Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тас дэуіріндегі Қазақстан. 3 страница



24Қазак халкының этногензі. "Қазак" термині. Орталық Азияның 15-16ғғ. қүрылған басқа да түркі тектес халықтары сияқты қазақ халқының да этникалық негізін өткен замандарда эр тілде сөйлеген, толып жатқан тайпалар қүраған болатын. Олар сонау сак пен үйсін, қаңпы мен гүн, одан беріде түрік, түркеш, қарлүқ, оғыз, қимақ, қыгаыақ жэне т.б. тайпалар болатын. Қазақ халқының қалыптасуына себеп болған этногенетикалық процестердің бастау көзі алғашқы дэуірден басталады. Этникалық процестің шешуші кезеңі б.з. I м.ж. ортасында түріктердің жаппай батысқа жылжуымен байланысты болды. Түрік қағанатының қүрылуы Қазақстанның жергілікті халқын түріктенуге, антропологиялық түрдің монголдануына, түрік тайпаларының бір жерйе түрақтануына себегшіі болды. Алайда халықтың этникалық бірлесу жолымен дамуын монғол шапқыншьшығы тежеді. 15ғ. ортасында Керей мен Жэнібек мемлекетінің қүрылуымен қазақ халқының қалыптасу процессі аяқталды. "Қазақ" термині алгашқыда таза элеуметтік магынада болып, әскери іспен айналыскан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай мемлекеттен бөлініп кеткендерді білдірген. Сондықтан Жәнібек пен Керей бастаган Мстолстанға көшіп кеткен алғаш көшпелілер тобы "қазақ" атауын алды. "Қазақ" этнонимі еркін адам, ерікті қогам мағынасын білдіреді. Олар қүрған хандық Қазақ хандығы деп аталады. Осы кезден басатап "қазақ" сөзінің мағынасы өзгере бастады. Ол элеуметгік терминнен саяси терминге айналды, ол енді Қазақ хандығына караған елді білдірді. "Қазақ" терминінің толық орнығуы 18ғ. жүзеге асты.

24Қазақ жүздері. Жүз - тарихи шаруашылық жэне географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз - бөлік, тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз географиялық орны мен климатымен ерешеленеді. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді. Үлы жүз: территориясы -Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары: үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр т.б. Орта жүз: территориясы - Орталық жэне Солтүстік Қазақстан. Рулары: арғын, қыгшіық, найман, керей, қоңырат, уақ т.б. Кіші жүз: территориясы- Батыс Қазақстан. Рулары: негізгі үш ру бірлестігі- жетіру, элімүлы, байүлы. Тарихи деректерде үш жүз жүйесі Хақназар хан түсында бекітілді деп айтуға толық негіз бар. Халық арасындағы аңыздарда \дн жүздің пайда болуын Алаша ханның атымен байланыстырады. Сондықтан "Алаш" деген атау -ертедегі түрік тайпапарының ең алгаш қауым болып біріккенін білдіреді.



