Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тас дэуіріндегі Қазақстан. 1 страница



Тас дәуірі- адамның және адам болмысының басты қасиеттерінің қалыптасу кезеңі. Тас ғасыры бірнеше кезеңнен түрады: палеолит (ерте тас ғасыры)205-2млн. жыл бүрын басталып-б.з.д. 12 м.ж. аякталады. Ол өз кезегінде ерте, орта, кейінгі палелит деп бөлінеді; Мезолит (орта тас ғасыры) б.з.д. 12-6м.ж. қамтиды; Неолит (жаңа тас гасыры) б.з.д. 6-4 м.ж.. Тас дәуірінен қола дәуіріне өтпелі кезеңэнеолит (мыс-тас ғасыры) б.з.д. 3 м.ж. қамтиды. Алғашқы мемлекеттер мен жазудың пайда болуына дейінгі тарих кезеңі алғашқы қауымдық құрылыс немесе "тарихқа дейінгі" кезең деп аталады. Тас дэуірінде, шамамен миллион жыл бұрын, адамдар Қазақстан территориясын мекендей бастады.Ол кездегі табиғат қазіргіден ете езгеше болды. Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, мүйізтұмсық, үңгір аюы т.б. Болды. Бүкіл тас ғасыры бойы климат жагдайы күрт өзгеріп тұрды. Қазақсганда палеолит мэдениетінің екі таралу аймағын көрсетуге болады: Сарыарқа мен Қаратау жотасы. Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дерекі және үлкен шапқыштар. Біртіндеп анагұрлым кішірек жэне едэуір жақсы еңделген құралдарға-микролиттерге кешу байқалады. Палеолитте адамдар отты пайдалануды үйренді. Аңшылық бұл кезеңнің басты шаруашылыгы болды. Палеолит дэуірінің археологиялық ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстанда - Бөріқазған, Тэңірқазган, Қарасу, Ш. Уэлиханов ат. тұрақ, Ащысай тұрақтары; Орталық Қазақстанда - Құдайкел, Обалысай, Мұзбел, Батпақ, Қарабас; Шығыс Қазақстанда - Қозыбай, Қызылсу, Шульбинка, Қанай; Батыс Қазақстанда - Сарытас, Аққыр. Кейінгі палолитте қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдар ұйымының алғашқы түрі - аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Мезолит дэуірінің археологиялық ескерткіштері: Солтүстік Қазақстанда - Мичурин, Дүзбай, Селетин, Ерейментау; Орталық Қазақстанда -Әкімбек, Қарағанда-15 тұрақтары. Ерекшеліктері: климат жылынып мұз еруі басталады, ірі жануарлар азаяды, садақ, бумеранг, балық аулау құралдары, қайық жасалды. Жануарлар қолға үйретілді. Неолит дэуірінің ескерткіштері: Оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір, Шығыс Қазақстанда - Нарым, Қызылсу, Солтүстік Қазақстанда - Қаратомар, Ботай, Батыс Қазақстанда - Шатпақкел, Қулсары, Орталық Қазақстан - Қосқұдық, Ырғыз, Солтүстік-батыс Қазакстан - Мақанжар, Түдцыкөл, Аманкелді. Кезеңдер ерекшелігі: экономикалық жэне қогамдық ерлеу басталды, яғни жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңцеу мен мал шаруашылыгымен айналысу қалыптасты, ол "неолит революциясы" деп аталады, қыш ыдыстар жасау, тігін тігу, кен ендіру. Бұл кезең тас еңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді,жонуды, жылтыратып тегістеуді үйренді. Мыс, алтын, қорғасын ендірді. Жерлеу дәстүрінде өзгерістер болып мэйітті өртеу (кремация) қалыптасты. Тайпалар мен тайпалық одақтар қүрылды.



