Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тас дэуіріндегі Қазақстан. 4 страница



35)С. Датүлы бастаған көтеріліс:себебі, сипаты, нэтижесі(1783-97жж.).Көтерілістің алғышарттары: Кіші жүзде хандық биліктің элсіреуі, ақсүйектердің бір бөлігінің патша саясатын қолдамауы, Кіші жүзді басқаруға әкімшілік өзгерістердің енгізілуі, орыс помещиктері мен жайық казактарының зорлық-зомбылығы. Көтерілістің басты қозғаушы күштері: қарапайым көшпелілер жэне апатша қысымына қарсы би, батырлар. Көтерілістің басты мақсаты: ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казактарының қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлыгына шек қою. Көтерілістің басшысы-байбақты руынан шыққщ, Сщтыр, шешен С. Датұлы(1742-1802жж.). Ол Пугачев әскерінде қазақ жасағын басқарган. 1783ж. Желтоқсанда Сырымның Орал казактарымен ашық күресі басталады.1785ж. Көтерілісті басуға генерал-майор Смирновтың тобы жіберіледі. 1785ж. Күзде Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылданады, билер мэжілісінде патша үкіметіне Нұралының ұрпақтарын билікке жолатпау жөнінде талап қояды. Осымен қозгалыстың бірінші кезеңі аяқталады. 1790ж. Нү-ралы Уфаға жер аударылып, соңда қайтыс болады. Сырымның мақсаты хандық билікті жойып, билердің билігін орнату болды. Көтерілістің нэтижесі: 1801ж. қазақтарға Жайықтың оң жағына мал жаюға рұқсат берілді, Кші жүзде хан кеңесі құрылды, оны Айшуақ сұлтан басқарды, сырым кеңес кұрамына кірді. Тарихи маңызы: ірі халықгық қозғалыс, ең ұзақ көтеріліс, руаралық қайшылықтардың қазақтар үшін тиімсіздігін көрсетгі, патша үкіметінің басты отаршыл саясатының бетін ашты.

36)18г. халықаралық қатынастар. Абылай хан(1771-81экж,). 18г.30-40жж. қазақ халқының дамуыңдағы күрделі кезең болды. 40жж. басында Қалдан Серен Орта жүз бен Кіші жүзге үлкен жорықтар жасады. Жалпы алғанда 18г. II жартысыңда Абылай саясатының қазақ елі үшін маңызы зор болды. Абылай (Әбілмэнсүр, Сабалақ,1711-81жж.емір сүрген). Әкесі Орта жүздің сұлтаны Уәли, атасы-Түркістанның билеушісі "Қанішер" Абылай. Абылай жоңғар шапқыншылығы кезіңце елдің тыныштығын, жедің бірлігін сақгау үшін Ресейге арқа сүйеді.1740ж. Тамызда Әбілмэмбет хан мен Абылай сүлтан Орынборға келіп Ресей билігін мойыңдайды.1742ж. Абылай жоңгар түтқынына түсіп,1743ж. ғана босап шығады. 18г. 50-жж. Патша үкіметі Солтүстік-Шығыс Қазақстанды бекіністермен, шептермен қоршады. Қамалдар қыспагында қалган қазақтардың жайылымдары тарыла бастады.1755ж. Жоңғар тагына талас нәтижесінде хандық әлсірейді. Оны Абылай хан үлымды пайдаланып, бірде бір мұрагерді, екіншіде басқасын қолдап, оларды эбден элсіретеді. Жоңгарларды басып алғысы келген Қытай жоңғар тагынан үміткерердің бірі Әмірсанага Абылай қолдау көрсетіп отырғандықган қазақ еліне шабуыл жасайды. 1757ж. жазда маньчжур-қытай әскері басып кіреді. Цинь эулетімен эскети-саяси тартыстың қазақтар үшін қауіптілігін түсінген Әбілмәмбет хан мен Абылай жағдайды келіссөзбен шешеді. Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалғандықтан, Ресей жэне Цинь империяларына тэуелдшігін мойындаған Абылайдың басты мақсаты - Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау. Тарбағатай, Алтай таулары, Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруга күш жұмсады. Пекин басшылары 1760ж. Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөзбен шеше білді. 18ғ. 70жж. Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ жэне Ташкентке тэуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті, Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.1771ж. Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дэстүр бойынша ақсүйектер хан үлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлады. Себебі ол жоңгарларға қарсы азаттық күресін басқарды, үш жүзді біріктірді, Ресей мен Қытайдың қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтады. Абылай хан хан билігіне жэне шаруашылыққа өзгерістер енгізді: хан билігін шектеусіз етті, билер қызметіне шек қойды, егін шаруашылыгын дамытты. Ол орталық билікті күшейтуде өз дәуіріндегі беделді түлгаларға сүйенді. Абылай ханның жанында үлы жыраулар Бүхар, Үмбетей, Тэтіқара, батырлар-Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, атақты би Қаз дауысты Қазыбек болды. Абылай ханның белсенді ішкі жэне сыртқы саясатына байланысты Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды. 1781ж. ол Түркістанда қайтыс болды жэне Қожа Ахмет Иассауидің кесенесінде жерленген.



