Главная Обратная связь

Дисциплины:






Газлифтілі ұңғыны зерттеу



Газлифтті ұңғымаларды зерттеу:

- айдалатын газдың min шығынымен ұңғыма жұмысының режимін орнату;

- индикаторлық сызықты түсіру немесе ағыс теңдеуін анықтау;

- лифтке газды жіберу тереңдігін анықтау;

- көпқабатты горизонтты пайдалану кезінде дебитомер арқылы ағыстың кескінін (профилін) түсіріп алу.

Оптималды режимді орнату үшін газлифтті ұңғыма қалыптасқан таңдамалармен зерттеледі. Таңдамалардың өзгеруі жіберілетін газ мөлшерінің өзгеруінен болады. Газ шығыны, оның қысымы мен ұңғыма шығымы тұрақталуымен байқалатын, ұңғыманың жаңа қалыптасқан жұмыс режимінен кейін, түпке манометр түсіріп, берілген шығымға сәйкес түп қысымын өлшеуге болады. Осылайша ұңғыманың жұмыс режимін бірнеше рет өзгерте отыра, шығымның, айдалатын газдың меншікті шығынының, сағадағы жұмыс қысымының және түп қысымының өзгерісін алуға болады. Бұл берілгендер бойынша газ шығынына байланысты көрсеткіштердің өзгеру графигі тұрғызылады, олардың көмегімен газлифтті ұңғыманың таңдалатын лайықты жұмыс режимін, оған қоса, оптималды режимді орнатуға болады.


Газлифтті ұңғыма шығымының айдалатын газ шығынына тәуелділік графигі

Мұндай зерттеу ұңғыма жұмысының шарты туралы дәл мәлімет береді. Бірақ та манометрді түсіру – еңбекті көп қажет ететін процесс, сондықтан жиі жағдайда тек жұмыс қысымын өлшеумен шектеледі. График бойынша шығымның өсуі сәйкесінше түптегі қысымның, динамикалық деңгей мен жүктелудің, СКҚ башмагындағы жұмыс қысымының және сағадағы Рж қысымының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан Рж қисығының өзгеруі max дебитке Q қарсы min мәнге ие болу керек. Бірақ олай болмайды, себебі құбыраралық кеңістіктегі үйкеліс әсерінен өзгеріс, түп пен құбырлар башмагы арасындағы ГСҚ тығыздық бағанасының әсерінен болған өзгерістер енгізіледі. Координата басынан Q сызығына жүргізілген жанама - айдалатын газдың меншікті шығыны Rн = минималды болған кезде, газлифтті ұңғыманың шығымына сәйкес келетін 1 жанасу нүктесін анықтайды (2-нүкте). Q қисығындағы 3-нүкте сұйықтық шығымының максимумын білдіреді. Rн қисығындағы 4- нүкте максималды беріліс кезіндегі газдың меншікті шығынына сәйкес келеді.



 

13. Общая схема штанговой насосной установки, ее элементы и назначение.

Ұңғымаларды штангілі ұңғымалық сораптармен пайдалану әлемнің мұнай өңдеуші кен орындарының көп бөлігінде кең қолданыс тапқан. Бұл тәсілмен ұңғымаларды пайдалану жабдығына келесілер кіреді:

- тереңдік плунжерлі сорап;

- сорапты құбырлар мен штангілер жүйесі, мұнда сорап ұңғымаға ілінеді, балансир типті штангілі қондырғының келтірілетін бөлігі, ол тербелмелі -станок және қозғалтқыштан, сорапты құбырларды ілу және саға саңылаусыздығы үшін арналған ұңғыманың сағалық жабдықтарынан тұрады;

- Тербелмелі-станоктың балансир басына сорапты штангіні ілу үшін арналған құрал.

Ұңғымада СКҚ тізбегіне сұйықтық деңгейі бойынша сорап цилиндрі түсіріледі, оның төменгі жағында тек жоғарыға ашылатын қабылдаушы ( не сору) клапаны орналасқан.Содан соң сорап цилиндріне орнатылған плунжер деп аталатын, сорапты штангалар көмегімен СКҚ ішіне поршень түсіреді.

Плунжер тек жоғарыға ашылатын бір немесе екі клапаннан тұрады, олар лақтырушы немесе айдаушы деп аталады. Штанганың жоғарғы шеті тербелмелі-станоктың балансир басына бекітіледі.Сұйықтықты СКҚ- дан мұнай құбырына бағыттау үшін ұңғыма сағасында тройник және одан жоғары жылтыратылған (полирленген) шток өтетін сальник орнатылады.

Ұңғылық сорап редуктор, кривошипті-шатунды механизм және балансир көмегімен қозғалтқыштан айналмалы қозғалысқа келетін тербелмелі-станоктан іске қосылады,онда ұңғылық сораптың плунжеріне берілетін қайталама-айналмалы қозғалысқа түрленеді.

Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде оның астындағы қысым төмендейді, құбыраралық кеңістіктегі сұйықтық бағанасының қысымы әсерінен сору клапаны ашылады, және ұңғымадағы сұйықтық сорапты цилиндрге бағытталады.Бұл уақытта үстіңгі жақтағы сұйықтық бағанының қысымы әсерінен плунжердің айдау клапаны жабық болады. Плунжердің төмен жүрісі кезінде СКҚ-дағы сұйықтық бағанасы қысымының әсерінен қабылдау клапаны жабылады, ал плунжердегі клапан ашылады және сұйықтық СКҚ-ға бағытталады. Плунжердің үздіксіз жұмысы кезінде сору және айдау кезектесіп тұрады, нәтижесінде әрбір жүріс кезінде сұйықтықтың белгілі бір мөлшері сорапты құбырға түсіп тұрады. СКҚ-ғы сұйықтық деңгейі ақырын көтеріліп, ұңғы сағасына дейін жетеді. Мұнда сұйықтық сальникті қондырғысы бар тройник арқылы лақтыру желісіне бағытталады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...