Главная Обратная связь

Дисциплины:






Жана экономикалық саясат



РКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы.Жер-су реформасын жүзеге асыру.1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп бердіШетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 2)1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. 3)Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.4)Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды.5)Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. 6)Мал саны 29,9 млн.-нан – 16,3 млн.-ға кеміді. \ 1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды: 1)Азық-түлікті, отынды тегін босату; 2)Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету; 3)Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау. \ Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады: 1)Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 2)1921 жылғы ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 3)1921 жылғы наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. 4)Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. \ XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: 1)Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты. 2)1921 – 1922жж. жаппай ашаршылық. 3)Мал шаруашылығының ауыр жағдайы. 4) Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті. \ 1921 жылғы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі). \ ЖЭС-тің белгілері:1)Азық-түлік салығы. 2)Сауда еркіндігі. 3)Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. 4)Ауыл шаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. 5)Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. 6)Енбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. \ ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру. 1)1921 жылғы наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 2)1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. 3)Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. \ Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: 1)Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 2)6 және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды.3)Бірыңғай заттай салық белгіленді.4)Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі лынды. 5)1924 жылғы 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді. 6)Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. \ Салықтан жиналган каражаттар мына ;злаларға бөлінді: 1)Қорғаныс ісіне. 2)Халық ағарту ісіне. 3)Ауыл шаруашылығына. 4)Ірі өнеркәсіпке. \ Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. \ Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: 1)Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн.га, 1928 жылы- 4 млн.га-ға өсті. 2)Мал шаруашылығы 1924 жылы – 24,8 млн., 1928 жыл - 41 млн.-ға көбейді. 3)Шаруа қожалыктары 1924 жылы – 737мың, 1928 жылы-1 млн.333 мыңға жетті. 4)Астық өндіру 1924-1925 жылдары – 64618650 пұт, 1928-1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. 5)103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы ( Оңтүстік Қазакстан) құрылды. \ Шаруалардың жіктелу процесі күшейді: 1)Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 2)1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды. 3)Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді. \ ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одактық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпыодактық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазак АКСР- інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты.Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б. Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай. 1922 жылы ағылшын кәсіпкері Л. Уркварт Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданбады. 1920 жыл – Шымкент сантонин зауыты салынды. 1923 жыл – Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40% -ын берді. \ Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды. 1927-1928 жылдар – Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды. \ ЖЭС кезінде сауданың маңызы артты. 1921 жылғы 24 мамыр – «Айырбас туралы» декрет жарияланды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді1927 жыл - 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы- 30 млн. сомға жетті. \ Басты жәрмеңкелер: а)Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. Б)Ақмола губерниясында – Атбасар.с)Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.в)Бөкей ордасында – Орда. \Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1)Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2)Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3)Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді 4)Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. 5)ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж) Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бәрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең әуелі орталықтың мүддесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.



56. Қазақстанды индустриаландыру, оның дамуы, қиыншылықтары, жетісті Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на жетті. 1925 жылғы желтоқсан - БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру– халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бес-жылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: 1)Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 2)Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. 3)Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар.4)Жергілікті мамандардың жетіспеуі.5)ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. 6)Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.7)Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. \ Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4 %) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:а)Өлкенің техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою. Б)Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. \ Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің (1925-1933ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет" деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. \ "Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты: 1)Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту. 2)Өлкені шикізат базасы ету. \ Голощекин бұл қағидасын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.\ Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуакасов "Кіші Қазан" бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты: 1)Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2)Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру. \ Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: 1)"Түйеден социализмге" өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды.2)Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді.3)Қазақтармен енеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес. 4)Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді. С.Сәдуакасов пен Ж. Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары "ұлтшылдық көрініс" деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер "ұлыдержавалық шовинизм көрінісі" деп есептелді. \ Индустрияландыруды жүзеге асыру.Индустрияландыру – өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. 1)Акамедик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлыктарын зерттеп, "ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы" деген тұжырым жасады. 2) Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. 3)Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезказған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. \ 1927 жыл - Түркістан - Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. В.С.Шатов - құрылыс бастығы.Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов (1894-1938жж) – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. Т.Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М.Тынышбаев (1879-І937жж) енгізілді. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол теселіп, 7 айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті:• 1930 жылғы 28 сәуір - солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. • 1931 жылғы қаңтар - Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. \ Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы: 1)Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды.2)Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті. 3)Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. \ Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды:Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды \ Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1)Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.2)Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.3)Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4)Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. 5)Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 213 есе асып түсті. \ Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: а)Шаруаларға үстеме салықтар салу.б)Республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау). в)Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. г) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. Д)Жазалау саясатын қолдану. Е)Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану. \ Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1)Халық дәстүрі бұзылды. 2)Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.3)Лагерьлер жүйесі орнықты. 4)Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды.5)Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді. \ Индустрияландыру ерекшеліктері: 1)Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 2)Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан әкелінді. 3)Жергілікті мамандар жетіспеді. \ Урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді:1930 жылдың аяғы - қала халқы- 29,8%; 1939 жыл - қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп) 1926 жыл – қазақтар 2,1%, соғыс қарсаңында – қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда 16%-ға жетті.Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. 1928 жылы 19,8%; 1935жылы-43,%-га өсті. \ Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1)Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы. 2)Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі.3)Ұлттық жұмысшы табының құрылуы.4)Инженер-техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы.5)Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.6)Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды.7)Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.

57.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1931-1933жж. аштық. Ұжымдастыру қарсаңында.Жаңа экономикалық саясат нәтижесінде кооперативтік қозғалыс дами түсті. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ-ды қалады.1927 жылғы 1 қазанда республикада кооперация шаруа қожалықтарының 23,1%-ын қамтыды: 1074 тұтыну қоғамы (312-сі ауылдарда) 140 факторий (кешпелі халықтың ең қарапайым коорперативтік бірлестігі) 1072 ұжымдық шаруашылық орнап, 101 коммуна, 77 артель, 294 ТОЗ құрылды. Қызыл отаулар сауатсыздықты жою, кедейлерді кооперативтерге тартуды ұйымдастырды. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды.Орташалар байлар қатарына жатқызылды.2)Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3)Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.4)Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.5)Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. \ Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды: 1928 жылы – 2%, 1930 жылғы 3 сәуір – 56,4%, 1931 жылғы қазан – 65%. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды: жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жыл – 5.500 отбасы жер аударылды. 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. \ 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

Бұл саясат жоңғар шапқыншылығы кезіндегі апаттың кеңестік нұсқасы болып табылады.

 





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...