Главная Обратная связь

Дисциплины:






осалқы станциялардың электрмен жабдықталу сұлбалары



Электрмен жабдықтау жүйесі ең қолайлы және дұрыс шешілген болса, жоғарғы кернеу көздері тұтынушыларға максималды жақын болып орналасады, ал электр энергияны қабылдау бірнеше пункттерге бөлінеді, бұл торап буындарының санын және аралық трансформациялау сатыларын минималды деңгейге жеткізеді.

Электрмен жабдықтау сұлбасы оның барлық элементтері үнемі жүктелген болатындай салынады (суық резерв, қалыпты режім кезінде сөндірілген, ол төтенше жағдайда ғана қолданылады).

Резервтеу электрмен жабдықтау сұлбасының өзінде ескеріледі. Бұл кезде, электржабдықтардың аса жүктелу қабілетін қолданып және кейбір жағдайларда жауапты емес тұтунушыларды сөндіріп, сөндірілген жүктемелер желінің жұмыс істеп жатқан басқа бөліктер арасында қайта тарату жолымен іске асырылады. Қоректенудің қалпына келуі автоматты түрде іске асырылады. Әдетте ЭЖС (СЭС) элементтерінің бөлек-бөлек жүмыс істеуі қолданылады: желілер, шиналар секциялары, токөткізгіштер, трансформаторлар. Параллель жұмыс істеу ерекше жағдайда ғана рұқсат етіледі:

- соқпалы кенет айнымалы жүктемелер қоректенген кезде;

- электрқозғалтқыштардың өздігінен қосылу жағынан қоректенудің қажетті тез мезгілді қалпына келуді АВР қамтамасыз етпесе.

Қосалқы станция дегеніміз – трансформаторлардан немесе және басқа да электр энергияның түрлендіргіштерінен, тарату құрылғысынан (ТҚ), сонымен қатар көмекші құрылғылардан (аккумулятор батареясы немесе басқа да екіншілік тізбектің қорек көздері, конденсаторлар батареясы, тығыздалған ауа алатын компрессорлық станцияларды, басқару орындары, үй-тұрмыс орындары және т.б.) тұратын электр энергияны түрлендіру мен таратуға арналған электрқондырғы.

Өндірістік кәсіпорындар үшін трансформаторлы қосалқы станциялар (БТҚ (ГПП), ТҚ (ТП)) ең ыңғайлы. Олардан басқа жартылай өткізгішті, машиналы және басқа да ток немесе жиілік түрлендіргіші бар түрлендіргіш қосалқы станциялар (ПП) қолданылады, олардың жалпы құрамы жағынан трансформаторлар қосалқы станциясының аз ғана айырмашылығы бар.



Қорек көзінен келетін энергия түрлендірілмей, тек электрэнергия қабылдағыштарына таратылса, мұндай қосалқы станция таратқыш қосалқы станция (РП) деп аталады.

Ірі энергосыйымдылықты кәсіпорындарда жоғарғы кернеулі 35-220 кВ терең енгізу түріндегі, 6-35кВ ток сымдар түріндегі ЭЖЖ (СЭС).

Кейбір кезде терең енгізу мен ток сымдар қатар қолданылады.

Терең енгізу деп тұтынушылардың электр қондырғыларына жоғарғы кернеу 35-220 кВ максималды жақындатылған ЭЖЖ-ні атаймыз. Бұл кезде аралық трансформациялау сатысының саны және аппараттар саны минималды болады.

Өте ірі кәсіпорындарда желінің қоректенетін кернеуі 330-550 кВ болған кезде, электр энергия U=110-220кВ трансформацияланады. Терең еңгізу магистралды және радиалды сұлбалар бойынша орындалады.

7.3 Қосалқы станциялардың тарату құрылғылары (ҚСТҚ) (РУ)

Әр қосалқы станцияда тарату құрылғылары бар, яғни оларға коммутациялық аппараттар, қорғаныс және автоматика құрылғылары, қосымша құрылғылары, өлшеу аспаптары, жинау және қосу шиналары кіреді.

