Главная Обратная связь

Дисциплины:






Пойыздар қозғалысының диспетчерлік басқаруы.



Пойыздық диспетчерлік байланыс Пойыздық диспетчерлік байланыс (ПДБ) пойыздар қозғалысы графигін орындау қауіпсіздігі мен басшылықты қамтамасыз ету үшін арналған. Темір жолдардың күллі желісі диспетчерлік учаскелерге бөлінген. Бір учаске шегіндегі пойыздық диспетчерлік байланыс өз учаскесінде пойыздар қозғалысын басқаратын пойыздық диспетчердің (ДНЦ) жеке басқаруына беріледі. Диспетчерлік учаскенің ұзындығы орташа есеппен 120-150 км-ге тең. Диспетчерлік байланыстың топтық каналдарын ұйымдастыру үшін екі сымды физикалық ауа және кабель тізбектері, сонымен қатар тарату жүйелері каналдары пайдаланылады. Соңғылары ПДС-ты ұйымдастыру кезінде кеңінен қолданыс табуда. ПДС-тың көмегімен пойыздық диспетчер өз учаскесінің кез келген станциясын, станциялар тобын немесе бір уақытта барлық станцияларды шұғыл түрде шақырып, олармен екі жақты сөйлесулер жүргізуге мүмкіндік береді. Пойыз диспетчері ПДС-ты пайдалана отырып шектес диспетчерлік учаскенің диспетчерін шақырып, олармен сөйлесе алады. Пойыздық диспетчерлік байланыс пойыздық радиобайланыспен толықтырылады, ДНЦ оны пайдала отырып, қазіргі сәтте оның учаскесінде орналасқан локомотивтер машинистерімен сөйлесулер жүргізе алады. Локомотивтер машинистері өз кезегінде дәл осылай жақын станциялардың кезекшілерін пойыздар қозғалысы мәселесі бойынша шақырып, олармен сөйлесулер жүргізе алады. Жолдың бір бөлімшесі шегінде диспетчерлік учаскелердің санына тең ПДС тізбегі ұйымдастырылады. Қашықтықтағы диспетчерлік учаскелер жолда орналасқан басқарушы станциямен айналмалы каналдар арқылы қосылады. ПДС-тің болат тізбектерінде өшу ауқымды болған уақытта байланыс қашық-тығын ұлғайту үшін екі жақты әрекет ететін аралық күшейткіштер пайдаланылады. Жол бөлімшесінің пойыз диспетчері пойыздар қозғалысы туралы ақпарат алмасу үшін шектес бөлімшенің диспетчерімен тура байланысқан. Мұндай байланыс бөлімшелер арасындағы телефондық байланыстың тура каналы бойынша немесе екі шектес бөлімшелердің диспетчерлік учаскелері тізбектерін қосу байланыстыру құрылғысы СУ арқылы қамтамасыз етіледі . Темір жол учаскелерінде пайдаланылатын, автоблоктау мен автоматты локомотив сигнализациясымен жабдықталған диспетчерлік бақылау құрылғылары ДК аралық блок-учаскелер, бас және қабылдау-жөнелту жолдарының, сонымен қатар диспетчерлік учаске шегінде пойыз диспетчеріне кіріс және шығыс бағдаршамдардың күйі туралы ақпаратты береді. Бұл ақпарат пойыз диспетчерінің таблосында қажетті блок-учаскелер, бас және қабылдау-жөнелту жолдары бос болмаған уақытта ақ шамдармен және қажетті кіріс және шығыс бағдаршамдары ашылған уақытта жасыл шамдармен көрінеді. Бұл ретте әдетте станция бастиегінің барлық шығыс бағдаршамдарына бір топтық қайталағыш орнатылады. Таблодағы шамдардың жану уақыты мен ретіне байланысты диспетчер учаскедегі пойыздардың жылдамдығы мен қозғалыс бағыты туралы біліп отырады. ДК жүйесі учаскедегі пойыздар қозғалысын телесигнализациялау жүйесі болып табылады. ДК құрылғылары пойыз диспетчерінің учаскедегі пойыздар қозғалысын реттеу бойынша жұмысын жеңілдетеді. Таблодағы ақпарат бойынша диспетчер қозғалыс графигін қадағалайды.

ДО-бір қосыннан пайыз диспетчерінің темір жол телішінде пайыз қозғалысынан бақылап және басқаратын телемиханикалық құрылғылар кешенін айтады.ДО құрылғысы қамтамасыз етеді.-жоларалықтар мен станциялар қатарын сигнал белгілерімен және бұрылыс бағытымен бір қосыннан басқарады;-станциялар жолдары жоларалық блог телімдері, түрлі бағыттын бостыгын және жағдайын басқару аппаратында, сонымен қатар шығу және кіру бағдаршамның қайталама көрсеткіштерін бақылайды;-орындалған пайыз қосылыстарының керігенін автоматты жазуды;-станциялардың нысандарымен резервті және жергілікті басқаруға ауысу мүмкіндігі.ДО кезінде станциялар ЭО бұрш бағытымен және сигнал белгісімен, басқаруды арнайы кодталған құрылғы көмегімен екі сызықты сыммен орындайды. Осындай жолмен станцияға поездарды қабылдау және станциядан жөнелтуді диспечер басқарады, ал жоларалық бағдарды АБ құрылғысымен басқарады.ДО көбінесе бір жолды телімдерде қолданады, бірақ оны темір жолдың екі жолды телімдерінде де пайда болады. ДО қолдану пайыз қозғалысының диспечерлік реттерде жеделдігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. Телімдердің өткізу қабілеттілігі 23-30% арттырады.Темір жол бөлімшесінде орналасатың орталық қосындары ОҚ барлық орындаушы қосындарымен ОҚ (телім станцияларымен) байланыс каналымен байланысады. Байланыс паналы телебасқару (ТБ) және телесигналдық (ТС) белгі сигналдарын жіберу үшін қолданады.ДО бұйрықтарды жіберу электр тоқ инпульсінің нақты үйлесімділігімен құрылатын родтарымен орындалады. Кодтарды құру кезінде электрлі инпульстардың көліктік және фазалық белгілері қолданылады.ДО жүйесінде кодты белгілер басқарушы ТҚ, дипечермен орталық қосыннан және арнайы мамандандырылган сызықты станцияларды тандауга және оларға басқару командаларын жіберуді жөнелтуші, белгілеуші ТС, сызықты станциядан жөнелтуші және диспечерлік қосында бақылау құрылғыларының қосылуын және бақылау тобын таңдауға арналған жөнелтушіге бөлінеді. ТБ-ТС бұйрықтарын жіберудегі кодты принцип ДО жүйесінде телімдегі нысандардын үлкен мәндегі сандармен басқаруға және олардын жағдайын бір екі сымды физикалық тізбектердің көмегімен бақылауға мүмкіндік береді.Темір жол желісінде ДО алғашқы жүйесінің кең таралған түрлері болып бөлінеді.- (поезды) циклдік “ Неви” ДО. - циклдік “Луч” ДО. ХХI ғасырдың басында темір жол жұмысшысының шарттары бірден өзгереді; локальдік тарту күштері артты, қозғалыстын диспечерлік басқару концентрациясында нысаналы байланыс пайда болады. Сондықтан қазіргі ақпараттық технология және микропроцестік ПЭВМ қолдану негізінде жаңа талаптардың есепке алуы ДО дәстүрлі жүйелерінің әрі қарай дамытулары болып табылатын поезд қозғалысының диспечерлік басқаруының жаңа автоматталған жүйесін ойлап шығару қажет болды.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...