Главная Обратная связь

Дисциплины:






Сақтандырғыштар



Олар электр қондырғыларды токтардың қысқа тұйықталуынан қорғау үшін қолданылады. Сақтандырғыштар арқылы асажүктелуден қорғаныс қондырғының қорғалатын элементтері өткізу қабілеті бойынша Іном.балқ.-тан ≈ 25% жоғары болған шарт кезінде ғана мүмкін. [ПН және ПР құрылғылары].

Балқышылар бір және одан жоғары сағат ішінде номинал токтан 30-50% токтарға шыдайды. Iном.балқ-дан 60-100% жоғары токтар кезінде олар бір сағаттан аз уақыт ішінде балқийды.

1000 В дейінгі кең таралған сақтандырғыштар: ПР-2 жиналмалы сақтандырғыштар; НПН - құм себілген жиналмалы емес сақтандырғыш; ПН-2 - құм себілген жиналмалы сақтандырғыш.

Сақтандырғыштың негізгі типтері Iном 15 А-ден 1000 А-ге дейін болады.

Құрылымы бойынша сақтандырғышты 2 топқа бөлуге болады:

а) кварцты құммен толтырылған ( ПН-2, НПН, ПП17, ПП18);

б) толтырылмайтын (ПР-2).

Балқымалы сақтандырғыштар мынандай болып бөлінеді:

а) инерциялық - жылулық инерциясы үлкен, яғни біршама үлкен қысқа уақытты ток жүктемесіне төзімді;

б) инерциялық емес - жылулық инерциясы аз, яғни асқын жүктемеге төзімділігі шектеулі.

Сақтандырғышты таңдау шарты

Iном.сақт. ≥ Iұз.мерз., Iном.балқ ≥ Iесеп.балқ

мұндағы Iұзақ - есептік ұзақ уақытты ток, ол былай есептеледі

.

Іске қосу токтары үлкен (номиналды токтардан асатын) ЭҚ үшін балқышаны (вставка) таңдаған кезде іске қосу тоғын төмендету коэффициенті α енгізіледі. Ол іске қосу жеңіл кезінде α=2,5 деп қабылданады, ал іске қосу кезде α=1,6.

Қосылуы жеңіл жалғыз қозғалтқышқа баратын желіні қорғағанда (станоктар, желдеткіштер, насостар, т.б)

Iесеп.балқ , Iі.қ = Кі.қ∙Iном.қ.

Қосылуы жиі немесе қосылу уақыты ұзақ жалғыз қозғалтқыштарға баратын желіні қорғағанда (крандар, ұнтаққағыштар, центрифугалар т.б.)



Iесеп.балқ .

Күштік немесе аралас жүктемені қоректендіретін магистралды қорғағанда

Iбалқ

мұнда Iқысқ.уақ - желінің максималды қысқа уақытты тогы.

Iқысқ.уақ = I/і.қ + I/ұзақ, [Iқысқ.уақ = Iұлкен ЭҚ і.қ+ ],

мұнда I/і.қ - бір уақытта қосылатын электр қозғалтқыштардың қосылу тогы. Бұл кезде желінің қысқа уақыттағы тогы максималды мәніне ие болады;

I/ұзақ – бір немесе ЭҚ-ыр тобының іске қосылу моментіне дейінгі желінің ұзақ уақытты есептік тогы, А.

Пісіру аппаратына баратын желіні қорғау үшін Iном.балқ. келесі қатынастан таңдайды.

Iбалқ ≥ 1,2∙ Iдәнек ,

мұндағы Iдәнек - номиналды қосылу ұзақтығы ПВ бойынша дәнекерлеу аппаратының номиналды тогы, А.

Пісіру аппаратына баратын желінің қорғау үшін алынатын Iном.балқ сол аппаратқа баратын өткізгіштің Iмұмк -на тең деп алуға болады.

Тармақталған магистралды желіні балқымалы сақтандырғыштар мен қорғаудың селективтілігі ток көзіне жақындаған сайын Iном.балқ -ның өсуімен іске асырылады. Егер келесі сатыдағы сақтандырғыштың тогы алдыңғы сатыдағы сақтандырғыштың тогынан 2 сатыға көп болса, селективтілік қамтамасыздандырылады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...