Главная Обратная связь

Дисциплины:






жыл 22 маусым- фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды. 3 страница



70. КСРО-ның ыдырауы: себептері мен салдары.ТМД-ның құрылуы.

КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.



71-сұрақ«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдандыДекларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді.Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады.Бұл сайлаудан шаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл орайда, Елбасының тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру арқылы өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолдану қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті.Осылай 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде халық қолдаған Президенттік биліктің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды.1991 жыл, 10 желтоқсан – «ҚазССР» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді.Елдің атауын өзгерту жай бір термин ауыстыру емес, өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдіреді. Бұл үшін бүкіл әлеументтік-экономикалық негізді түп тамырымен өзгерту керек болады.Осы мақсатта біртұтас идея қажет еді. Ол – егеменді демократиялық Қазақстан мемлекеті. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрамында болған республика өміріне сай көне атаудан бас тарту осымен түсіндірілді. Өзін өзі жойған «советтік» және «социалистік» идеологиялық терминдер жалпы демократиялық құқықтық даму жолына түскен, көппартиялық және плюрализмі бар республика титулына қала алмайтын болды.Жаңа атау, өзінің мемлекет құру құқын жеңіп алған титулды, жергілікті қазақ ұлтының рөліне ерекше көңіл аудара отырып, ұлтаралық келісім бағытымен келе жатқан республиканың саяси-этникалық ерекшелігіне де жауап береді. Қазақстанды мекендеген жаңа бауырластық қоғамының қалыптасу бастамасы осылай қаланды. Осы сәттен бастап, «Қазақ Советтік социалистік Республикасы» атауын өзгерту туралы заңда айтылғандай, Қазақстан халқы өзін өзі билеу, адам құқы бостандығын баянды ету принциптерімен, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық көпқырлылығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт өмірді сүйетін, құқықтық мемлекет құруға тиіс делінді.Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси-этникалық өркениеттің құрылуы басталды. Онда қазақ ұлты қайта туады, оған кіретін ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезінетін болады. Іс жүзіндегі егеменді Қазақстанды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте белсенді әрекет ететін, халықаралық қатынастардың өзіндік субьектісіне айналдыру қажеттілігі айқындалды.1991 жыл, 16 желтоқсан – «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдандыДәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды.Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді.Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.

72-сұрақ( Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.))

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға .... Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті,әсіресі банк, несие,инвестициялық, ақпараттық, технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді.Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,- деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Жақсы жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар. Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен сапасы, оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап, реформаларды «ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституция Заңын 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады.Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да өндірістің қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған «нарықтық» институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделмеген еді.Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша эмиссиясы өсті, ақшалай табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының көлемі баға факторы есебінен артып отырды.Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады.Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi мен қызметi 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргiзiледi. Аталған құжат мемлекеттiк басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары атты Президент жарлығының жалғасы болып табылады.

73.Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).

Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Бұл егеменді Қазақстанға демократиялық өзгерістердің нәтижесінде келген саяси плюрализмнің нақты көрінісі. Мұратымыз демократия құру болғандықтан, еліміздегі партиялық жүйені жетілдіру, оны дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын. Он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. 2004 және 2007 жылдардағы Парламент Мәжілісіне, 2005 жылғы Президенттік сайлаулар да партиялық алаңда біршама өзгерістер алып келді. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2006 жылы 10 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) құрылды. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. 1.«Отан» республикалық әлеуметтік-демократиялық партиясы: партия көшбасшысы – Елбасы Н.Назарбаев. Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады. 2. «Асар» партиясы көшбасшысы «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын. 3. Қазақстанның азаматтық партиясы еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев. 4. Қазақстанның аграрлық партиясы жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов. 5. «Руханият» партиясы әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген тұрғындарға сүйенеді: әйелдер, мүгедектер, негізінен білім беру және денсаулық сақтау саласындағы интеллектуалдық еңбек қызметкерлері, сонымен қатар партия аталмыш тұрғындардың мүдделерін қорғайтынын хабарлады. Орталықшыл мәтіндегі партия болып табылады. Өз бағдарламасына сәйкес партияның басты мақсаты – әйелдер мен студенттердің ғылыми, шығармашылық, техникалық зиялыларын саяси өмірге қатыстыру. Негізгі мақсаты – халықтың тәлімдік, діни жаңғыруы. Партия жетекшісі – А.Жағанова. 6. Қазақстанның демократиялық партиясы. Мақсаты – демократия қағидаларына, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа, бос нарықтық экономика мен заңның жоғарылығына негізделген хұқықтық мемлекеттікті нығайту. Төрағасы – М.Нәрікбаев. 7. «Ауыл» шаруашылық әлеуметтік-демократиялық партиясы: Партия төрағасы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА академигі Г.Қалиев. Осы сияқты басқа да саяси партиялар жұмыс істеуде.

74. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).

Болашақ мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның келешек үшін маңызы. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Нұр Отан» ХДП-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіретін кадрлар жасақтауға белсене араласып, партиядағы әлеуеті зор жас мамандардың ролі айрықша аталып көрсетілді. Жас ұрпақ, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері еліміздің ертеңі үшін барынша белсене қызмет етуге міндетті деп есептеймін. Келешекте кәсіби білікті мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруда шешуші роль атқара алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Біздің қоғам үшін жастардың саяси білім деңгейі жоғары, талғамы биік, аналитикалық ойлау қабілеті болғаны керек. Бұған тек ақпараттық-мәдениет ғана емес, нақты практикалық іс-тәжірибе арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан Елбасы ұсынысы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жастар қанатының» құрылуы пар­тия­лық-идеялық сабақтастықты қамтамасыз ету шарасынан туған қажеттілік деп білеміз.«Болашақ» бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан туған, ТМД көлеміндегі бірден-бір жастарға арналған және Нұрсұлтан Әбіш­ұлының жеке бастамасымен қабылданған ерекше бағдарлама екенін ескерсек, бұл біздің жастарымызға бұйырған бақыт деп бағалауымыз қажет. Президент атынан берілетін «Болашақ» стипендиясы – бұл жастардың қабілеттерін саралаудың ең биік деңгейлерінің бірі болғандықтан үміткерлерге деген талаптың өте жоғары болуы орынды.Бағдарламаның жүзеге асырылуы арқылы жаңа буын мамандарды үздік шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау дер кезінде қолға алынған және оның Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын шешуші тарихи қадам болып отыр. Сол бағдарлама негізінде бүгінге дейін жүздеген жас буын өкілдері әлемнің атақты оқу орындарында білім алып, біліктіліктерін ел игілігіне жұмсауда. Бүгінгі күні ел экономикасы ертеңгі күннің сұранысына жауап бере алатындай бәсекеге қабілетті қалыпта дамып отырған болса, бұл жетістікте қазір әртүрлі салаларда қызмет атқарып жүрген «болашақтықтардың» да үлесі зор. Аталған бағдарламаның және бір тиімділігі – стипендиаттар қай елде білім алса олар сол елдің экономикалық моделінен, даму ерекшеліктерінен, тарихы мен мәдениетінен, ұлттық құндылықтар жүйесінен мол хабардар болып оралады. Жастардың таным-түсінік дең­гейінің осынша өсуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын білікті­лікпен жүзеге асыруда, интеграциялық процестерді байыппен жүргізуде қажетті интеллектуалды мүмкіндік болып табылады.2005 жылдан бастап 4000-нан астам үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. «Болашақ» бағдарламасы түлектерін шетелде алған біліктіліктеріне сәйкес ел экономикасының басымдыққа ие салаларына жұмысқа орналастыру қолға алынуда. Әсіресе, жастарды ауылға тарту үшін ауылдық жерлерде осы заманғы әлеуметтік инфрақұрылымдар құра отырып, оларды жұмыс істеуге ынталандыратын түрлі әлеуметтік же­ңілдіктер берілуі қажет. Бұл жеңілдіктер қатарында қосымша көтерме қаржылар төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысын көбейту мәселелері жақында ғана Мәжілісте қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне ауылдық елді мекендердің әлеу­меттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылды. Аталған Заң жобасы аясында ауылдық жерлерде қызмет жасауға бел буған денсаулық сақтау, білім беру, әлеу­меттік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына біржолғы көтерме жәрдемақы





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...