28)17ғ. Қазақ хандыгы. Тәуке хан(1680-1715жж.). 17ғ. казақтардың жоңғарлармен соғысына толы болды. 17ғ. басында батыс Монғолияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті қүрьшады(1635ж.). Жоңғарларды қазақтардың жайылым жерлері мен онтүстіктегі жайылым жерлері қызыктырды. Қонтайшы Сырдария бойы мен Жетісуды жаулауға үмтылды. 1635ж. Батыр қонтайшы Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. Сыртқы саяси жагдай өте ауьф кезде хан тағына Жэңгңр хан отырды(1629-52жж.). Жэңгір хан билік еткен жылдар жоңғарлармен согысқа толы болды. Ақьф соңында,1652ж. Жәңгір хан қалмақтармен соғыста қаза табады. Бүл дағдарыс кезінде хан тағына келген Жэңгір ханның баласы Әз Тэукеге мемлекеттің саяси жүйесіне көп көңіл бөлуге тура келді. Ол билікті билер, ру басылары, тайпа жэне жүз басшылары көмегімен нығайтуға талпынды. Басты мақсаты: хан билігін ныгайту. Билер кеңесін ішкі жэне сыртқы саясаттағы аса маңызды мэселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кеңесі "Күлтөбеде күнде жиын" өткізген деген сөз қалған. Ресей және Жоңғария мемлекеттерімен тығыз дипломатиялық, сауда қатынасын орнатады. 80-жж. Тэуке ресейге 5 елшілік жібереді. қазақтарға да осынша елшілік келді. Қазақ-орыс қатынастары түзеліп сауда жанданды. Тэуке ханның үлесіне 17ғ. соңы-18ғ. басындағы жоңғарларды басқарған Қалдан Бошақты мен Сыбан Раптан кезіндегі күрестің ауыр жүгі тиді. Өз заманының ауырлығына қарамастан мемлекеттің бүтіндігі мен тэуелсіздігін сақтап қалды. Осы кезеңнің ерекшелігін, қиындығын саралай келіп Тэуке хан Қасым хан мен есім ханның ережелерін бір жүйеге келтіріп, "Жеті Жарғы" зандар жинағын шыгарады. Онда: ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді, қүн төлеу- адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді. Тэуке хан билігінің ерекшелігі: хандықтың бөлшектенуі токтатылып, бір орталыққа бағындырылды, жонғар шапқыншылығы бэсендеп, тыныштық орнады, мемлекетгік қүрлыстың негізгі принциптерін анықтайтын "Жеті Жарғы" заңын қабылдады, көрші қырғыз, қарақалпақ, орыс елдерімен достық қатынаста болуды көздеді.1710ж. Жонғарларға қарсы үш жүздің күшін біріктіру үшін қарақүм жиынын өткізеді. Нэтижесінде бірыңгай қазақ жасағы қүрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстырылады.

29)Дәстүрлі қазақ қоғамының элеуметтік үйымдасуы. 15-17ғғ. қазақ қоғамы көшпелі мемлекеттің дэстүрлерін сақтап қалды. Қоғамдағы жоғарғьі сословиені шыңгысханның ұрпактары және жоғарғы діни топ өкілдері - терелер мен қожалар қүрады. Оларды "ақсүйектер" деп атады. Шыңгыс хан үрпақтары туысымен сүлтан атағына ие болды. Қожалар - ислам дінін таратушылар. арғы тегі арабтар. Ақсүйектер жүз жүйесіне кірмейді.Ора сословие "қара сүйек" деп аталды, оган барлық жеке шаруашылықпен айналыса алатын қазақ қауымдары жатады. Билер мен батырлар да осы топтан шыққан. Олар төрелерден бір саты төмен деп есептелгенімен, нақты билік осыларда болған. Би - әдет-ғүрып, салт-дэстүрді жақсы білетін, шежіре, тарихты жетік меңгерген,болашаққа болжау жасап, ғылым-білімнен хабардар, ез ойын шешендікпен жеткізетін қасиеті бар адамдар. Би атағын халық берген. Батырлар да солай бірнеше рет ерлігімен көзге түскеннен кейін халықган "батыр" атағын алған. Қазақ қоғамындағы ерекше топ қатарына - төлеңгіттер, ягни төрелердің айналасындагы әскери қызмет етушілер. Көбіне сырттан келген тұтқындар, бостандық алған қүлдардан қүралган. Нақты қүлдар 15-17ғғ. көшпелі қазақ қоғамында көп болған жоқ. Жоғаргы билеуші - хан. Ханның негізгі қызметі сыртқы саясат жэне эскери колбасшылық болды. Ханның үлыс сүлтандарынан, бйлер мен жьфаулардан тұратын кеңесі болса да, аса маңызды мэселелер(жер, дипломатия, тақ мүрагерлігі, эскери істер) құрылтайда шешілді. Билер хандықтың ішкі істерінде үлкен роль атқарды. Барлық даулы мэселелерді шешті.

