Главная Обратная связь

Дисциплины:






ТҮріктердің Кіші азияға басып кіруінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз



ХІ ғасырдың 40- жылдары Шығыста жаңа түркілік мемлекеттің жұлдызы жанды. Ол селжук түріктерінің мемлекеті еді. Жаңа мемлекеттің негізін 993—1063 жж. өмір сүрген Тоғрыл-бек қалады. Ол Х—ХІ ғасырларда Сырдарияның ортаңғы ағысы мен Қаратау маңын мекендеген оғыз тайпалық одағындағы қайы руының көсемі Селжук ибн Тугактың немересі болатын. Хғасырдың аяғында Селжук бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс аударып, Аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң Селжукты қолдаушылар Мауераннахрға қоныс аударды. 999 жылы саманилер мемлекетін қарахандар басып алды. Селжуктер енді қарахандар жағында ғазнауиларға қарсы соғысты.1008 жылдан бастап селжуктер ғазнауилердің қорғауында болды. 4000 түрікпен селжуктеріне Амудариядан өтіп, Серахс пен Авиберда (қазіргі Түркмения) маңында қоныстануына рұқсат берілді. Тарихшылар Махмұд сұлтанның бұл ісін үлкен ағаттық деп санайды. Селжуктер Хорасанға қоныстанғаннан соң жергілікті халыққа зəбір көрсете бастады. 1025 ж. ғазнауилар селжук ибн Тугактың үлкен ұлы Исраилды (ол Шағрыл-бек, Тоғрыл-бектің əкесі еді) тұтқындап, түрмеде өлтірді. 1028 ж. Махмұд Ғазнауи селжуктерді Хорезмге қуып тастады. Бірақ 1030 ж. билік үшін күрес кезінде Масуд Ғазнауи Селжук түріктерін өз жағына тартты. Солардың көмегімен 1031ж. қаңтарда таққа отырды. Селжуктер Балхан (Балх) тауына қоныс тепті. 1035 ж. селжук ибн-Тугактың баласы Мұса ибн Селжук пен немелері Дауд Шағрыл-бек, Мұхаммед Тоғрыл-бектер бастаған түріктер Амудария өзенінен өтіп, қазіргі Түркмения жеріне қоныс тепті. . Тоғрыл-бек 1040—1050 жж. аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Əзербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1049 ж. Арменияны жаулау басталды. 1055 ж. Бағдад қаласы да селжуктер қол астына көшті. Аббастық халиф Қайым Тоғрылбекке «сұлтан» атағын беріп, екі жылдан кейін «Шығыс пен Батыстың патшасы» деген атағын бекітті. Тоғрыл-бектің мұрагері Алып Арыслан /1063—1072/ кезінде, 1064жылы Армения басып алынды. 1071жылы селжуктер Манцикерт маңында византи1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының арасында бөліске түсті.ялықтарды жеңді. 1071 жəне 1081 жылдар аралығында сельжуктер Кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.Мәлік шахтың кезінде Грузияны, қарақандар мемлекетін басып алды. Бірінші кресшілер жорығынан кейін /1096—1099/ сельжуктер Палестинадан, кейінірек Сириядан, Кіші Азияның теңіз жағалауларынан, Грузиядан айырылды. 1118 жылы Селжуктер мемлекеті Мелік-шах балаларының арасында бөліске түсті.