37)Бөкей хандығы. Жәңгір хан.Кіші жүзде шаруашылықтың қүлдырауы, жердің тагшіылығы 1801ж. Бөкей немесе Ішкі орданың қүрылуына әкелді. Ол Жайық жэне Еділ өзендерінің төменгі ағысында пайда болды. Патша үкіметі көшпелілердің тілегін қабыл алып, ішкі территорияға өтуге рұқсат бфді, өйткені бүл жерлер 1771ж. Еділ қалмақтары Жоңғарияга кеткеннен кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші жүздегі элеуметгік шиеленісті басуды ойлады. Қазактарды екі өзен аралығына тұрақты қоныстаңдыру патшаның отарлау саясатына сәйкес келді. Ол Кіші жүздің күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жэне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді.Орда 1801ж. I Павелдің жарлығымен құрылды.1801ж. Бөкей сүлтан бастаған қазақтар Ішкі ордаға келеді. 1812ж. Бөкейге хан атағы беріледі. 1815ж. Бөкей қайтыс болғаннан кейін, баласы Жәңгір кэмелетке толмағаннан кейін, Орданы Шыгай сүлтан басқарады. Жәңгір 1824ж. хан болып жарияланады. Жэңгір билік еткен уақыт ұзақ, эрі күрделі болды. Қазақ хандығыңда жерді жеке меншікке беру алгаш рет осы кезеңде іске асты. Ол көшпелілердің отырықшылануына эсер етті. Жэңгір салық жүйесін реформалады. Хан өзіндік басқару аппаратын кұрды: кеңсе, депутаттық топ, 12 би кеңесі, есауыл институты, сүлтандар тобы, шабармандар, діни қызметкерлер қызметі бекітілді. 19ғ. 30-жж. Хан ордасында жәрмеңке ашылды. Бөкей ордасында мүсылмандық мектептер көп болды. Оқушылардың көпшілігі окуды Ресейде, Ташкент немесе бұхарада жалгастыруға жіберілді. 1841ж. алгаш рет азаматтық білім беретін мектеп ашылды. Жәңгір хан өз уақытында Қазан университетінің ғылыми-тарихи қоғамдастығына сыйлы мүше болды. Ол жырлар мен шежірелер үлгілерін жазып, ғьшыми орталықгарға тапсырып отырган. Ол 1845ж. қайтыс болды. Ханның мүрагері ресейден келе жатқанда жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Содан кейін хандыҚ билік жалгасын таппады. Орданы Уақытша кеңес басқарды. И. Тайманов пен М. Өтемісов бастаған көтеріліс(1836-38жж).Патша үкіметіне арқа сүйеген Жэңгір хан Орданы басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді: патша үкіметі қаражатымен 1827ж. Жасқүс деген жерде Хан сарайын салдырды. Жэңгір салық жүйесін реформалады. Хан әзіндік басқару аппаратын қүрды: кеңсе, депутаттық топ, 12 би кеңесі, есауыл институты, сүлтандар тобы. шабармандар, діни қызметкерлер қызметі бекітілді. Бөкей ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктері Безбородко мен Юсуповтың, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбьфлығы, Жәңгір билігінін халық мүддесіне қайшы келуі әлеуметтік наразылықты тудырды. Көтершісттң сеоептерііақшалай салықтың өсуі, көшіп-қонганы, шөп жинағаны, помещиктердің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу, жэнгір ханнын эділетсіздігі мен рақымсыздыгы. Көтерілістің негізгі қозгаушы күші: шаруалар, старшиндар, билер. Көтерілістіь басты мақсаттары: хан озбырлығына шек қою, шаруалар жагдайын жақсарту, жер мэселесіндегі патшанын отарлық саясатын өзгерту. 