3)Қола дәуірі. Б.з.д. 2 м.ж. басында Қазақстан территориясында мал шаруашылығын, егіншілікті жэне жоғары дамыған металлургияыы біріктірген өзіндік комплексті шаруашылық қалыптасты. Бүл дэуірде Қазақстан даласын,Онтүстік Сібірді жэне Орал аймагын шығу тегі жағынан ұқсас, езіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мэдениетгің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Андронов селосына байланысты бүл кезеңді андронов мэдениеті деп атау қабылданды (1914ж.). Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы - Орталық Қазақстан. Бүл өңірден 30-дан астам елді мекен, 150-дей қорымдар табылған.Осы кезеңде тайпалар қола бұйымдарды өндіру ісін игерді. Қола - мыс пен қалайының қоспасы(90+10пайыз). Қола қүралдар таза мысқа караганда қатты,әрі еткір болды. Металлургия мен мал шаруашылығының басым дамуы өндірістің ерлеуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамдық өмірдегі езгерістерге экелді. Қола дэуіріндегі негізгі шаруашылық, біртіндеп кешпелілікке айнала бастаған бақташылық болды. Қола дэуірінің алғашқы кезеңінде табында ірі қара мал басым болса, қозғалыстың ұлғаюына байланысты ұзақ жолга тезімді қой мен жылқының үлесі көбейді. Мал шаруашылығы экстенсивті болды. Сонымен катар кетпенді егіншілік дамыды. Өзен, көл жағалауларында тары, арпа, бидай есірді. Аңшылық, балықшылык қосалқы роль атқарды. Өндірістің басты саласының бірі металл өңдіру, металл бұйымдар, қару-жарақ күю болды. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың дамуы қоғамның азық-түлікпен, түлыну бүйымдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуіне, артық өнімнің пайда болуына, айырбастың кеңеюіне, башпяктың көбеюіне эсер етгі. Бүл элеуметтік қүрылымның өзгеруіне экеліп соқты. Қоғамда ерлердің ролі жоғарылады. Мүліктік теңсіздік қалыптасып, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдер бөлініп шыкты. Жеке меншік қалыптасып,еңбекті қанау пайда болды. Мәдениеті: Тамғалытас, Теректі эулие тастарынан табылған орасан зор сурет галереялары бар. Оларда согыс арбалары, садақшылар, гүрыптық билер бейнеленген. Андроиовшылар отқа табынған, оны осы кезеңдегі өлікті өртеу гұрпынан білуге болады. Діни сенімдердің үстем үлгісі ата-баба аруағына сыйыну болды. Антропологиялық сипаты жағынан - еуропалық нэсіл. Тілі - үнді- ирандық. қрла дәуірінде алғашқы қауым ыдырап патриархалды-рулық қатынастар қалыптасты. Археологиялық ескерткіштері: Орталық Қазақстан - Ақсу- Аюлы, Алгабас, Шығыс Қазақстан - Трудникова, Малокрасноерка, Оңтүстік Қазақстан - Тегіскен, Таутары, Солтүстік Қазақстан - Ақмола, Затобольское, Батыс Қазақстан - Тастыбұтақ, Бесбай.

4)Сактар. Б.з.д. 1-м.ж. Жетісудан Қаратеңізге дейінгі, Алтайдан Хорезмге дейінгі территорияны "сақ" атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеді. "Тарих атасы" Герадот (б.з.д. 5-ғ.ортасы) оларды "скифтер" деп жазады. Ирандыктар сақтар деп атады. Сақтардың этномэдени кеңістігіне көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын білу мүмкін емес. Грек деректерінде - даилар, массагетгер, исседондар, т.б., парсы деректерінде -хаомоварга, тиграхауда, парадария сақтары деп аталады. Антропологиялық типі - еуропеоидтық. Сонымен қатар монголоидтық белгілердің күшеюі байқалады. Қоғамдық құрылысы: Сақ тайпаларының негізгі үш тобы белгілі- парадария (Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы),тиграхауда (Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу), хаомоварга (Мүрғаб анғары - Түркіменстан). Б.з.д. ҮП-ІУгғ. Сақ тайпалар одағы қүрылады. Сақ қоғамының сипаты - эскери-демократиялық.Негізгі үш топқа бөлінген олардың өз түстері болған: І.жауынгергерлер-қызыл түс, 2.абыздар-ақ түс, 3-қауым мүшелері-сарыжәне көк түстер. Көсемдер жауынгерлерден сайланды. Сақ тайпалар одағының басшысы - патша. Сақ патшасыкектемде жерге бірінші соканы салды, малшыларды үйретуші үстаз, қүдайлардың қалаулысы, аспан мен жерарасындағы дэнекер. Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқьшанды. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу қүқығына ие болды. Малға жеке меншік болып,мүлік теңсіздігі болды. Соғыс түтқындары қүлға айналдырылды. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болгандыктан, сақтар мемлекет қүрудың қарсаңында түрды. Соғыстар: б.з.б. УІғ. Массагетгердің патшасы Томирис парсы патшасы Кирмен соғысты, б.з.б. 519-518жж. парсы патшасы I Дариймен соғысты, б.з.б. ІУғ. А. Македонскиймен соғысты. Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы тайпа өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болды.Мал шаруашылыгының 3 түрі болды: Көшпелі мал шаруашылығы - Батыс жэне Орталық Қазақстанда; Жартылай көшпелі мал шаруашылыгы - Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі, Тянь - Шань, Алтай тауларының етегінде; Отырықшы мал шаруашылығы - Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында. Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылыгы басым болады. Жылқы өсіру маңызды орын алады. Суармалы егіншілікпен айналыскан аймактар - Шірік-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Метелл өндіріп оны өндеді. Қолөнер жоғары дэрежеде дамыды. Мэдениеті: б.з.б. УІІғ. бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы, Еуропаның оңтүстігінде "андық стиль" деп атапған өнер пайда болды. Басты тақырыбы - андар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суретгеу. 1969ж. Есік қорғанынан сақ патшасы
"Алтын Адам" табылды. Есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар – күннің қозғалысын білдіреді. Ата-баба аруағына сыйынды. Отырықшы сақтар жерді киелі деп санаған. Ал көшпелі сақтар күнге, отқа, соғыс қүдайына табынған. Зергерлік өнер жоғары дэрежеде болды. Тілі - шығыс- ирандық.Б.з.б. ІҮ-Шғг.сақ тайпалық одагы ыдырап, осы аймақка келген басқа күшті тайпалардың күрамынакірген.

5)Ғүндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықга Орталық Азияның байтақ жерін этникалық қүрамы эртүрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайпалық бірлестіктер күрыла бастайды. Б.з.б. Шг. Соңында қытай деректерінде "хунну" немесе "ғүн" атауы кездеседі.Б.з.б. 206ж. ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Қытай билеушісі де Мөдеге бас иіп, оған жыл сайын салық телеп тұрған.^Ғұндардың территориясы - Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысындағы жерлер. Б.з.д. 55ж. ғұн одағы екіге бөлінеді. Оңтүстігі Қытайға бағынса, Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысында өз ордаларын қүрады. Оңтүстік пен солтустіктің өзара қырқыстарынан кейін,Чжи-чжи бастаган солтүстік ғұндар батысқа қарай қоныс аударады. Ғұндар Қазақстанға дәуілер тоғысында Орталық Азиядан келді. Бұл "халықтардың үлы қоныс аударуы" оқиғаларымен тұспа-тұс келеді. Б.з^я 93-ж. ғұндардың Қазақстанға қекінші рет қоныс аударуы басталады. Олар Сырдария, Арал маңы, Орталық жэне Батыс Қазақстанға жетгі. Б.з. 4ғ. Онтүстік Орал, Дунай даласына жетіп "ғұндар деген атпен Венгрияға қоныстанады. Ғұндардың тарихы жауынгергік жорықтарға толы. Еділ (Атила) басшылығымен ғұндар еуррпалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Б.з. 5-ғ. ортасында Еділ эскері Шығыс Рим империясын жеңеді. Еділ басқарған кезде Ғұн империясы дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол Еуропаны Рим үстемдігінен азат етп, күл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті, эскери-демократиялық құрлыс нығайды. 453ж. Еділ қайтыс болғаннан ксйін ғұн тайпалық одағы ыдырай бастайды. Шаруашьшығы: көшпелі мал шаруашылығы ерекше маңызды болды. Егіншілік пен аңшылық дамыды. М. Қашкари*(11г.) ғұндардың отырықшыланып жэне туркілене бастағанын жазады. Қоғамдық құрлысы: патриархалдық-рулық қатынастар үстемдік етті. 24 руға бөлінді, эр руды ақсақалдар басқарды. Жылына 3 рет халық жиналысы өткізіліп, мемлекеттік істер талқыланып, Көк құдайына арнап құрбандық шалған. Малға, жерге жеке меншік болган. Мемлекетбасшысы - шаньюй немесе түрікше "тәңірқұт" деп аталган. Билік мұрагерлік жолмен берілген. Тұракты салық жүйесі болған. Жазу ісі дамыған. Ғұндарда таптық когам, мемлекеттік басқарудың басты белгілері болды: жеке меншік болды, алғашқы әкімшілік аппарат құрылды, салық енгізілді, құқық артықшылығының ережесі қалыптасты.

