Главная Обратная связь

Дисциплины:






Реле арқылы қорғау



Белгіленуі және функционалды сұлба

Әуе желілерінде 500 кВ қорғау ретінде жоғары жиіліктегі көрсетілген жабдық емес қондырғы қорғау қолданылады. Панель қазіргі интегралды микросұлба арқылы жасалынады.

КАП тізбекті әуе желілеріне ПДЭ 2802 дифференциалды-фазалық әуе желісінің бөлігінің қорғау типі ДФЗ-21 қолданылады.

Қабылдағыш бөлігі ретінде АВЭК-80, блок дабылы және автоматты бақылау канал аппаратурасы АК-80 орындалады. Өшірілетін дабылға АНКА-АВПА аппараты қолданылуы мүмкін.

44.7 сұлбасында каналды және қондырғыны, бірімен-бірі байланысты өлшенбелі органдармен қабылдағанда логикалық түрде көрсетуге болады.

І-негізгі каналдың өшірілуі, тізбек қорғауы, дабыл пускі;

ІІ-қысқа тұйықталу кезіндегі өшірілуі;

ІІІ-каналды өшірудің функционалды қосымша бақылауы;

ІV-кезекшілік қорғау зонасының бөлігі.

Қорғаудың ерекшелігі:

Қысқа тұйықталу болған кезде, өшіруші реле тізбек бойынша бір уақытта реле қуаты М2от өшіріледі, I2 және кернеу U2 (ДХ2 және ДХ4) элементтері іске қосылады.

ДХ1, ДХ3, ДW3, ДХ6, ДW9, ДХ10, ДW110 ДХ12 қабылдағыштары арна ІІ бойынша жіберіледі. М2 релесі жұмыс істей отырып, қысқа тұйықталу әуе желілеріне беріледі. I2 тоғы өшіріліп, блок дабылына ДХ7 әуе желісіне қысқа тұйықталумен М2 релесіне жіберіледі. Электрлік шамаға әсер ететін қуат және кедергі релелері принциптері қолданылады.

  1. Екі электр шамасының UІ және UІІ түзетіледі де содан соң арнайы салыстыру сұлбасының көмегімен салыстырылады.
  2. Екі электрлік шаманың UІ және UІІ кернеулерінің лездік мәнінің фазасымен салыстырады. Мұндай релелер UІ және UІІ кернеуінің арасындағы ығысу фазасын анықтауға мүмкіндік береді.

Реле арқылы қорғау энергия жүйелерінде электр қондырғыларында пайда болғанда зақымдалулармен дұрыс режим бұзылған жағдайда бұрынғы қалпына келтіреді. Зақымдалу электр тізбегіндегі тоқтың тез көбейіп кетуіне әкеп соғады, ал кернеу жылдам төмендеп кетеді. Қысқа тұйықталу тоғы электр жабдықтарына өзінің жылулық және динамикалық әсерін тигізеді. Қысқа тұйықталу болған жерден шектен тыс жылу бөлініп шығады, осының әсерінен электр жабдықтары тоқ жүретін электр сымдарында қызу көтеріледі, сымдар балқиды.



Реле қорғауы энергия жүйенің автоматикасының негізін құрайды. Реле арқылы қорғаусыз энерго жүйенің электр жабдықтарының тұрақты және қауіпсіз жұмыс жасауы мүмкін емес. Реле қорғауы энерго жүйенің элементтерінің жұмыс жағдайын және режимін қадағалап отырады. Құбылмалы және зақымдалу болғанда тез жауап береді.. Зақымдалу болған жағдайда реле арқылы қорғауы зақымдалған жерді тауып жылдам өшіріп тастайды өзінің контактілері арқылы.

 

Реле арқылы қорғау құрылғылары бір-бірімен қандай да бір сұлба бойынша байланысқан бірнеше релелерден тұрады. Реле қандай да бір белгілі кіріс шамасы әсер еткенде әрекетке келетін автомат қырылғыға байланысты есептеледі. Реле техникасында контактілері бар электро механикалық жартылай өткізгіштігі және ферромагнит элементтері, контактісі жоқ релелер қолданылады. Электро механикалық релелердің өндірілгенде контактілері тұйықталады. Контактісі жоқ релелерде кірістік шама белгілі бір мәнге ие болғанда оның шығысының шамасы күрт өзгереді. Қорғаудың әр құрылғысы және оның сұлбасы екі бөлікке бөлінеді:

1. әсер ететін

2. логикалық бөлік

Әсер ететін бөлік негізгі бөлік болып есептеледі және де негізгі релелерден тұрады. Негізгі релелер үздіксіз қорғалатын элементтерінің жағдайы туралы хабар алып тұрады және зақымдалуларға дұрыс емес режимдерге әсер етеді және де қорғаудың логикалық бөлігіне сәйкес бұйрық береді. Логикалық бөлігі немесе оперативтік көмекші бөлік болып есептеледі. Ол әсер етуші бөліктен бұйрықты қабылдап алып алдын ала қарастырылған операцияларды жүргізеді және өшіргіштерді өшіруге импульс жібереді. Қорғаудың логикалық бөлігі электро механикалық релелердің көмегімен орындалуы мүмкін немесе жартылай өткізгіштік электрондық аспаптарды қолдану арқылы орындалады. Қысқа тұйықталу белгісі болып тоқтың асқындауы нақты мәнінен, кернеудің нақты мәнінің төмендеп кетуі. Қорғалатын бөліктің кедергісі азайып кетуі болып есептеледі. Осыған сәйкес әсер ететін реле есебінде тоқтың шамасынан тәуелді өндірілетін тоқ релесі, кернеуді шамасынан тәуелді әрекетке келетін кернеу релесі. Кедергінің өзгеруінен тәуелді әрекетке келетін кедергі релесі қуаттың шамасынан және бағытынан тәуелді әрекетке келетін қуат релесі. Шама өскенде өндірілетін реле максимал, ал шама төмендегенде өндірілетін минимал реле деп аталады. Дұрыс емес режимдерде және қысқа тұйықталу қорғау үшін тоқ және кернеу релелері қолданылады.

Тоқ релелері артық жүктемелерге кернеу релелері кернеудің қауіпті жоғарылауына немесе төмендеуіне әсер етеді. Жиіліктің шектен тыс төмендеуіне немесе жоғарылауына әсер ететін жиілік релесі. Артық жүктеме болғанда тоқтан бөлініп шығатын жылуға әсер ететін жылу релесі. Қосымша релелерге уақыт релесі жатады, уақыт релесі қорғаудың әрекетке келетін уақыт ұстамдылығы болады.

Көрсеткіш релелер қорғаудың әрекетін дабылдауға және өндірілген күйінде ұстап тұруға арналған, ара қашықтық релелері негізгі релелердің әрекетін өшіргіштерді өшіруге алып беретін өзара байланысуды қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Әрбір релені екі бөлікке бөледі: қабылдаушы және орындаушы. Электро механикалық конструкцияда қабылдаушы элемент орауышы болып есептеледі. Қуат және кедергі релелері екі орауышты болып орындалады. Электро механикалық реленің орындауышы элементі қозғалмалы жүйе болып есептеледі.

 

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...