30)Билер институты. Би - эдет-ғүрып, салт-дэстүрді жақсы білетін, шежіре, тарихты жетік меңгерген,болашаққа болжау жасап, ғылым-білімнен хабардар, өз ойын шешендікпен жеткізетін қасиеті бар адамдар. Би қоғамдық мәні бар мэселелердің бэріне араласып, ел мен ел арасындағы саяси мэселелерді шешуде хан, сүлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған.Хан қанша қаһарлы дегеннің өзінде Билер кеңесінде қабылданған шешімді бүза бермеген. Қазір би қызметін сотпен теңестіру қалыптасқан. Бірақ бүл біржақты пікір. Әдетте даулы мэселені шешкенде кемі үш би болады. Бірі - айыптаушы(прокурор), екіншісі - актаушы(адвокат), үшіншісі - төбе би(судья). Сондықтан биді заңгер деп қарастырған жөн. 17г. соңы - 18ғ. басындагы қазақ хандығының жоңғарлармен күресінің күрделі тарихи кезеңі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қызметімен тығыз байланысты. Тэуке хан кезінде бүл билер "Жеті Жарғы деп аталган жоғарғы заң шыгарушы кеңеске кірген. Олар тұтас жүздердің мүдделерін білдіргендіктен , деректерде "Орда би" деп аталған. Әрбір руда өздерінің ақсақалдар кеңесі қолдаган билері болды. 18ғ. да бұрынғыдай үлкен кеңестер хан ордаларында өткенімен, басты рольді билер атқарған. Төле би (1663-1756жж.) Әлібек үлы - үлы жүздің басшысы. Ол қазақ басшыларының ресейлік саясатты үстанатындарын жақтады, бірақ орыс патшасының бодандыгына өтуге асықпады. Ол Қазыбек жэне Әйтеке билермен бірге қазақ халқының одан эрі өмір сүруіне жагымды деген сыртқы саясаттың қағидаларын жасайды. 93 жасында қайтыс болып, Ташкентте жерленген. Қаз дауысты Қазыбек би(1666-1763жж.) Келдібек үлы - Орта жүздің бас биі. Өзінің мэмілегерлік қызметін қазыбек би 18 жасында, Қалданға жіберілген елшілік қүрамында бастаган. Оның арқасында жоңғарлармен болған келіссөздер сэтгі өтіп, бітіммен аяқталған.Қазыбек би елші ретінде Жонғар .хандыгына бірнеше рет барган болатын. 1742ж. Малайсарымен жэне басқа 90 биді бастап жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып экелген. Әйтеке би(1689-1766жж.) Байбек үлы - үзақ жыл бойы Кіші жүзді басқарған. Әйтеке би қазақ халқының бірігуі үшін, біртүтас, эрі күшті мемлекет үшін, эділетгі қоғам үшін күресті.

16-І7гғ.қазақ-орыс қатынасы.Қазақ-орыс қатынастарының тарихы ертеден келе жатыр. Ресейге Қазан(1552ж.), Астрахан(1556ж.) хандықтары, Еділ бойындағы халықтардың қосылуынан ол қазақтармен тікелей шектесті. Қазақ-орыс қатынастары деректер бойынша 15г. 90-жж. басталады. Орыс басшыларының мақсаттары: Орта Азия жэне Шығыс елдерімен қазақ даласы арқылы өтетін сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Сібір ханы Көшімге қарсы күресте қазақ хандарың одақтас ету. 1573ж. Орыс елшісі Т. Чебуков Қазақ хандығына жіберілді. Қазақ хандары да Орта Азия билеушілерінен, жоңгарлардан төнген қауіпті ескеріп, Орыс мемлекетімен байланыс жасауға үмтылды. 1594ж. Тәуекел хан Мэскеуге қазақ елшілігін жібереді. 1595ж. В. Степанов бастаған орыс елшілігі Қазақ хандығына келеді. Ресейдің Батыс Сібірді өзіне қаратуы қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың өркендеуіне жол ашты. Орыс кепестері Павлодар жеріне келіп, тұз өкдіріп алды. Батыс Қазақстан жерінде де орыс қоныстары пайда болды. Атырау бекінісі салынды. Сауда жолдарыяың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жоңғар шапқыншылықтарына тыйым салу шараларын қолданды. Қазақстан жері арқылы Тобылдан Түркістанға қарай тек қазақ хандарының арнаулы рүқсаты бар сауда керуендері ғана өткізілді.1694ж. Тэуке хан I Петрмен сауда қатынасын күшейту туралы келісгі(елші Аталықов). I Петр Ресейдің щығыепен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан "кілт пен қақпа" болады деп ерекше мэн берді. Каспий мен арал теңізін, Жайық өзенін зерттеді. Шекаралық бекініс қамалдар салды:1716ж.-Омбы, Ямышевск,1717ж.-Железинск қамалы,1718ж. Семей бекінісі,1720ж. Өскемен бекінісі салынады.