6-7)Үйсіндер мен қаңлылар. Б.з.б. I г. соңында Қазақстан даласында сактарды ығыстырған жаңа тайпалық одэктар пайда болды. Олар үйсіндер, қаңлылар және т.б.(сармат, алан).Б.з.б. 2-г. үйсіндер Орталық Азиядан Жетісуга қоныс аударған. Олар тиграхауда сақтарының жерін, яғни Іле алқабын мекендеген. Мемлекет 3-ке бөлінген: шыгыс, батыс, орталық. Астансы Ыстықкөл жағасындағы Чигучен (Қызыл Аңғар) қаласы. Билеушісінің титулы - гуньмо (күнби). Әскер басшылары мен жагары лауазым иелері алтыннан, мыстан жасалған мөр ұстаса, қарапайым халық тас пен саздан жасалған мөр ұстаған. Бұл жеке меншік болғанының үлгісі. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық жэне туыстық қатынаста болды. Олар ұйғыр, Енисей қыргыздары, Еділ бойы халықтарымен сауда байланысын жасаган. Қаңлы, ғұндармен жайылым жерб сауда жолдары үшін согысқан. Шаруашылыгы: мал шаруашылыгымен, соның ішінде жылқы өсірумен көп айналыскан. Суармалы егіншілік дамыды. Көбінесе тары мен арпа еккен. Мыс, қалайы, қорғасын, алтын кен орындарын пайдаланған. Зергерлік өнер жогары дамыган. Оган дэлел Ақгас зиратынан табылған алқа, Қарғалыдан табылған диадема. Қарғалы диадемасындагы бейнелер Алтын адамның бас киіміне ұқсайды. Бұл бейнелер үңді-иран халықтарының элем туралы түсінігін байқатады. Тастан салынган үйлер, киіз үйлер болған. Жерлеу дэстүрі: басы батысқа қаратылып, қолы жанына қойылып жерленген. Жаратушы күшке табынып, арнайы құрбандықтар шалған. Қаңлылар. Қаңлы туралы мэліметтер б.з.б. Пғ. Қытай деректеріңде кездеседі. Б.з.б^ III ғ. Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылады. Территориясы: Қаратау жстасы, Сьфдарияның орта ағысы. Астанасы - Битьян қаласы (Түркістан қаласы маңы). Билеушінің титулы - хан, кейде би немесе бек деп аталган. Деректер бойынша қаңлы елі бес бөлікке бөлінген.Әр бөліктің басшылары жоғарғы ханға бағынған. Билік мұраға қалдырылған. Б.з. қарсаңында Қаңлылар ірі мемлекеттік бірлестікке айналады. Ғұндар мен үйсіндермен соғыстар жүргізіп отырған. Өз жерімен өтетін ¥лы Жібек жолына бақылау орнатқан. Шаруашылыгы: көшпелі мал шаруашылығы. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Қосалқы шаруашылық - аңшылық пен балық аулау. Металлургия дамыды. Қолөнердің жүн өндеу кэсібі жақсы дамыды. Сауда байланысының дамығанын осы аймактардан табылган мыңдаған теңгелер дэлелдейді. Иран, Сирия, Үндістан, Қытай елдерімен сауда жасаған. Діні: ата-баба аруағына, табигат күштеріне табынып, оларға арнап құрбандық шалған. Сонымен қатар күнге, айға жұлдыздарға табынған. Жұлдыздар арқылы жайылымға көшу, егін егу уақытгарын белгілеп отырған. Үйсіндер мен қаңлылардың соғысуынан екі мемлекет ыдырап, Түрік қағанатының құрамына кіреді.

