Главная Обратная связь

Дисциплины:






озғалу техникасы және табиғи кедергілерден өту



Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:

1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2. Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)

10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.

11. Көлбеуі 30 аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.

Қарлы жер бедерімен қозғалуқар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.

Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.

Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстіменжүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.



Егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе, еңбектеп өту керек.

Жартастарда жүру ережелері:

1. Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.

2. Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.

3. Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.

4. Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.

5. Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.

6. Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.

7. Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет

8. Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.

9. Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.

Мұз беткейінде жүру ережелері:

1. Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері (крючья) болу керек.

2. Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн

3. Вибраммен (тайғанамауға арналған протекторы бар аяқ киім) маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.

4. Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.

5. Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.

6. Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау (екінші аяқты қағып кетпеу үшін)

7. Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.

8. Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.

9. Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, кезекпен ауыстырып тұру керек.

10. Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатымен таңдау керек; өрге 45-60 диагональ арқылы көтеріліп, түскен кезде – су ағуы бағытымен тура жүрген дұрыс.

11. Кошка кисең секірмеуге тырыс.

12. Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.

13. Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.

Жайпақ мұз беткейі (20-25 дейін). Кошкасыз-ақ жүреді. Тайғанақ болса кошкаларды кию қажет.

Тік емес өр (25-30 ). Кошкамен тура жүру керек. «Шырша» әдісін қолдануға болады.

Орташа өр (30-40 ). Қиғаштап, айқыш-ұйқыш жүріп өрмелеу қажет.

Бұрылу.

Тік өр (40-60 ). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістеріне салмақ түсіріп жүрген дұрыс. Тізені бүгіп, бақайын төмен ұстап, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.

Тік өр (50-60 ). Кәдімгі (тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып жүреді. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тіреліп жүреді.

Мұз қабырғасына өрлеу (80 дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу керек. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.

Тік бұрыш мұз қабырғасы (90 ). Сатымен, мұзбұрғыш (штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу керек.

Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.

Траверс (60 шейін). Қырынан, жақын аяқ ұшын беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын тұру керек.

Тік өрдің (60 шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту. 55 дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта, түрегеп тұрып жүреді. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.

Өте тік (65 ) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу қажет.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...