15-18ғғ. қазақтардың шаруашылыгы. 15-18ғг. қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалды: Көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрлері - қой, жылқы, түйе, ірі қара мал аз болып, ол негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді.Қөшпелі шаруашылық малды маусымга қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау. Мал шаруашылығынаң қиын кезеңі жүт деп аталады. Оның себебі: қүрғақ жаз, жаңбырлы, аязды, үзақ қыс, жүқпалы ауру. Малдың жүқпалы аурулары: кебенек-ешкіде, қарасан-сиырда, топалаң-қойда, аусыл-жылқыда. Алғашқы қардан кейін аңшылық басталған. Егіншілік Сырдарияның орта саласы мен жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында жақсы дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарында егістікті қүбырлар арқылы суару жүйесі болған. Малынан айырылып, көшуге мүмкіндігі жоқ кедейлер егіншілікпен айналысқан. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен қосалқы шаруашылық ретінде айналысқан. Үй кэсібінде мал шаруашылығы шикізаттарын өндеген. Сауда: Орта Азия, шығыс түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы жақсы дамыған. Ол ақша айналымын да жақсартты. 15-16ғғ. түрлі мыс теңгелер, мыс динарлар қолданылған. 16-17ғғ. мыс теңгелерге хандардың аттары жазылған.17ғ. Отырарда ақша шығаруда қүлдырау басталып, теңгелер Түркістан мен Ташкентте соғылды. 15-17ғғ. қалалар саяси орталық болып табылды, өйткені мүнда қазақ хандарының, сүлтандарының ордалары орналасты. Сонымен 15-17ғғ. Қазақстан жерінде біртұгас экономикалық жүйенің болғандыгын көрсетеді.

31)15-18ғғ. материалдық жэне рухани мэдениет. 15-18гғ.қазақ халқының өзіндік ерекше мэдениеті қалыптасты. 15ғ. қазақ тілі дербес тілге айналып, қазақ тілінде эдеби шығармалар пайда болды. Бүл кезеңнің эдеби ескерткіштері: Қ. Жалайридың "Жамиғ-ат тауарих" еңбегі. Оны Б. Ғодуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан.М. X. Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегі, Әбілғазы Бахадүрдің "Түрік шежіресі" жазылды. Бүл кезеңде ауыз эдебиеті кеңінен еркендеді жэне жьфаулар поэзиясы жаңа арнага шықты. Олар: Доспамбет, Марқасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бүхар жыраулар. Марқасқа жырау "Еңсегей бойлы Ер Есім" атты тарихи жырды шыгарса, Бүхар жырау Қалқаманүлы Тәукеден бастап Абылайханга дейін ел билеу ісіне араласқан("7ілек" өлеңі бар). Діні. Көшпелілер арасында тэңірге, табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сақталды. Әр малдың пірі бар деген сенім малшылар арасында үлкен маңызға ие болды: Шопан Ата-қойдың, Зеңгі Баба-сиырдың, Қамбар Ата-жылқының, Ойсыл Қара -түйенің пірлері. Жерлеу дэстүрінде ислам діні мен тэңірге табыну ықпалы қатар жүрді.15-18ғғ. Ислам дінінің таралуына суфистік миссионерлер зор үлес қосты. Суфизмнің түркі дэстүрін таратқан - Қожа Ахмет Яссауи. Қазақ халқының музыка өнері бірнеше салаға бөлінеді:айтыс, терме, толғау, эн, күй, би өнері. Музыкалық аспатары: домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау. Көшпелілер арасында жүлдызды аспанға бақылау жасауда көп тэжірибе жинақталып, уақыт есебімен шүғылданатын, метеорологияны зерттеген білгірлер болған. Олар халық күнтізбесін жасады. Темірқазықпен-түндежүріс бағытын бағдарлады, Жетіқарақшы - астрономиялық сағат, Үркерге қарап жыл мен маусымды реттеген. Материалдық мэдениет: Көшпелілер мэдениетінің басты көрсеткіші -киіз үй. Оның үш түрі бар: салтанатты(12 қанат), отау үй, қарапайым түргын үй(6 қанат). Киіз үйдің қүрылымы: шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, түндік, үзік, туырлық. 12 қанат киізүйдің көлемі - 100-120кв.м. болган.

