Главная Обратная связь

Дисциплины:






РНҚ процессингі және синтезі



РНҚ синтезі көп этапты күрделі процесс, энергияны қажет етеді. 3-кезеңнен тұрады:

1. Инициация; 2. Элонгация; 3. Терминация.

Инициация кезінде РНҚ полимераза промотормен қосылып ДНҚ шынжырын тарқатады. М-РНҚ бір шынжырлы. ДНҚ –да РНҚ-ның орналасуы комплементарлық принциппен өтеді. Мұндай бірізділік трансляцияның терминациялы кодоны деп аталынады.

ДНҚ транскрипциялы аймағы, яғни промотор мен терминтатор арасында орналасса транскрипция бірілігі немесе транскриптоном деп аталынады. ДНҚ транскрипциялы аймағы, яғни промотор мен терминтатор арасында орналасқан транскрипция бірлігі немес транскриптон деп аталынады, ал түзілген РНҚ алғашқы транскриптат делінеді.

Прокариоттарда алғашқы транскриптатта РНҚ-ның көшірмесі бірнеше гендерден тұрады, ал эукариоттарда – біреу ғана.

РНҚ полимеразаның бірнеше типтері белгілі. РНҚ-ның транскриптаттың 5/ - соңы синтезделінеді, содан кейін кэпирленеді. Кэпирлену – бұл белгі нуклеотидтердің бірізділігінің қосылуы. Кэпирлену қызметі – РНҚ транскриптатаны бұзылудан қорғау және рибосомамен байланысады. Одан трансляция басталады,сосын кэп алынып тасталынады.

Элонгация кезеңі немесе РНҚ – транскриптатының ұзаруы. Бұл кезде ДНҚ тарқатылып және нуклеосома бұзылады. Синтез жылдамдылығы – секундына 30 нуклеотидтер. Элонгация – элонгациялы ақуызды факторлармен бақыланады. Терминация – РНҚ транскриптат синтезімен бітеді. Стоп-кодонға терминациялы ақуызды фактор қосылады. Бұл кезде транскриптаттың 3/ - соңына 100-200 аденил қышқыл қалдықтары қлсылып поли А- құйрық түзеді. Поли А – құйрық РНҚ транскриптаттың деградациядан қорғайды және оның цитоплазмаға тасымалдануына жеңілдік жасайды. Бірінші РНҚ транскриптат нуклеоплазмада сақталынуы мүмкін немесе сплайсингке ұшырайды.

Ген – бұл күрделі функциональді белсенді бірлік, РНҚ молекуласының синтезін реттеуге белгіленген.

РНҚ сплайсингі.

Бірінші РНҚ транскриптат бөліктерге гетерогенді ядролы нуклеопротеинді бөлік қосылады, бұл процесс гя-РНП-бөлк деп аталынады.



Оларда РНҚ ұзындығы 5000 нуклеотидтерге дейін және ақуызды остьке оратылған. Гетерогенді РНП – бөліктері экзондар мен интрондарға қосылып, содан кейін жұптарымен байланысып агрегатты немесе сплайсосом түзіледі. Сплайсосом құрамына аз ядролы РНҚ кіреді. Қызметі интрондарды үзу. Интрондардың үзілуі жоғары дәлділікпен жүреді. РНҚ сплайсинг процессінде спецификалы лассо-тәрізді құрылым түзіледі. Олар интрондарды босатып экзондарды тігеді. Процессинг және сплайсинг РНҚ транскриптат: кэпирлі қайталану, инициация кодоны – метионин, экзондар, стоп-кодон және поли А соңынан тұрады. Мұндай м-РНҚ цитоплазмаға өтіп, белоктың синтез процесіне қолданылады.

Альтернативті сплайсинг. Реттелу механизмі зерттелінбеген. Альтернативті сплайсинг мәні, бір ғана бірінші транскриптаттан әртүрлі м-РНҚ экзондардың әртүрлі бір ізділігін тігу арқылы алуға болады.

Көрнекілік материал:презентация

Әдебиет:

Негізгі

1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с.

2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.

Қосымша:

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Гендер экспрессиясы дегеніміз не.
  2. Транскрипция процесі қайда өтеді.
  3. Трансляция сатысы қайда өтеді.
  4. Индукторға, репрессорға сипаттама беріңіз.
  5. Оперонның құрылымды элементтерін атаңыз.
  6. Промотордың қызметі.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...