48Селжүк мемлекетіндегі аграрлық қатынастардың сипатын анықтаңыз Түркияда жер мемлекет меншігі болды. Жердің едəуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар жəне 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын займдар болып. Əсіресе əскери лендер басым болды. Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сұлтанның атты əскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сəйкес жорыққа белгілі бір əскер шығаруға міндетті болды. Жоғары əскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді-хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған заңдар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін жəне олардың шаруалармен қарым-қатынастарын қадағалады. Түркия жаулап алған Балқан жерлерінде ұсақ феодал — христиандар біршама мол сақталып қалды. Уақыт озған сайын олар мұсылман дінін қабылдап отырды немесе өздерінің жерлерінен айырылды. Халықтың басым бөлігі — феодалдық тəуелділіктегі шаруа лар өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық — харадж, джизья төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.Джизья— кəпірлерден алынатын қосымша салық болды. Ауыл шаруашылығы өнімінен алынатын салық /оннан бірі/ ушур деп аталды. Малдан да салық алынды. Егіншілікпен айналысатын халықтың басым бөлігі жерге бекітіліп қойылды жəне феодалдық немесе жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Түркиялық заңдар бойынша қашқын шаруаларды іздеп табудың мерзімі 10—15 жыл болып белгіленді. ХVІІғасырдан бастап шаруалардың жерлерін сауда-өсімқорлық капиталдың өкілдері мен янычарлардың жоғарғы топтарының не басып алып, не сатып алуларының нəтижесінде феодалдық жер иеленудің жаңа түрі пайда болды. Олар чифтиликтер деп аталды. Еуропаға қоныс аударған түріктер отырықшылыққа көшіп, Кіші Азиядағылары көшпелі мал шаруашылығымен айналыса берді.
49Ирандағы себзеварлар қозғалысының себептерін көрсетіп, Себзеварлар мемлекетінің құрылуының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз Хорасанның батысында 1337 жылы монғолдар билігіне қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол Себзевар маңындағы Баштин ауылында басталды. Шаруалар монғол уəкілін өлтірді. Көтерілісшілер Себзеварды алып, оны өз мемлекетінің астанасы деп жариялады. Себзеварлар əскери-көшпелі Монғол-түріктік үш жасақты тал- қандап, Нишапур қаласы мен батыс Хорасанды азат етті. 1344 жылы Сербедар мемлекеті ұзындығы 550 км, ені 200 км жерге тарады. Каспий теңізінің онтүстігіндегі Гурган аймағында көшіп-қонып жүрген соңғы монғол елханы Тоғай Темір хан сербедарлар көсемін келіссөз жүргізу үшін өз ордасына шақырды. Ол көтерілісшілер басшыларын алдап қолға түсірмекші болды. Сербедарлар көсемі Яхья Керраби хан ордасына 300 (бір деректер бойынша 1000) жауынгер жасақшысымен келді. Елханның арам ойын сезіп қойған сербедарлар ханнан бұрын қимылдауға бел байлады. Шарап құйылған кеселер таратыла бастағанда Яхья басын қаси бастады. Осы белгі бойынша сербедарлар қылыштарын суырып алып, монғолдарға шабуыл жасады. Елхан жауынгерлері жеңіліп, тымтырақай қашты. Сөйтіп, 1353 жылы елхан ордасы жойылды. Сербедарлар мемлекеті 1337 жылдан 1381 жылға дейін өмір сүрді.Мұндай көтерілістер ХІV ғасырдың ортасында Иранның басқа облыстарында да болып тұрды. Осындай көтерілістердің бірінің нəтижесінде Мазендеранда Сеидтер мемлекеті құрылды. Ол 1392 жылға дейін өмір сүрді. Көтерілістің жəне кейін құрылған өкіметтің басшысы сеиттік Кавам-ад-дин Мараши болды. Амул қаласы Сеид мемлекетінің астанасы болды. 1373 жылы сербедарлар көтерілісі Керман қаласында да болды. Көптеген ихта иелері мен дін басылары өлтірілді. Олардың мал мүліктері кəмпескеленді. Көтеріліс тоғыз айдан кейін жеңілді. Ирандағы феодалдық бытыраңқылық, өзара қырқысулар оны Темірдің жаулап алуын жеңілдетті. Жаулап алушылық 1380 жылдан 1393 жылға дейін созылды. 1381 жылы Темір əскері Себзеварды алып, Сербедарлар мемлекетін жойды. 1383 жылғы Сербедарлар көтерілісін Темір асқан қатыгездікпенбасты. Екі мың адам тірідей көмілді деген дерек бар.   50.Әмір Темір жорықтары және Әмір Темір мемлекетінің қалыптасуының тарихи жағдайларын көрсетіңіз Ақсақ Темір билігінің /1370—1405/ орнауымен Мəуереннахрдағы Шағатай билігі жойылды. Темірдің жеңісті жорықтарының нəтижесінде Орта Азияда оның бастауымен қуатты держава құрылды. Темір Иранға, Хорезмге,Закавказьеге, Кіші Азияға, Индияға жорықтар жасады. Жаулап алынған елдерден алтын, күміс, бағалы заттар алып келіп, Темір салтанатты сарайлар, мешіттер салғызды. Ол Орта Азия қалаларында қол өнері мен сауданы өркендетуге, суландыру жүйесін кеңейтуге тырысты.