32)17-18ғғ. қазақ-жоцғар қатынасы. 17ғ. басында ойрат одағы ыдырап, торғауыттар Еділ бойына, хошоуттар Тибетке, жоңғарлар Жоңғарияға қоныстанды. 1635ж. Батыс Монғолияда жоңғарлардың эскери - феодалдық мемлекеті қүрылды. Билеушінің титулы - қрңтайшы. Мемлекеттің негізін салушы - Батыр қоңтайшы (1635-1654ж.ж.).Ол басқару ісінде феодалдарға - нояндар мен жайсандарга сүйенді. Жоңғарларды қазақтардың жайылымдары мен оңтүстіктегі сауда орталықтары қызықтырды. Қонтайшы Сырдария бойы мен Жетісуды жаулауға үмтылды. 1635ж. Батыр қонтайшы Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. 1643ж. Орбүлақ шайқасында жоңғарлар күйрей жеңіледі.1652ж. Ресейден зеңбіректер алған жонғарлар Қазақ жеріне қайта шабуылдап, қазақ әскерін ойсырата жеңеді. Жэңгір хан қаза болды. 17ғ. соңында Сыбан Раптан Жетісу мен Онтүстік қазақстанға басып кіреді. 17ғ. соңы-18г. басында жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін жаулап алып, Сарысу алқабына жетгі. Жауға қарсы бірге күресу үшін Тәуке хан 1710ж. Қарақүмда үш жүз өкілдерінің жиынын өткізеді. Нэтижесінде бірыңғай қазақ жасағы қүрылып, жоңгарлар шығысқа ығыстырылады. Тэуке хан қайтыс болғаннан кейін жонгар іііапқыншылығы қайта күшейеді.1722ж. Цинь императоры қайтыс болғаннан кейін жоңғарлар барлық эскерін қазактарға бағыттайды. 1723ж. Сыбан Раптан бастаган 70 мың эскер қазақ жерін ойрандайды(Жетісу-Қаратау-Талас алқабы). Бүл "Ақтабан шүбырыңды, Алқакөл сүлама" трагедиясының (1723-1726жж.)бастамасы болды. Ел басына туған қасірет "Елім-ай" эеін дүниеге экелді. Жоңғар қысымынан ¥лы жүз рулары Орта Азияға беттесе, Орта жүз рулары Самарқандқа, Кіші жүз- Ырғыз, Торғай, Жайық өзендеріне, қазактардың бір тобы Тобыл губерниясына қарай жылжыды. 1725ж. Жоңғаллар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Осы кезде қазақ хандары мен сүлтандағының билікке таласуы жағдайды одан әрі қиындатгы. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары
1726ж. басталды. 1726ж. Бүланты өзенінң жағасындағы шайқаста қалмактар талқандадды. Жеңісгің тарихи маңызы: қазақ халқының рухы көтерілді, жеңіске деген сенім күшейді, тэуелсіздікті қалпына келтіруге үмтылды. Осы жылы Ордабасы тауының етегінде үш жүздің жасактары жиьшып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Оның тарихи маңызы: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды, қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. 1729ж. Көктемде Балхаштың оңтүстігіндегі Аңыракай деген жерде Әбілхайр бастаған үш жүздің әскері жонғаларға күйрете соққы берді.Қазақ батырлары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Райыбек т.б. ерлік пен күресті. Бірақ Әбілхайр мен Сэмекенің аға хандықка таласуы бүл жеңістерді жоққа шыгарды. 1741-42жж. Қалдан Серен Орта жүз бен Кіші жүзге шабуылдарын күшейтгі.1742ж. Абьшай сүлтан жоңғарларга түтқынға түсіп, бір жылдан кейін босатьшды. 1745ж. Қалдан Сереннің қайтыс болуына байланысты таққа талас басталып, Орталық азиядағы жағдай шиеленісті. Жоңгар хандығы элсіреді. 1758ж. Жонғар хандығын Цинь эскері талқандайды. ' ^