1836ж. ақпанда көтерілісшілер Жәнгір ханның қайынатасы Қарауьшқожаны биліктеи тайдыруга, ханның жарлықтарын мойындамауга шақырады. 1837ж. қазанда көтерілісшілердің Хан сарайыь басып алмақ болған әрекеттері іске аспады. 1837ж. қарашада Тастөбе шайқасында олар өздеріне қаруы басьш күшпен шайқасты Бірақ көтерілісшілер бөлініп кетгі.1838ж. шілдедегі Ақбүлақ шайқасында Исатай қазг болады. Махамбет1846ж. Хан жендеттерінің қолынан қаза тапты. Көтерілісшілерді жазалау подполковни» Гекеге тапсьфьшды. Жеңілу себептері:қару-жарақтың теңсіздігі, үйымдастырудың жеткіліксіздігі. Маңызы салық мөлшеріне шек қойылды,хандық биліктің эдсірегені байқалды, қазақ феодалдарының отаршыі басқарумен байланыста екенін көрсетті.

41)1822-1824жж. Жарғылар. Абьшай ханның мұрагері Уэлидің(1781-1819жж.) Ресей мен Цинь империялары арасында жүргізген әлсі: саясаты патша үкіметін Орта жүзде хандық билікті жою жөніндегі пікірге токтатты. Уэлидің Орта жүздег позициясын әлсірету үшін,1815ж. екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. 1817ж. Бөкей, 1819ж. Уэли қайтыс болғаннан кейін орта ж\'зде хан тағайындалмады. 1822ж."Сібір қырғыздары туралы" жарғы шығып, орта жүзд билеудің жаңа жүйесі енгізілді. Авторы - Сібір генерал-губернаторы М. Сперанский.Жарғының максаты Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде экімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту. рулық қатынасты әлсірету Орта жүздің экімшілік құрылымы: Округ(15-20болыс), басшысы-округтық приказ және аға сұлтан,—+Болыс(10 12ауьш),басшысы-сүлтан,—>Ауыл(50-70 шаңырақ), басшысы-старшин. Әкімшілік бөлінуде рулық принциг сақталды. Ауыл старшиндары мен аға сүлтандар 3 жылға сайланды, болыстар өмірлік тағайындалды. Жарғыдаь кейін Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аякез, Ақмола(1831ж.), Көкпекті, Қүсмүрын округтері қүрылды. Жарғь бойынша сот ісі үшке бөлінді: қылмыстық, талап ету, шағым айту. 1822ж. Орта жүзде хандық билік жойылды 1824ж. Орынбор генерал-губернаторы дайындаган "Орынбор қыргыздары туралы" жарғы Кші жүздегі хаі билігін жоюға бағытталды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып сонда түрақты тұруғ; қалдырылды. Кіші жүз үшке бөлінді: батыс, орталық, шығыс. Оларды офицерлер баскарды. Әкімшілік-саяс* реформалардың салдары: Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді, өлкен шаруашылық жагынан игеруге жағдай жасады, Ресейдің отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты, хандық билікт жойды.