Темір өзінің əулеттері мен əмірлеріне /өзі де «əмір» атанды/ тұтас облыстарды мұралық иемденуге /«Союргал»/ үлестіріп беріп отырды. Ол жерлерден түсетін табыстардың біраз бөлігі жергілікті əкімшілікке, біраз бөлігі мемлекеттік қазынаға өтіп отырды.Шаруалар XIII—XIV ғасырлардағыдай, «харадж» деп аталған жер салығын, «джизья» теп аталған жан басы салығын төледі. Сонымен қатар шаруалар «бегар» деп аталған барщиналық міндеткерліктер де атқарды. ХІV ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда бірнеше халық көтерілістері болды. Мысалы, 1365 жылғы Самарқандағы халық көтерілісін Мəулен-заде деген медресе шəкірті мен Əбу Бəкір Келеви деген мақта түтуші басқарды. Қаланың еңбекші халқы өкімет билігін өз қолына алды. 1388 жылы көтеріліс Хорезмде болды. Бұл қозғалыстарды Темір басып тастап отырды. 1395 жылы Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты /Алтын Орда ханы/ талқандап, орыс жеріне қарай аттанды. Оның қолдарының орыс жерлеріне келіп кіруі Мəскеуде қауіп-қорқыныш туғызды. Қала қорғанысқа дайындала бастады. Бірақ Темір Рязань жерінің шекарасында екі апта аялдағаннан кейін, Азов пен Каспий бойындағы далаларға қарай бұрылды. Кетер алдында Елец қаласын талқандады. Темірдің Алтын Орданы талқандауын Мəскеу өкіметі тиімді пайдалана қойды: ол Алтын Орда бекіткен алым-салықты төлеуін тоқтатты. Темір өлген соң Орта Азиядағы билік үшін өзара қырқысулар күшейді. Темір империясы бұрын басып алған жерлерінен қайта айырыла бастады. Темірдің баласы, əрі мұрагері Шахрухтың (1405—1447) тұсында Темір ұрпақтарының қолында Орта Азия, Ауғаныстан мен Иран ғана қалды   51.Дели сұлтанатының қалыптасуының тарихи жағдайларына сипаттама беріңіз 1206 жылы Шихаб-ад-дин /Мухамед Гури/ өлген соң оның Солтүстік Индиядағы наместниктері Газнидің жаңа патшасын мойындаудан бас тартты. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-Ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның билігін ғана мойындады. Газни мемлекетінен бөлінген мұсылман феодалдары Дели сұлтанатын құрды. Айбектің қол астына біріккен наместниктер бара-бара бір-бірімен соғысып, сұлтанат əлсіреді. Осы жағдайды Үнді княздары пайдаланып қалуға тырысты. Олар тəуелсіздіктерін қалпына келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің көпшілігі қайтадан Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі келмеген облыстарды күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели Сұлтандығы нығая түсті. Бірақ 1221 ж. Пенджабқа Хорезм шахы Джелал-ад-динді қуып келген монғолдар басып кірді. Шыңғыс ханның əскері батыс Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.1241 жылы моңғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа басып кірді.Осы жерден Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол шапқыншылығына қарсы жергілікті феодалдар бір орталыққа бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы1206—1526 жж. өмір сүрді. Оны ХV ғасырдың ортасына дейін түрік халқының өкілдері, ХV ғасырдың ортасынан — ауғандық Лоди əулеті басқарды. Дели сұлтанатында жер мемлекеттің меншігі болып табылды. Жерді беру, оның салық мөлшерін анықтау мəселелері сұлтан билігіңде болды. Əрбір жеке феодалға сұлтан мемлекеттік рентадан үлес алуға грамота беретін. Сұлтанның жекелеген феодалдарға рента салық үлесін алып беретін жерлері үш категорияға бөліңді.1. Ихта. Бұл əскер басыларына берілетін жер үлесі. Ол үлес уақытша берілді. Үлес əкеден балаға мұра ретінде берілмеді. Үлестің мөлшері əскер басының атақ лауазымына, соған сай ұстайтын əскерінің санына қарай белгіленді. Үлестен түскен табыстың оннанбірі немесе ең азы — жиырмадан бірі əскер басына қалатын. Сол табысқа əскер басы — феодал атты əскер ұстауы тиіс болды. Сұлтан шақыра қалған кезде өзі қаруландырған əскерімен келуі тиіс болды.Ихтаның мөлшері əскери феодалдың атақ шені өскен сайын ұлғаятүсетін.2. Инам жəне вакф. Инам дін басыларының, оқымыстыларының,молдаларының жер үлесі. Инам əкеден балаға мұра ретінде қала беретін. Вакф — мешіттер мен медреселердің жері болды. Ол мекемелер жабылып қалса, жер қайтадан мемлекет қарамағына көшетін. 3. Заминдарлар. Заминдар деген жергілікті үнді феодалдары. Олар өз қарамағындағы шаруалардан жер салығын жинап алып үкіметке өткізетін. Өз жалақысы ретінде жиналған салықтың белгілі бір мөлшерін алып қалатын. Заминдарлар əскери міндеткерлік атқарған жоқ. Олар өз қарамағындағы жерлерді басқа біреулерге сыйлауға,үлестіруге, кеңейтуге құқылы болды. Заминдарлар жері де əкеден балаға мұра ретінде қалып отыратын. Бірақ мемлекеттің қажет болған жағдайда жерді алып қоюға құқы болды.Бірақ үкімет ешқашан Заминдарлар жерін тартып алуға құқылы болды.




sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...