33)Кіші жүз казақтарыныц Ресейге косылуы. Әбілхайыр хан.18ғ. жоңғарлармен қатынас шиеленіскеннен кейін, қазақ елінің ауыр жағдайын кіші жүз ханы Әбілхайыр Ресей империясының көмегімен шешпекші болды. Әбілхайыр ханның мақсаты: 1)қазақ жеріне қалмақтар мен башқүрттардың шабуылын тоқтату, 2)аға хандыққа таласта Ресейден көмек алу, 3)Жайық, Еділ, Ертіс, Ор өзендері бойындағы мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау, 4)қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарыңың қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте көмек алу болды. Әбілхайьгр оған дейін 1726ж. Ресейге елшілік жіберген болатын. Бірақ елшілікке күманданған патша үкіметі хан үсынысын жауапсыз қалдырған болатын. 1731ж. ақпанда қазақ елшілерінің (С. Құндағүлүлы мен 'Қ. Қоштайүлы) Кіші жүзді империя қүрамына қабылдау туралы үсынысын патшайым Анна Иоанновна қабылдады. Кіші жүз ақсүйектерінен, Әбілхайыр ханнан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмэші А. Тевкелев бастаған елшілік келді. Ресейге косылуға Барақ сүлтан, Бөгенбай батыр бастаған топтар қарсылық көрсеткенімен, ол сэтсіз аяқталды. 1731ж. 10 қазандаКіші жүздің старшиңдары Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін де жағдай күрделі күйінде қалды, жоңгарлардың басқыншылық әрекетгері тоқтамады. Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер түргызып, егіншілікке қолайлы жерлерді тартып ала бастады. 1734ж. Анна Иоанновна кіші жүздің ресейге қосылуы жөніндегі грамотага қол қояды. Осы жылы И. Кириллов бастаған экспедиция қазақ жеріне келеді.1735ж. Ор өзені бойына бекініс салады. 1738ж. Әбілмэмбет пен Абылай сүлтанның Ресеге ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды, яғни Ресеймен бірігіп, орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын элсірету еді. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың беделі есіп, Орта жүздің арғыну.керей, уақ, қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Ресей үкіметі Әбілхайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Оның Ресей көмегі арқьшы бүкіл қазаққа билік жүргіземін деген үміті акталмады. Сондықтан ол Ресейден өшін алғысы келді, бірақ ол жүзеге аспады. Ресей дала ханының айтқанына көнбеді. 1748ж. Барақ сүлтанмен арадағы кикілжіңнен кейін, ол Әбілхайырды өлтіреді.

34)18ғ. Қазакстан. Қазақтардыц Е. Пугачев көтерілісіне катысуы. 18г. 50-жж.патша үкіметі Солтүстік-Шығыс Қазақстанды бекіністер мен шептермен қоршады. Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жерлері тарыла бастады. Жайықтың, Есілдің, Торғайдың, Ертістің бойындағы көшпелі халыққа отарлық езгінің қаупі төнді. Ресей басшыларының көздеген мақсаты: шүрайлы жерлерден қазақтарды ығыстыру, жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға отырғызу. Петербург басшыларының арнайы нүсқаулары бойынша - 1756ж. Жайық жагасына жақын жерлерге мал жаюга алғаш рет тиым салынды. 1757ж. желтоқсанда Кіші жүз ханы Нұралыга қазақтарға Жайықтан мал айдап өтуге тиым салынгандығы жөнінде шешім тапсырылды. Бүл қазақтардың наразылығын тудырды. Еділ мен жайық бойыңдағы Е. Пугачев бастаған 1773-75жж. Шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта жэне Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістіңалгышарттары: Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шүрайлы жерлерді орыс помещикгеріне бөліп беру, жазалаушы отрядтардың ойрандауы, Жайық бойына патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы. Қазақ шаруаларының жэне жекелеген феодалдарының көтеріліске қатысуына түрткі болған - жер>мәселесі. 18ғ. бОжж. қазақтарға бекіністерге жақындауға тиым салуы наразылықты өршітті. Кіші жүздің ірі аксүйектері - Ералы, Досалы, айшуақ сүлтаңдар, Нүралы хан көтерілісті қолдады. Қазак жігіттері пугачев эскерімен бірге Жайық бекінісін қоршауға, Кулагин бекінісін алуга, Орынборды қоршауға қатысты. 1775ж. Пугачев көтерілісі элсіреп, кіші жүзде патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы қозғалыстың ірі ошағы қалыптасты. 1773-75жж. көтерілістің маңызы: орыс және қазақ шаруаларын біріктірді, С. Датүлы бастаган көтерілістің шыгуын тездетті. Көтерілістің нэтижесі: қысқы уақытга Жайық, Еділ өзендері, Каспий теңізі, Ертістің оң жағалауындағы жайылымдарды пайдалануга рүқсат берілді.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...