42)Ресейге косылудың аяқталуы. 19ғ.60-90жж. әкімшілік-территориялық реформалар. Қазақстанның Ресейге қосылуы 18ғ. 30-жж. басталып, үзақ және күрделі процесс болып, 19ғ. 60-жж. аяқталды Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі саяси жағдайда іске асты. Патша үкіметі Оңтүстік Қазақстанның қалалыі бөлігін қатаң эскери күшпен бағындарды. 1854ж. Верный бекінісінің салынуы онтүстік Қазақстанның Ресейгі қосылуын тездетгі. Тарихшы Ж. О. Артықбаев Қазақстанның Ресейге қосылуын үш кезеңге бөліі қарастырады:1)18г. 30-жж. - 19г.20-жж. аралығы. Бүл кезеңде Ресей мен Қазақстан арасынд; протекторат(қамқоршылық) қарым-қатынасы орнады. Қазақ хандарының сыртқы саясатына орыс биліг араласты және оны бекітіп отырды. Ресей бекіністері солтүстік шекараны қоршады. 2) вассалитет кезеңі, 19ғ. 20 жж. мен 60-жж.аралыгы. Хандык билік жойылып, қазақтарды округтер мен дистанциялар арқылы басқарды. 3 таза бодандық, 1860ж. басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің түтастай Ресей империясының қүрамына кіруі. Қазақтың саяси элитасі сүлтандар мен билер биліктен біржола аластатылды. 130 жылга созьшған орыс жаугершілігі Қазақстанныі онтүстігіндегі қалаларын басып алумен аяқталды. Қазақ жерін түгелдей бағындырғаннан кейін патша үкімеі экімшілік басқару жүйесін реформалауға кірісті. 1867ж. "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралыг 1868ж.'Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы" уақытша ережелер бекітілді. Мақсаты Ресейге багынышты халықтарды бір басқармаға біріктіру, рулық бастауды әлсірету. Ол бойынша Қазақстан үі генерал-губернаторлыққа бөлінді: Орынбор (Орал, Торғай облыстары), Батыс Сібір (Ақмола, Семей), Түркіста (Жетісу, Сырдария).—> Облыстарга бөлінді(барлығы 6, губернатор басқарды),—>Уездер—*Болыстар—>Ауылда{ Әкімшілік басқару әскери сипатта болды: облыс басшысы эскери жэне азаматтық билікті қатар жүргізді, болы басшысы полицейлік жэне тэртіп орнататын билікті иеленді. Әскери жэне азаматтык биліктің ажырамауі реформаның басты қағидасы болды. Сот ісін басқару қурылымы өзгерді. Ол үш сатыдан түрды: эскери со комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар соты. Реформа бойынша салық саясаты да өзгеріске үшырадь Үй басы салыгы өсті, ауылдан қалаға жүмысқа кеткен қазақтар "паспорт" салығын төлесе, мешіт, мектеп, жо салуга "қарашығын" салығы жиналды. Уақытша ережелер қазак жерін мемлекет меншігі деп жарияладь Реформаның салдары: өлкенің табиги байлықтарын игеруге қолайлы жағдай жасалды, рулық қатынас элсіред капиталистік құбылыстар ене бастады, отарлық басқару, билік күшейді. 1867-68жж. Реформалар екі жылі уакытша ,енгізілгенімен, бүл "тәжірибе" 20 жьшға созьшды. Реформа отаршылдық езгіні терендетгі. Бү халықты азаттық күреске көтерді.

39)Кенесары Қасымулы бастағанұлт - азаттық көтеріліс"(1837 -1847 ж. ж.)XIX гасырдың 30-40-жж. қамтыған ең ірі халықтың сипаты бар көтеріліс басшысы - Абылай ханның немересі Қасым төренің баласы, сүлтан Кенесары (1802 - 1847 ж. ж. ).Мақсаты: қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамыні қосылып үлгермеген өңірлерінің дербемтігін сактау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтық басқару аркыль отарлауды токтату, қоқандықтардың қанауын тоқтату. Көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтып, үлт-азатгық сипа алды. Кенсарымен бірге ағыбай, Жоламан, Наурызбай батырлар болды.1837 ж. қараша айында Кенесарь Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметін< ашык қарсылық білдірді. 1838 жылдың 26-мамырында Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап өртеп жіберді. 1838 ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды. 1841ж. - Кенесарь қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұкпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Патша үкіметі көтерілісю қарсы шаралар ұйымдастыра бастады. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковалық старшинЕ Лебедев Орынборға шақырьшып, сотқа берілді.Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадаі Кенесары маңына жиналуына түрткі болды. Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жургізуді бастауғг мәжбүр етгі. Кенесарының ¥лы жүзге қарай бет алуының себебі - Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестЬ алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау. Бүхар мен Қоқгін одағы құрылып, Кенесары жагдайы ауьфлады. 1847ж сәуірінде Кенесары 10 мың эскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. 1847ж. Майтөбе шайқасында Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.Бүл үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс. Қазақ елінің ішкі кайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстығын көрсетті. Кенесарыга қарсы Обручев((1842ж), Сотников(1842ж.), Лебедев(1843ж.)Сүлтан Жантөреұлы(1843ж.)бастаған эскерлер жіберілді. Кенесары -Абылай ханның ісін жалғастырушы түлға. Кенесары құрған феодалдық мемлекеттің қүрьшымы.:1841жылдың тамызында Кенесары хандық билікті иеленіп, феодалдық мемлекет құрды. Кенесарының басты арқа сүйеген тобы - билер старшындар, батырлар. Кенесары хандыгындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктер-.Билер сотын жойып, хандық сот енгізді.Арнайы қаржы тобын кұрды. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние - мүлікті бөлу тобын қүрды. Хандық кеңестің кабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отьфатын және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.Егіншілікке көшу мен жер шаруашылығын дамытты.Барымтаға шек қойды.Дипломатиялық кызмет үйымдастырды.Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, опасыздарға өлім жазасын кесті. ХГХғ. 1 жартысында қалыптасқан саяси - экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін қүру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады. Жеңілу себептері: қазақтардың рулық жіктелуі, ақсүйектердің бір бөлігінің орыстарды жақтауы, Кенесарының өзін қолдамаган ауьшдарға озбырлық көрсетуі.

43)1869-70жж. ұлт-азаттық көтерілістер. 1867-68жж. Реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті: жерді патша үкіметінің мемлекетгік меншігі деп жариялады, жаңа бекіністерді көптеп салды, салықгар көбейтілді.Осы ауыртаплыктар қазак шаруаларын көтеріліске шығуга мәжбүр етті.1868ж-69жж. Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жэне антифеодалдық сипатта болды. Жетекшілері:С. Түркібайүлы мен Б. Оспанүлы. Көтеріліске ел басқару артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бүхаралық, таптық сипатынан сескеніп, ауытқиды. Көтерілісшілерге карсы подполковник Рукиннің, граф Комаровскийдің, генерал-губернатор Веревкиннің жазалаушы отрядтары жіберілді. Ақсүйектердің опасыздығынан көтеріліс жеңілді. Жеңілу себептері: қарудың аздығы, ауызбірлікгің болмауы, ақсүйектердің опасыздығы, шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі. 1870ж. Манғыстауда шаруалар көтерілісі басталады. Себебі: 40 мың шаңырақтан түратын Адай руы екі жылда 160 мың сом салық төлеуі тиіс болды. Көтерілістің басталуына түрткі болған - жазалаушылардын адайлыктардың мекендеріне жақындауы. 1870ж. Наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің тобы "Ережелерге" қарсы болып, көшуге бел байлаған адайлыктарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бірақ көтерілісшілер жазалаушыларды қоршап алып, талқандайды, Рукин атылып өледі. Көтеріліске балық аулау кәсіпшіліктерінің жүмысшылары қосылып, көтерілісшілер тобы 10 мыңга жетті. Бірақ Кавказдан эскери топ жеткізіліп, көтеріліс жеңілді. Көтерілісшілердің бір бөлігі Хиуаға етіп кетті.Көтерілістің салдары: маңғыстаулықтардан 58 мың сом салық жиналды, адайлықтар соғыс шыгыны ретінде 90 мың қой өткізді.