8-9)Түрік дәуірі. У-УІғғ. Қазақстан территориясында ерте ортагасырлық мемлекеттер қалыптаса бастады. Олардың алгышарттары: қогамдық қатынастардың өзгеруі, тагпық қатынастардың пайда болуы болды. Уғ. түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік монғолиядан Щыгыс Еуропаға дейінгі далад өмір сүрді.535ж. Алтайдағы түрік тайпаларын ашина тайпасынан шыққан қолбасшы Бумын біріктіре бастады. 546ж. теле тайпалары түріктерге қосылып үлкен күшке ие болған Бумын авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандайды. 552ж. Түрік қағанаты құрылып(552-603жж.), Бумын өзін қаған деп жариялады. "Түрік" атауы алғаш рет қытай деректерінде 542ж. аталады. Алғашкыда "түрік" этнонимі эскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды. Бумын қаганның мұрагерлері Қара Еске мен Мұкан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті.ҮІғ. Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді, эр ұлысты шад басқарады. Үлыстық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді. Естеми'каған кезінде қағанат әлсіреді, оның себептері: ішкі тартыстар, әлеуметгік қайшьшықтар, көрші елдермен согыс. 603ж. қаганат 2-ге бөдінді: Батыс жэне шығыс Түрік қағанаттары. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына кіреді. Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.) - орталығы Жетісу, астанасы - Суяб қаласы. Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралығын мекендеген 10 тайпадан тұрды. Тайпа екіге бөлінді: дулу (Шу өзенінен шығыска орналасқан 5 тайпа), нушиби (Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа). Қоғамдық құрылымы: қаганатгы ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер басқарды. Қаған - ең жогарғы билеуші, эскер басы, жердің иесі.—►Шад.жабғу, елтебер(ашина руынан шыққан жогары шенділер),—►Бек(ру, тайпа басшысы), тархан, бұйрықтар(сот қызметін атқарушылар),-£Тұдын (салық жинаушы),-^қарабұдын(қарапайым халықН?Гаттар(құлдар). Жегүй жэне Тоқжабғу қағандар тұсында қағанат күшейе түсті. Олар жаңа жорықтар жасап, қаганат шекарасын солтүстік батыс Үндістанға дейін созды. Батыс Түрік қағандары жаулап алган аймақтардың саяси жүйесіне езгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді. 16-жылға созылған(640-657жж) ішкі согыстардың қағанатгы әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындагы түркештердің күшеюіне әкелді. 704ж. Жетісудағы билікті түркештер жеңіп алады.Түркеш қаганаты(704-756жж.)Түркештер Шу мен Іле езені аралығын қоныстанған. Алгашқы қағаны - Үшелік. Территориясы :Шаш - Тұрпан -Бесбалақ аралығы. Астанасы - Суяб, жазгы ордасы - Күнгіт қалалары. Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа бөлінді. Әр түтікте 7 мың эскер болған. Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді: сары түркештёрТСуяб), қара түркештер(Тараз). 705ж. Орта Азия мен Қазақстанга арабтардың жорыгы басталды. 706ж. Түркештер согдылармен одақтасып, Бұхар маңында арабтарды жеңеді. Үшеліктің ұлы Сақал қаған бүкіл Орта Азияны бағындырды. 708ж. сарылар мен қаралар арасындағы шиеленіс күшейеді. Нәтижесінде қағанат күйрейді, тек 7 жыл өткен соң Сұлық каган оны қалпына келтіреді. Билік қара түркештерге көшіп, орда Таразда болды. Сұлық қаған арабтармен күресте ерекше көзге түсіп "Сүзеген" деген атқа ие болады. Ішкі қақтығыстардан қағанат элсіреп, 756ж. құлады.

Қарлұқ кағанаты(756-940жж.). Территориясы - Алтайдан Балхаш көлінің шығыс жағалауына дейін.7 ғ. ортасында бұлақ, шігіл тайпалары бірігіп қарлұқ бірлестігін қүрды. Басшысы елтебер деп аталды.8 ғ. ортасында қарлұктар Жетісуга көшті. 756ж. Қарлұқ қаганаты құрылды. Астанасы- Суяб. Қағанаттың б^илеушісі жабғу, 840ж. бастап қаған деп аталды. Қарлұқтар 791ж. ұйғырлардан, одан кейін арабтардан жеңіліп ұйгырларға тэуелді болады. 840ж. ұйғыр қағанаты қүлаганнан кейін Білге Құл-Қадырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандыгын мэлімдеді. Қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болған. Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де кірген. Тілі - түрік. Қарлұқ қалалары: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах т.б. Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200 жылдай билік құрды. Қағанаттың элсіреуінің себептері: ішкі тартыстар, жайылым үшін күрестер. 940ж. Қарлұк қағанаты өмір сүруін тоқтатты.

