Главная Обратная связь

Дисциплины:






ХYI – ХYII ғғ қазақтардың шаруашылығы; қоғамдық құрылысы мен мәдениеті



ХV-ХVII ғғ. Қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстықтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасатын. Малдың негізгі түліктері қой , жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігін бірден-бір қолайлы түліктер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды.Қазақ халқының өмірі ілгері барған сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-ХVIII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңында егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Егіншілікпен көбіне көшіп қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдары – тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау қңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға көміліп сақталды. Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңыз алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар, т.б қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Сондықтан Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында қолөнер басым дамыды. Қазақ халқы өте ауыр кезеңді бастан кешірсе де, өзінің ата-бабаларының ертеден қалыптасқан мәдени қазыналарын сақтап қалды. Мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Мәдени даму отырықшылық-қалалық жерлерде көшпелі және жартылай көшпелі аудандармене салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазаңғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері,Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқындығымен ерекшеленеді. Қазақтар көктемде 22-ші наурызды, күн мен тұннің теңелетін кезін "наурыз тойы" деп атап өтуді ертеден ідетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар ағаййын-тума, ауыл-аймағын аралап, жаңа жылмен құттықтап, молшылық пен егіндіктің түсімді болуына тілектестік білдіріп, бата берді. зерттеулер ХV-ХVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар мен саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. ХV-ХVII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да, оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де халық арасынан шыққан дарынды адамдар – ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасынан көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Әншілер, күйшілер, ұлттық ат спорты ойындарының шеберлері, алуан түрлі сауыққойлар, күш иелері балуандар, құсбегілер жалпы халықтық тойларда өздерінің даңқын шығарып жүрді. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, т.б. жыраулар. Олар Әбілқайыр хан мен Жәнібек хан заманында өмір сүріп, сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға қосып көрсете білген адамдар. Халықтың ауыз әдебиетітуындыларында көшпелі малшы халықтың көзқарастары, ұғымдары мен еңбегі, олардың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек тәжірибесі жан-жақты бейнеленді. Әсіресе соның ішінде салт-сана өлеңдерінің көптеген үлгілері өздерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерімен құнды. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғалар,а құрылған. Мысалы, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. ХV-ХVIII ғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1682-1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...