Главная Обратная связь

Дисциплины:






Пойыз қозғалысының керегені.



Қоғалыс керегені - теміржол желісінің толық жұмысын уақыт өлшеміндегі сызба түрінде көрсету үшін құрастырылады және ол жолаушылар мен жүктерті тасымалдау жоспарының өз мерзімінде дұрыс орындалуын, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамалар мен техникалық жабдықтардың тиімді пайдаланылуын, стансалар мен жол телімдерінің өзара тұрақты әрекеттестігін, локомотивтер мен пойыз бригадаларының үзіліссіз жұмысының бекітілген мерзімінде орындалуын қамтамассыз етуі керек.Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыру қозғалыс жылдамдығын, локомотивтер мен басқа да техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану көрсеткіштерін, сонымен қатар теміржолдың техникалық құрылғыларының бүтін күйінде сақталуын қамтамассыз ете отырып, әртүрлі категориядағы пойыздардың берілген санының жол телімінен қауіпсіз жүріп өтуін қарастырады. Ендеше пойыздардың қозғалыс керегені теміржолдың пайдалану жұмысының жоспары болып табылады және жүк пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруды ғана белгілемейді, сонымен бірге станса, депо жұмысын, вагон, жол, СОБ және байланыс құрылғыларының жұмысын көрсетіп тұрады. Жүктерді жеткізу жылдамдығы, жолаушы тасымалының сапалық деңгейі және тездігі - осының барлығы тікелей қозғалыс керегенін дұрыс ұйымдастыруға байланысты.Қозғалыс керегені үнемі жетілдіріліп отырады және оны жетілдіру келесі жолдармен жүзеге асуы керек: көліктік бөлімшелердің өзара тұрақты байланыста болуын қамти отырып, олардың ең оңтайлы жұмыс жағдайын қамтамассыз ету; пойыздардың салмағын және жүріс жылдамдығын жоғарғы шекке дейін жеткізу; есептегіш техникаларды пайдалану негізінде қозғалыс керегенін құрастыру.Қозғалыс керегені арқылы пойыздардың жол телімінде жүріп өту уақыттары, келу және жоларалықтан өту уақыты, локомотивтердің телімде және стансада болу мезеті анықталады.Теміржол көлігінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарда озық жұмыс технологиясын қолдану арқылы құрылатын, зауытішілік тасымалдарға қатынасатын пойыздардың қозғалыс керегені көп таралған.Өнеркәсіптік көліктегі пойыздардың қозғалыс керегені магистралды түйіспе станса жұмысымен өзара әрекеттестіктегі теміржол цехтарының барлық бөлімшелері мен зауыттардың пайдалану жұмыстарын біріктіретін тасымалды ұйымдастырудың негізгі көрінісі болап саналады. Қозғалыс керегенін жасауға қойылатын негізгі шама-шарттар ТПЕ мен оның тарауларында көрсетілген талаптарды ескере отырып, зауыттар мен түйіспе стансалардың, теміржол көлігі жұмысының біртұтас технологиялық үрдісі негізінде жобаланады. Қозғалыс керегені координат осінде пойыздар жүрісінің уақыты мен аралығын және жүріп өткен жолының уақытқа тәуелділігін бейнелейтінсызбалық көріністе жасалады. Қозғалыс керегенінің тор көздері жекелеген бекеттердің осьтерін көрсететін көлденең және уақыт шамасын көрсететін тік сызықтардан тұрады. Мұндағы қалың тік сызық тәуліктің 24 сағатын көрсетеді, ал олардың аралағындағы жіңішке үзік сызықтар жарты сағаттық аралықты, жіңішке тұтас сызықтар он минуттық аралықты көрсетеді. Тор көздегі пойыздардың жүрісі түзу көлбеу сызық арқылы көрсетіледі. Ол көлбеу сызықтың көлденең оське түсетін проекциясы екпіндеу және тежелу уақытын қосып есептегендегі жүріс уақытына тең болады. Пойыз жоларалықтардан әртүрліжылдамдықпен өтетіндіктен пойыздардың жүрісін көрсететін түзу көлбеу сызықтар шамалап алынады. Сондықтан түзу көлбеу сызықты алмастыратын нақтылы қисық пойыздың жүріс сызығы деп аталады. Пойыздардың келу, жөнелу және жүріс жолының уақыты оның жүріс сызығының жекелеген бекеттердің осьтерімен қиылысу нүктесімен сәйкес келеді.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...