10)Оғыз мемлекеті(9-11ғғ. басы). 8ғ. ортасында оғыз тайлалары Жетісудан Шу өзеніне қарай коныс аударады. 9ғ. басында Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірін қоныстанса, ғасырдың соңында Еділ мен Жайық аралығын мекендеді. 9-10ғғ. Оғыз мемлекеті қалыптасты. Оғыз мемлекеті туралы алгашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбаларында берілген. Астанасы - Янгикент(Жаңа Гузия). Билеушісі - жабғу. Оның орынбасары - күл-еркін. Әскербасы - сюбашы. Тұракты салық жүйесі болды. М. Қашқаридың дерегі бойынша оғыздарда 24 тайпа болған. Шаруашылығы - мал шаруашылығы. Жент, Сауран, Фараб, Сығанақ қалаларының халқы егіншілік пен қолөнермен айналысқан. Діні: пұтқа табыну, шаманизм, кейнірек ислам діні. Саяси өмірі: 965ж. Киев Русімен одактасып, хазарияны талқандады. 985ж. Еділ бұлгариясын жеңеді. Юғ. екінші жартысында Әли жабғу тұсында салық ауыртпалыгына қарсы көтерілістер болды. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік өз билігін күшейтіп, көтерілістерді басып,1041ж. Хорезмді жаулады. Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Осыдан кейін оғыз мемлекеті құлады. Оның элсіреу себептері: селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар, ішкі тартыстар, қыгаиақтардың шабуылдары. 11ғ. басында оғыз одагы ыдырап, қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді. Оғыздар бірнеше белікке бөлініп кетгі: Шығыс еуропа мен Кіші Азияға кетті, Қарахан, селжұқ мемлекеттерінің құрамына кірді, Дешті-Қыпшак тайпаларына сіңісті.

11)Қимақ мемлекеті(9-1 Ігғ. басы).Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер қытай деректеріңде кездеседі. Қытайлар оларды "яньмо" деп атайды.7ғ. Монғолияның солтүстік-батысын мекендесе,8-9гғ. Ертіс бойына, Жетісу, Онтүстік Қазақстанға қарай қоныс аударады. Астанасы - Қимақия (Ертіс бойы). Басшысы - жабғу,10ғ. бастап - қаған.840ж. ұйгыр қағанаты құлаганнан кейін оның құрамындағы тайпалар қимақ бірлестігіне қосылады- Қимақ қағанатының құрамын 12(қыгшіақ, қимақ татар т.б.) тайпа құрады. Қимақ мемлекеті 12 ұлысқа бөлініп, оларды эскери көсемдер басқарды. Салық жүйесі болды. 16 қимақ қаласы болғаны деректерде айтылғанымен аттары белгісіз. Шаруашьшығы: көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, балық аулау. Бұлғариямен, Орта Азия, огыз, қарлұқтармен сауда жасаган.Юг. қарай қаганаттың элсіреуінің себебі - ұлыс басшыларының жеке билікке ұмтылуы. 11ғ. қарай қыгшіақ тайпаларының үстемдігі ныгайып билік қыпшақтарға ауыса бастады. Қимақ қаганатының құлау себептері: қыпшақтардың билікке ұмтылуы, ішкі тартыстың күшеюі.Қыпшақтар мемлекеті(11г. Басы-1219ж.). Қыпшактар туралы мэліметтер 2-ғ.бастап белгілі: қыпшақтарды орыстар-половецтер,венгрлер - кундар, батыс еуропа саяхатшылары - кумандар деп атаған. 11ғ. басында қимақ қағанаты құлаган соң эскри-саяси басымдық қыпшақ тайпасының қолына көшті. Қыпшақтар оғыздарды Сырдарияның төменгі жэне орта бойынан, Арал, Каспий маңынан ығыстырды. Сондықтан бұрын "Оғыз даласы" деп аталған жерлер "Дешті-Қыгшіак"(қыпшақ даласы) деп атала бастады(11ғ. 2-ші ширегі).Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы - Ертістен Днестрге дейінгі жер. Мемлекеттік құрылымы: басшысы -хан. Мемлекет екі қанатқа бөлінді: оң канат-орталығы Сарайшық; сол қанат - орталығы Сығанақ. Жеке меншікке қол сұгу қатаң жазаланған. Саяси тарихы: оғыз, селжұқ, хорезм, қарахан елдерімен соғыстар жүргізген. 12г. I жартысында Сырдарияның төменгі бойындагы қалалар үшін Орта Азия мемлекетгерімен соғысады.Хорезм билеушілері қыгшіақтарды мұсылмандыққа енгізуді көздеді., алайда Жент пен Фарабтың арасын мекендеген қыпшақтар 12ғ. дейін пұтқа табынушылар болып қалды. Хорезмдіктермен өзара соғыстан элсіреген қыпшақтар 1219ж. Монғол шапқыншылығынан құлайды. Қыгтшақ мемлекеті этникалық, саяси жағынан біртұтас болмады. Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрайды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...