Главная Обратная связь

Дисциплины:






жыл 22 маусым- фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды. 2 страница



-КСРО-да-13.4 млн га

-Қазақстанда-6,5 млн га

Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар,ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді.1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді.Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды.1954жылы Қазақстан тыңында 120-дан астам совхоз құрылды.1954 жыл тың жер астықтың жарпы түсімінің 40% берді.Тың игеру жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.Алайда табысқа алғашқы жылдары ғана қол жеткізді.Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді.Жайылымдармен жем,шөп дайындайтын жерлер тарылды.Топырақ эрозиясы күшейіп,жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Тың жерлерді игеру саясатының жағымды құбылыстары:Қазақстан КСРО ның негізгі астықты аймағына айналды,көп ұлтты республика болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолддар мен елді мекендер көбейді.Жағымсыз құбылыстары:экологиялық жағдай ауырлады,мал шаруашылығы төмендеді,жер,су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.

65. 1965-1985 жылдардағы Қазақ КСР-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.

1965-1985 ж.зуспубликаның өнеркәсібі өсті. Оны дамыту үшін 40 млрд. Қаржы жұмсалды. Химия,мұнай саласы 3 есе,машина жасау 5 есе өсті. 70-80- ж.Қаз-да шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп,орындар болды. Тауарлардың 60 пайызға жуық Қаз-ға басқа республикалардан әкелінді. Қаз-нан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1млрд.700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Қаз-ғы өнеркәсіптердің 50 пайызға дейін орталықтағы министірліктерге бағынды. Одақтық министірліктер Қаз-ның әлеуметтік дамуына,ұлттық кадрлары дайындауға көңіл бөлмеді. 70 ж-дан бастап экономика,мәдени-саяси өмірде тоқырау құбылыстары белең алды. 1965-1985 жж Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы,дағдарыс құбылысы. КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді. 60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.



66. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).

Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны Қазақстанның партия,кеңес органдары қызметінен байқауға болады. Тоқырау жылдарында одақтың барлық ауқымында ,оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт саясатында,әлеуметтік экономикалық және кадр мәселесінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кеің өріс алды. Михаил Горбачевтың реформаларына байланысты демократияландыру қадамдары кезінде қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов, одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың бақылауын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік орталықтың республикамызға бірінші басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы - отқа май тамызғандай болып шықты. Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа атқылады. Желтоқсандықтардың империялық Орталықтың алдына қойған негізгі мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге шыққандардың көтерген транспаранттарынан анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік принциптерді сыйлауды талап етеміз!», «Қазақстан жасасын!». Басқаша айтқанда, қозғалыс әлеуметтік талаптар ауқымынан шығып, айқын саяси сипат алды. Бұл 1917 жылы алаш автономиясы туын көтерген қайраткерлерден кейін, біраз уақыт салып ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік мәселесінің қайта көтеріліп, ашық түрде қойылуы еді. Бұл бір қалалық немесе аймақтық құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала - Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, желтоқсанның 17-25 күндеріндегі Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы толқуларға 30 мыңдай адам қатысқан. Қазақстандағы наразылықтың кең ауқым алуынан үрейленген империялық Орталық оны күшпен басу жолына түсті. Алматыға арнайы даярланған әскер күштерін әкелді. Бұған да қанағаттанбай, шерушілерге қарсы мыңдаған дружинниктердің қолына темірден жасалған сойылдар берді. Қарулы әскер мен дружинниктердің қолынан ондаған қазақ жастары қаза тапты. Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және басқа да ұл-қыздарымыз халқымыздың жадында мәңгілік орын алатыны сөзсіз. Көтерілісті аса қатыгездікпен басып-жаншу әлем жұртшылығының ашу-ызасын тудырып, көптеген елдерде «желтоқсандықтарға» қолдау қозғалысы өрістеді. Қазақ халқы Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде саяси тәрбиенің үлкен мектебінен өтті, ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты биікке асқақтатты. Желтоқсан көтерілісінен көп ұзамай, қол жеткізген тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, абыройлы, айбынды елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты көре алмай кеткен ата-бабаларымызға, желтоқсан құрбандарына қойылған басты ескерткіш.

67. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Тарихи маңызы: Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.

­­­­­68. 1945-1991 жж Қазақстанның мәдени өмірі.

Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелінді.Республика мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелердің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.Жаңа баспалар құрылды. Олар: «Қайнар», «Жалын», «Өнер» баспалары.Селолық жерлерде алты мыңнан астам клубтармен мәдениет сарайлары қызмет етті.Оларда он екі мыңнан астам көркемөнерпаздар жұмыс істеді. 1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді.Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы болды. 1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты.Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллон 266,1 мың бала оқыды. 20 ғ. 60-80 жылдары қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Нұршайықовтың, Мақатаевтың, Айбергеновтың, Сүлейменовтың, Шахановтың, Мырзалиевтің, Оңғарсынованың, Кекілбаевтың және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Қалдаяқовтың, Хамидидің, Тілендиевтің, Еспаевтың, Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. «Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа» , «Қыз Жібек» , «Атаманның ақыры», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика киноөнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларында да салқынын тигізбей қоймады.Республика экономикасының орталық ведомстваға бағыныштылығы ,мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көпұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді. Осы жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды.Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні ьар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Олардың кейбір еңбектері шет елдерге де мәлім болды.Ондай ғалымдарға Ахметсафин, Айтхожин, Марғұлан, Букетов секілді ғалымдарды жатқыза аламыз. Қазақтар негізінен ауыл шаруашылығы, медициналық және гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Ғылыми техникалық прогресті жетілдіруге үлес қосатын жаратылыстану ғылым салаларында олардың үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қазақ тілі мен әдебиетіне және оларды оқыту әдістемесіне қатыстыларынан басқасы түгел орыс тілінде жазылды.Ғылым академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра,әлеуметтік психология эстетика, кибернетика, социология, демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді.Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зеттреуге жұмылдырылды.Соның салдарынан көпшілік санасында Қазақ төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған ,мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында қол жеткізді деген ұғым қалыптасты.Өткен ғасырда өмір сүрегн мемлекет қайраткерлерінің :хандары мен билерінің ,ел қорғаған қолбасылар мен батырларының есімдері ұмытыла бастады.

 

69. Егемендік туралы диклорациясы

1990 ж25 қазан Қаз-ың Егемендігі туралы Диклорайия қабылданды. 1991 ж. Қазақ КСР Қауыпсыздық кеңесі құрылды.1991 ж. 16 желтоқсанда Қаз-ан республиканың тәуелсіздігі жарияланды. 1 желтоқсанда Қаз-ан Респуьлика президенті Н.Ә. назарбаев сайланды. 17 желтоқсанда Демократиялық жаңару күні болып жарияланды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.1992 ж 2 наурызда БҰҰ мүшесіне кірді. Қ.Р. барлық мемлекеттермен өзара қатынас халықаралық хұқ принциптері бойынша құрады. Қ.Р. териториясы қазіргі шекараларында біртұтас,бөлінбейтін ж/е қол суғуға болмайтын територия болып табылады.Қ.Р. мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты болып келеді. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға құқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады. 1991 ж. 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы» «Қазақстан Республикасы» деп өзгертілді. Ал 16 желтоқсанда 7-сессияда « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. Осы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн жылда Тәуелсіздік күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет бауырлас Түркия елі болды. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет ретінде анықталды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...