Главная Обратная связь

Дисциплины:






Газлифтілі ұңғыны пайдалануға қосу



Сақиналы жүйе бойынша жұмыс істейтін, бірқатарлы көтергішпен жабдықталған газлифті ұңғыманың жіберілуін қарастырайық.. Жіберу процесі көтергіш құбырдың башмагына дейін айдалатын газды жеткізу, яғни газбен сұйықтық деңгейін башмакқа дейін сығымдау болып табылады.

 

  Газлифті ұңғыманы жіберу кезіндегі сұйықтық деңгеінің жағдайы Бұл құбыраралық кеңістіктегі сұйықтық көлемі V1 айдалатын газбен ығысуы керек екенін білдіреді. Ығысып шығатын сұйықтық көтергіш құбырға қарай бағытталады, нәтижесінде олардағы деңгей статикалықтан жоғары болады. Сұйықтық бағанасының Δh статикалықтан жоғарылауымен анықталатын қабатқа репрессия пайда болады, оның әсерінен қабатқа сұйықтықтың әлсін-әлсін жұтылуы байқалады. Қабаттың нашар өткізгіштігі кезінде ығыстырылып жатқан барлық сұйықтық көтергіш құбырға бағытталады, яғни V1 = V2. Бөлшектеп жұтылу кезінде V2 < V1 немесе V2 = а · V1 (1) мұнда а < 1 – жұту кезінде ; а = 1 – жұту жоқ кезде Жіберу қысымының теңдеуі Ржіб = h · ρ· g · m  

мұнда m – құбырлар диаметрінің қатынасымен анықталатын коэффициент

Газлифтінің жіберу қысымы башмак сұйықтықтың статикалық дегейіне жүктелуіне, құбырлар және шегендеу құбырларының диаметрлер қатынасына, сонымен қатар лифтінің жұмыс істеу режиміне тәуелді.

Жіберу қысымы әрқашан жұмыс қысымынан үлкен болады, сондықтан жіберу қысымына есептелген, арнайы компрессор немесе газды сызық түріндегі жоғары қысымды газ көзі болуы тиіс.

Сақиналы жүйе бойынша жұмыс істейтін бір қатарлы көтергіш Ржіб жіберу қысымының аса үлкен мәнін береді. Орталық жүйеге ауысқанда Ржіб төмендейді. Екі қатарлы көтергіш кезінде Ржіб жіберу қысымы 20-30%-ға ұлғаяды,және орталық жүйеге көшкенде оны 12%-ға төмендетеді. Сұйықпен жұтылған қабат жағдайында (α < 1) жіберу қысымы барлық жағдайда төмен болады.



 


Газлифті ұңғыманы жіберу кезіндегі сағадағы газ қысымының өзгерісі

Жұтылу коэффициенті α көптеген факторларға байланысты: ұңғыманың өнімділік коэффициентіне, жіберу ұзақтығына, сұйықтық тұтқырлығына және т.б. байланысты. Нақты өлшенген Ржіб жіберу қысымын біле және α –ға қатысты теңдеуді шешкенде:

(Ржіб)н = h · g ·ρ (1+ α cos β

α =

Түсіру неғұрлым тез жүрсе, соғұрлым α 1, яғни қабат көп көлемде сұйықтықты жұтып үлгермейді.

α = ; V1 – газдың келу уақытына дейінгі ұңғымадағы газбен ығыстырылған сұйықтық көлемі; V2 - СКҚ тізбегінен келіп түскен сұйықтықтың нақты көлемі.

Δ V = V1 = V2 = V1 - α · V1= V1 (1- α)

Δ V- ұңғыманы іске қосу кезіндегі қабатпен жұтылған сұйықтық көлемі.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...