықтармен шектеле отырып бірінің артынан бірі жөнелтіледі. Жолдағы пойыздар, олардың арасына қарсы бағыттан бірде-бір пойызды жіберуге болмайтындай етіп орналастыралады. Пойыздарды топтастырып орналастыру жол теліміндегі жұптаспаған жүріс кезінде және автоматтандырылған блокировкамен жабдықталмаған және де блок қосындары жоқ жоларалықтарда қолданылады. Пакетті кереген деп жолдағы пойыздар жартылай автоматтандырылған қосынаралық жоларалықтармен немесе автоматтандырылған блокировкалы блок-телімдермен шектелген жоларалықтарда бір мезгілде бірнеше пойыз болатын керегенді айтады. Егер пойыздардың жартысы ғана пакетті кереген бойынша жүретін болса, онда ол жартылай пекетті кереген деп аталады. Пакетті және топтасқан кереген түрлері біржолды тәрізді қосжолды жолдарда да қолданылады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...