44)19ғ. II жартысында - 20ғ. басында Қазақстанда капиталистік қатынастардың қалыптасуы. 19г. ортасында казақстанда капиталистік қатынастардың таралуы айқын көрінді. Өйткені, отырықшы мал шаруашылыгы мен егіншілік дамыды, жеке меншік жер иелену көбейді, жылқы саны азайып, сүранысқа ие болган ірі қара мал саны өсті, 19ғ. 60-жж. Ресейлік кэсіпкерлер қаражатгарын қазба байлықтары мол қазақстанда өндіріс орындарын салуға жүмсады. Шикізат өңдеу кэсіпорындарының негізгі орталыктары: Солтүстік-Батыс жэне Шығыс Қазақстан. Химия өнеркэсібінің бастамасы 1822ж. негізі қаланган Шымкент сантонин заводы. Верныйда темекі кэсіпорындары болса, Арал теңізі, тұзды көлдер маңында түз кэсіпшіліктері ашылды. 19ғ. 70-80жж. бастап кедейленген көшпелілер тау-кен орындарына жалданды. Оларды жатактар деп атады. 19г. соңы мен 20ғ. басында ірі өнеркәсіп орындары Спасск мыс қорыту заводы,Өспен кеніші, Қарағанды көмір кендері, Екібастүз, Риддер кэсіпорындарында 300-400 -дей жұмысшылар істеді. Қазак өлкесіне шетелдік капитал ене бастады. Атбасар, Риддер, Қарағанды, Екібастүз кәсіпорындары, бірнеше мұнай орталықтары шетелдік капиталистерге сатылды. Банк-кредит ұйымдары ашылды. Мемлекеттік банктің бөлімшелері Оралда, Петропавлда, Семейде, Верныйда ашылды. Сауда өркендеп, жэрмеңкелер көбейді. Ірі жэрмеңкелер: Қоянды, Қарісара т.б. Жзрмеңкенін басты дамыган өңірі-Акмола облысы. 19ғ. сокы-20ғ. Басында 19 жана қала пайда болды. Қала халқының көбеюіне коныстанушылардың келуі мен жатактардың санының артуы эсер етгі. Өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне жэне ұлттық кұрамының өзгеруіне эсер етгі. Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60- 70% құрап, ауьф еңбектерге тартылды. 20ғ. 90-жж. бастап кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдаланьшды. Әлеуметтік теңсіздікке, жалақының төмендігіне, еңбек жағдайының ауырлығына шыдамаған қазақ, орыс жұмысшылары қарсылықтар білдіре бастады. 19ғ.П жартысында сауда-экономикалық байланыстар дамыды. 1856ж. I Александр Ресей -Қытай сауда байланыстарын кеңейтуді талап еткен нұсқау шығарды. 1881ж. Петербург сауда шарты жасалып, Ресей мен қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашылды. қытаймен экономикалық байланыста Петропавл, Семей қалалары басты роль атқарды. 19ғ. екінші жартысында Қазақ өлкесі Ресей астығының негізгі түлынушысына айналды.Теміржолдар саны көбейді.

19ғ. соңы-20ғ.басындағы патша үкіметінің қонысаудару саясаты.Патша үкіметінің орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсатгары: ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету, жёр" тапшылығын шешу, үлттық тірек жасау. 19ғ. 60-жж. ортасында Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аударту басталды. Крепостниктік кұқық жойылғаннан кейін крестьяндарды жермен қамтамасыз ету үшін 19ғ. 70-80-жж. жагатай қоныстандыру жүзеге асырылды. Оған 1867-68жж. реформалар бойынша қазақ жерін мемлекет меншігі деп жариялау көп жеңілдік берді. 1868ж. Жетісу губернаторы Г. А. Колпаковскийдің үсынысымен "Жетісуда крестьяндарды қоныстандыру" туралы уақытша ереже қабылданды. Ол бойынша қонысаударушылар 15 жылга салық төлеуден жэне эскери міндеткерліктен босатьшды, жан басына 30 десятинадан жер берілді. Қоныс аударудың басты аймагы Жетісу болды. Сырдария облысы да түгелге жуық қоныстандырылды. 1883ж. Жетісуға Шыгыс Түркістаннан жер аударылған үйғырлар мен дүнгендер келеді. қазақ жерінің Сібір мен Волга маңымен теміржол арқылы байланысуы орыс, украин крестьяндарының қонысаударуына қолайлы болды. Осы мақсатта Ф. Щербина бастаған экспедиция 12 уезді(Акмола, Торғай, Семей облыстары) зертгеп, тексерді. Жиналған мәліметтерден патша үкіметі қазақ жерінің "артық" бөліктерін алуға жоспар жасады. Нэтижесінде орыс, украин крестьяндары қүнарлы жерлерге қоныстанса, қазақтар сусыз, нашар жерлерге көшірілді. 20г. басында Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қонысаударушылар саны көбейе түсті. Қазақ өлкесінің демографиялық жағдайы күрт өзгеріп, қазақтардың үлес салмағы азайды. Қазақтардан кейін саны жағынан, орыстар мен украиндар, одан кейін татарлар мен өзбектер, ұйғырлар мен дүнгендер болды.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...