Главная Обратная связь

Дисциплины:






жыл 22 маусым- фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды. 4 страница



75.Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).

Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Қ. Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шара/ын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күш/ді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін құрылған «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде 2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды. 2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсат/ы: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау. Қазіргі кездегі ШЫҰ мүшелері: Қ, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. ШЫҰ жанындағы бақылаушы статусына ие елдер: Монғолия (2004 жылдан бастап), Үндістан, Иран және Пәкістан (2005 жылдан бастап). 2009 жылы маусымда Екатеринбургте өткен саммиттте қабылданған шешім бойынша Белоруссия мен Шри-Ланка сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери блок емес және жабық альянс та емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсат/ы: өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық мен қауіпсіздікті қолдау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.ШЫҰ жоғары органы ШЫҰ-ға мүше мемлекет/дің мемлекет басшы/ының кеңесі болып табылады. Кеңес басымдылық/*ды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыт/ын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеу негізгі мәселе/ін шешеді, басқа мемлекет/мен және халықаралық ұйым/мен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселе/ді қарастырады. Кеңес жылына бір рет жиналады. Мемлекет басшы/ының кеңесін ұйымдастырған мемлекет басшысы мемлекет басшы/ының кеңесінің отырысында төрағалық етеді. Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының өтетін жері, әдетте ШЫҰ-ға мүше мемлекет/дің мемлекет атау/ының орыс алфавитінің ретіне сәйкес белгіленеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекет/дің Үкімет басшы/ының кеңесі (премьер-министрлер) Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мәсел/ін қарайды және шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министр/інің кеңесі Ұйымының ағымдағы қызметінің, мемлекет басшы/ының кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық проблема/ бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мәселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мәлімдеме жасай алады.ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесі өзара ықпалдастықтың нақты салаларындағы ынтымақтастық мәселлерін қарайды. Сыртқы экономикалық және сауда қызметі, көлік, білім беру, мәдениет, қорғаныс және төтенше жағдайларға жауапты министрлер жүйелері бойынша үйлестіру тетіктері жұмыс істейді. Ұйымға төрағалық 1 жылдық кезең ішінде жүзеге асырылады, кезекті саммит аяқталғаннан кейін басталып, төрағалық етуші мемлекеттің аумағында ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кезекті отырысын өткізумен аяқталады. 2010 жылы 10-11 маусымдағы Ташкентте өткен саммитке дейін Ұйымға Өзбекстан төрағалық етті. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді. 2011 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы онжылдығының Астана декларациясы. ШЫҰ-ның бас хатшысы -Мұратбек Иманалиев.



Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланыстыОрталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

76.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді.Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді.Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

77.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»(27 қаңтар 2012ж.)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.- Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыру басымдықтары.Екінші. Қолжетімді баспана. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.Үшінші. Өңірлерді даму. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.- Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті.Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым, - деді Президент.Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет.Бесінші. Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу - маңызды міндет. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне президенттік кадрлар корпусына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодексті, жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту – маңызды мәселе.Жетінші. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады.Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі қажет.Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғытудың басты бағдары болып қала береді. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт, елорданы қосқанда, елдің орталық өңірлерін газдандыруды қамтамасыз ететін құбыр желісі жүйесі және өзге де индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамытудың бірқатар жаңа жобалары анықталды.Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалдарсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың тетіктері енгізілетін болады, бірыңғай астық холдингі құрылды, аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру жүйесі мен сақтандыру займдары құрылды.Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тіке шетел инвестициясы ағынын диверсификациялау болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.- Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһандық және ішкі қатерлерге жауап табулары маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндетті орындай отырып, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз, - деді Президент.Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік саясатқа лайықты қатысушы ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті, еуразиялық интеграция үдерісін нығайту жолын анықтауға белсене қатысуды жалғастыратынын атап өтті.- Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе. Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндетте жетістікке жету ісіне барынша белсене қатысуға шақырамын! – деді Мемлекет басшысы.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...