Главная Обратная связь

Дисциплины:






Газлифтілі ұңғынының жіберу қысымын азайту әдістері



Арнайы жіберу компрессорларын қолдану. Жіберу компрессорлары сәйкес ысырмаларды қосу жолымен, газ жіберу сызығынан кез-келген газлифті ұңғымаға бағыттала алатын, компрессорлы станцияны газды реттегіш түйінмен байланыстыратын арнайы жіберу сызығына жұмыс істейді. Ерекше жағдайларда автомобиль жолымен жүретін қозғалмалы компрессорлар қолданылады.

Құбырларды кезектеп жіберу. Көтергіш құбырының башмагы бұл жағдайда статикалық деңгей үшін жобалық тереңдікке емес, белгілі Рк. -мен ұңғымаға қысым бере алатын тереңдікке түсіріледі.

Рк = Ржіб = h1 · ρ · g (1+ α cos β

h1 =

α – жұтылу коэффициенті; β –ұңғыма оқпанының вертикалынан ауытқу бұрышы

Құбырлар башмагы h1 тереңдігіне түсірілген соң, ұңғыма іске қосылады және ұңғымадан таза газ шыққанша дейін үрленеді. Сұйықтықтың бір бөлігі ұңғымадан лақтырылады, содан соң СКҚ тізбегі h2 < h1 өлшемінен төмен түсіріледі және ұңғыма қайтадан таза газ шыққанша үрленеді. Осылайша құбырлар башмагы жобаланған тереңдікке жеткенше дейін бірнеше рет қайталанады. Бұл жағдай өнімділік коэффициенті аз ұңғымаларда қолданылады.

Көтергіш жұмысын сақиналы жүйеден орталыққа ауыстыру. Бұл кезде жіберу қысымы бір қатарлы көтергіште 7,5 –ке, екі қатарлыда тек 11%. –ға азаяды. Түсіруден соң лифт пайдалану дұрыс болу үшін сақиналы жүйеге көшеді.

Сұйықтықты қабатқа сығымдау. Егер ұңғыма сұйықтықты жақсы жұта алса, онда газды айдау және ұңғыманы қысыммен ұстап тұру арқылы сұйықтықты қабатқа сығымдауға болады. Деңгей төмендейді және ұңғыма іске қосылады. Бұл әдіс компрессор қысымы башмактағы статикалық қысымға тең немесе жоғары болған кезде ғана қолданылады, яғни Рк h1 · ρ · g.



Жіберу саңылауларын қолдану. СКҚ тізбегінде жіберу саңылаулары жасалады. Газды құбыраралық кеңістікке айдау кезінде газ СКҚ-ға бағытталып, сұйықтықты жер бетіне сығымдайтындай сұйықтық деңгейі бірінші саңылауды жабады|обнажает/Содан соң келесі саңылауды жабады, газдың келуі жоғарылайды және т.с.с. Осылайша башмакқа дейін деңгейді төмендетуге болады, кейін газлифт қалыпты жұмысқа көшеді. Бұдан кейін осы саңылаулар арқылы газ шығыны болмау үшін, жауып тастау қажет.Ол үшін арнайы құрылғылар – жіберу клапандары қолданылады.

Жіберу саңылаулары бар ұңғыма сұлбасы

Рк = Х1 · ρ· g (1+ α cos β + Ру

Х1 = ; L 1 = Sсm + Х1

S сm – ұңғымадағы сұйықтықтың статикалық деңгейі .

СКҚ-дағы Ро1 қысым бірінші саңылау О1 деңгейінде азаяды және min–ға жетеді.

Рк = g·cos β; X2 =

L 1 = L 2 + х2 тереңдігінде екінші саңылау О2 жасалу керек.

Сәйкесінше Х3 = ; L3 = L2 + х3 және т.б.

Бұдан жіберу саңылауларының көмегімен сұйықтық деңгейін СКҚ башмагына дейін ығыстыруға болатыны және Рк. қысымы бар ұңғыманы іске қосуға болатыны анық. Тереңдеген сайын саңылаулар арасы кішірейеді, x1 > x2 > x3 …. Кепілді жіберу үшін саңылаулар саны есептіктен 10-15% –ға жасалады, және де олардың барлығы пропорционолды түрде жоғары ығысады. Саңылаулар өлшемі газдың шекті шығыны бойынша есептеледі

 

11. Оборудование газлифтных скважин. Периодический газлифт.

Газлифті клапандар

Бұл клапандар құбырлар және құбыраралық кеңістік арасындағы байланысты орнату немесе тоқтату, сонымен қатар СКҚ-ға газдың келуін реттеп отыруға мүмкіндік береді.

Барлық клапандарды өз тағайындалуы бойынша 3 топқа бөлуге болады:

1. жіберу клапандары – газлифтті ұңғыларды жіберу және меңгеру үшін;

2. жұмыс клапандары – үздіксіз немесе периодты жұмыс үшін;

3. соңғы клапандар – СКҚ башмагының жанындағы құбыраралық кеңістіктегі сұйықтық деңгейін ұстау.

Құрылымдық қызметі жағынан газлифті клапандар әр алуан. Серпімді элемент ретінде бұларда серіппе(серіппелі клапандар) немесе белгілі бір қысымға дейін азотпен толтырылған сильфонды камера (силбфонды клапандар) қолданылады. Серіппе де, сильфон да қолданылатын құрама (комбинированные) клапандар бар. Жұмыс істеу принципі бойынша көптеген клапандар дифференциалды болып келеді, яғни, олардың ашылып-жабылуы құбыраралық кеңістік және клапан деңгейіндегі СКҚ–да қысым түсуіне байланысты.

Газлифтті клапандар құрылымына байланысты СКҚ тізбегінің ішкі немесе сыртқы жағынан бекітіледі. Клапандарды сыртқы бекітуде керек жағдайда ауыстыру үшін, СКҚ тізбегін толығымен шығарады. СКҚ ішінен бекітуде арнайы арқанды техника арқылы шығарылады, СКҚ тізбегі ұңғымады қалады.

Газлифтті клапандар және оның ерекше жұмыс істейтін бөлшектері коррозия мен тозуға қарсы тұра алатын арнайы болат пен қорытпалардан дайындалады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...