Главная Обратная связь

Дисциплины:






І. Тест тапсырмалары



І нұсқа

А критерийі

1.Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күрес ұйымдастырған жылдар:

А) 1847-1857 жж

В) 1856-1857 жж

С) 1843-1847 жж

Д) 1837-1847 жж

2.Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері:

А) Қару-жарақтың нашарлығы

В) Жергілікті ақсүйектердің сатқындығы

С) Кенесары Қасымұлының қолдамауы

Д) Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігі

3.Қазақтардың төбесі күмбез тәріздес, ет сақтайтын, ас пісіретін үйі:

А) Киіз үй

В) Жертөле

С) Шошала

Д) Күйме

4.Егістік жерді суару үшін қолданылған құрылғылар:

А) Атпа, шығыр

В) Құдықтар

С) Сардобалар

Д) Арықтар, каналдар

5.Екі-екіден ортадағы алаңға шығып, бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасу ұлттық ойын:

А) Көкпар

В) Аударыспақ

С) Қазақша күрес

Д) Ақсүйек

6.XIX-XX ғасырларда өмір сүрген атақты қазақ спортшы:

А) Серік Қонақбаев

В) Жақсылық Үшкемпіров

С) Нұрмағанбет Баймырзаұлы

Д) Дәулет Тұрлыханов

7.1867-1868 жж реформалар бойынша Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлықтар:

А) Орынбор, Батыс-Сібіргенерал-губернаторлықтар

В) Батыс-Сібір, Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтар

С) Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтар

Д) Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан генерал-губернаторлықтар

8.Батыс-Сібір генерал-губернаторлыққа енген облыстар:

А) Ақмола және Семей

В) Жетісу және Сырдария

С) Орал және Торғай

Д) Павлодар және Қарқаралы

9.1867-1868 жж қабылданған реформалар бойынша әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін енгізілген қосымша салық:

А) Харадж

В) Қара шығын

С) Зекет

Д) Түтін салығы

10.1867-1868 жж реформаларға қарсылық ретінде ұйымдастырылған көтерілістер:

А) Оңтүстік Қазақстандағы көтерілістер

В) Бөкей хандығындағы Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістер



С) Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер

Д) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

11.Сауда-саттықты жандандыру үшін Ресей патшалығының үкіметі 1881 жылы Петербургте келісім жасады:

А) Англиямен

В) Қытаймен

С) Жапониямен

Д) Үндістанмен

12.Отаршылдық саясаттың белгісі ретінде XX ғасырдың басында жүргізілген аграрлық реформа аталынды:

А) Ресейлік аграрлық реформа

В) Азиялық аграрлық реформа

С) Бұратана халықтардың аграрлық реформасы

Д) Столыпиннің аграрлық реформасы

В критерийі

І.Контурлық картаға 1867-1868 жж. және 1880-90 жж. реформалар бойынша Қазақстан территориясында болған өзгерістерді белгілеп, қасына комментарий жазыңдар:

 

С критерийі:

II. XIX ғасырдың екінші жартысында XX ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді талдаңдар, талдаудың негізіне төменгі жоспарды қолданыңдар:

1.Көшпелілердің әлеуметтік жағдайының өзгеруі

2.Көшпелі шаруашылығында пайда болған өзгерістер, отырықшылықтың әсері

3.Капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі

4.Сауданың дамуы

Критерий Д –

I.Берілген иллюстрацияларда қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері көрсетілгенін анықтап, қысқаша сипаттама жазыңдар:

 

Иллюстрациялар Салт-дәстүрдің атауы Қысқаша сипаттамасы
   
   
   
   
   
   

 

Оқушының аты-жөні:_________________________________________________________________________

Сыныбы:_________

Бағалау:

А критерийі_______

В критерийі_______

С критерийі_______

Д критерийі_______





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...