Конструктивті орындалуына қарай РУ ашық және жабық болып бөлінеді. Олар комплектті немесе жинақталған (қолданылатын жерде жиналады) болады.

Ашық таратушы құрылғылары (АТҚ) (ОРУ) деген - барлық немесе негізгі жабдықтары ашық ауада орналасқан таратушы құрылғы. Жабық таратушы құрылғылар (ЖТҚ) (ЗРУ) жабдықтары ғимаратта орналасқан.

Комплектті таратушы құрылғы (КТҚ) (КРУ) бөлшектеп немесе түгелдей жабылған шкафтардан немесе аппараттар орналасқан блоктардан, қорғаныс және автоматика құрылғыларынан, өлшеуіш аспаптарынан, көмекші құралдарынан тұратын және іште орналастыруға арналған таратушы құрылғы. Ол жиналған болып немесе жинауға толық дайын болып әкелінеді.

Сыртта орнатылатын комплектті тарату құрылғы (КРУН) – бұл сыртта орнату үшін арналған КРУ.

Таратушы ауыстырып қосатын пункт (РП) - түрлендірмей және трансформацияламай бір кернеуде электр энергияны қабылдау және тарату үшін арналған тарату қондырғы.

Ашық тарату қондырғылары (ОРУ).35 кВ және жоғары кернеу үшін әдетте бөлек элементтері үшін зауыдта жасалған ірі блокті жүйіндерді қолданатын ашық тарату қондырғылары (ОРУ) салынады. ОРУ- лардың конструкциялары түрлі және жоғарғы мен төменгі кернеулерге, электр жалғанулардың қабылданған сұлбасына, жоғары кернеу (ВН) жағында сөндіргіш немесе оларды қысқа түйықтағыш КЗ және ажыратқыш ОД бар болуына және олардың ауа желісі ЛЭП пен трансформаторға қатысты орналасуына тәуелді болады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың БТП-да 110-35/10 кВ кернеулі РУ, әдетте, ашық қылып орындайды және ауасы қатты ластанған өндірістер үшін, бос территория жоқ болған кезде, қоршаған ортаның температурасы өте төмен кезде немесе ерекше талаптар кезде - жабық болып орындайды.

ОРУ-ды қолдану қосалқы стансаларды салу мерзімін азайтады және бағасын төмендетеді. Электр жабдықтарды ауыстыру және демонтаж жасау кезінде ОРУ-лар жабдықтарға оңайырақ болады. Бірақ ОРУ-ды күту жабыққа қарағанда күрделірек. Сонымен қатар, сыртта орналастыру үшін қымбатырақ электржабдықтар қажет, өйткені олар ауа райы әсерлеріне шыдау қажет.

ОРУ-дің тіреу конструкцияларында темірбетон немесе металл қолданылады, ошиновка әдетте иілгіш сымнан жасалады, ол оқшаулағыштар гирляндасы көмегімен тірекке жалғанады.

ОРУ-дың конструкциясы қолданыс кезінде трансформаторға кедергісіз кіруді мүмкін ету керек. Трансформатордың төменгі кернеулі РУ-мен қосылуы әдетте иілгіш сыммен немесе шиналар (токөткізгіштер) пакеттері арқылы орындалады. Блок сұлбасы «трансформатор - токөткізгіш» болған кезде токөткізгішті трансформатордың қысқыштарына тікелей қосады, ал төменгі кернеулі тарату құрылғысы (РУ) болмайды.

3-6-10 кВ төменгі кернеулі тарату құрылғыларын жабық (КРУ) және ашық (КРУН) комплектті тарату құрылғылары ретінде орындауға болады.

7.4 Комплектті трансформаторлық қосалқы станциялар (КТП)

Толық жиналған немесе жинауға дайын болып дайындаушы зауыттардан жеткізіледі. КТП іште орнату үшін. КТПН сыртта орнату үшін дайындалады. Олар ашық және жабық болуы мүмкін.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...