Главная Обратная связь

Дисциплины:






ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ. 1 страница



Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды. Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.XV-XVIIҒ. ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ. Қазақ-жоңғар қатынастар Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым – қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын «жоңғар» атаусөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар – ұлт емес. Бұл атау «сол жақ», «сол қанат» деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжан, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында «Солтүстік ойпат» - Жоңғар, оң қолы жағында «Оңтүстік ойпат» - Қашғар көсіліп жатады. «Ғар» деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр дегенді білдіреді.



Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы «сол қанатының» «жоңғар» деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, «жоңғар» термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер – сайып келгенде «сол жақтың», «сол қанаттың» адамдары. Олар XIY ғ. Екінші жартысында моңғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері – тайшылардың қол астына қараған, «Ойрат одағын» құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.

Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Тибет, екінші жағы – Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған, XY ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге мәжбүр болады.

Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары тұрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоңғарлардың төрт автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шыңдыққа сәйкеспейді.

Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікір де – қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктер болып тұрған. Әскери әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та жеткілікті.

Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: «Сенің туысын Тәуекел Қазақ Ордасында хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып сайлагды». Ал, хан Тәуекел Ресейге жолдаған хатында: «Мен қазақтар мен қалмақтардың патшасымын» деп жазған.

Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс моңғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай болатын. Батыста – I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жоңғар-қалмақтар 150 жыл бойына, 1599-1750 ж.ж. аралығында қазақ жеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды.

33. Қазақстанның Ресейге қосылу себептері. Кіші, Орта жүздің Ресей империясына қосылуы1730ж билер жиналысы өтеді.онда 2 басты мәселе қарастырылады.жоңғарлармен күрес ресеи мен әскери одақ құру мәселесі.онда 2 сол жылдың қыркүиек аиында петербіргке орыс аиелі анна ивановнамен өздерінің бодандыққа қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап ауызбен тапсыруға елшілік жібереді.1731ж 17 ақпанда анна ивановна кіші жүзді ресеи бодандығына қабылдаиды. Же сенім грамотасына қол қоиады.тиісті ант қабылдау үшін қазқастанға әбілхаиыр ханға тапсырылатын грамотамен сыртқы істер коммисия тілмәш тевкелеев бастаған елші жіберіледі.1731ж10қазанда 27 старшин грамотаға қол қояды.солаи ресеиге кіші жүз қосылады.әбіл хаиырдың басты көздеген мақсаты 1 халықаралық жағдаи шеиленісуі ,қаз-ң 2 империяның ортасында тұруы рресеи мен цинь импер ол түсінді.қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалу жоңғарды талқандау үшін ресеиге арқа сүиеу ,кіші іжүздің ішінде әбілхаиырдың жеке басының жаулары көп болды.солаи патшаға суиеніп қарсылсқа соққы беру болды.1742ж жолбарыс ха бастап ресеидің қол астына өтеді.1740ж әбілмәмбет абылаи ресеидің қол астына өткендігі жаилы грамотаға қол қоиылады.ресеи қаз кең баитақ даласын отарлауын бастаиды.ресеи қаз арқ орта азия хиуа қоқан хан бағындырғысы келді.ең алдымен қаз жерінде әскери бекініс тұрғызылады.қамалдар бекіністер порттар құрылыстар кіреді.омбы1716,семеи 1718,өскемен1720,орынборор1735ақмола көкшет қарқаралы қамалдыары заисан орал ырғыз торғаи новопетров салынады.орыс мемл осы же басқа да дипломатиялық әрекеттері орыс қазақ орыс орта азия кар катынастарын дамытуға жол ашты

34. Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы. Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы (XIX ғ 50-60 ж ортасы) Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.Орыс тарихнамасында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодан болуының үш негізгі себептері ерекшеленеді: бірінші, сыртқы саяси себеп (қазақтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер); екінші, ішкі саясаттағы келіспеушілік (өзара қақтығыстар); үшінші, Әбілқайыр ханның жеке мүддесі.Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.ХVІІІ ғасырдың І жартысындағы қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Батыр сұлтан иелігіндегі қазақтарға қауіп Хиуадан, Әбілқайыр хандығы үшін қауіп-орыс империясынан, ал Орта жүзге Жоңғар мемлекеті тарапынан төнгенде ел басыларына ауыз бірлік жетіспеді. Әрқайсысы өздеріне төнген қауіпті сейілтуге күш салуды көздеді. «Бодан болудың жолын ғана қарастырды» деген ойдан қашық болуымыз керектігін, ал сол кезде ел билеген елбасылары қазақ елдігінің сақталып қалуына септігі тиетін одақтас табу мәселесінде түрліше көзқараста болғандығын ғана көрсетті. Таңдаудың өзі дұрыс болғанда да отаршылдық пиғылды көздеген Ресей патшалығы сияқтылар өз мүдделеріне икемдеуге бейім тұрғанын естен шығармау керектігін алға тартқан Арынғазытанушы Ұ.Ахметованың пікірі орынды.

35. Әбілқайыр хандығы 15-ғасыр Ақ орданың ыдырауы нәтижесінде 15ғ 20ж орт солт жерінде жошы ұлы шаибани ұрпағы әбілхаиырр хан жаңа мемл құрды.оның негізін салды.1428ж Батыс сібір ді мекендеген ол хан жариялаиды.ханды сайлау салтанатына сұлтан болған батыр ру таипалары басшыларрымен қатар дін басшыларын шақырды.этникалық құрамы жағынан ноғаи ордасымен ақ орда құрамына жақын болды.тілі жағынан шаруашылығы тұрмыс салты жағынан 14ғ 60ж жинақ атпен өзбек деп атады.ал мемл әбілхаиыр хандығы не көшпелі өзбектер хандығы деп аталды. әбілхаиыр хандығы батысында жаиықпен шығысында балхашқа оңт арал теңізімен сыр төменгі ағысының солт тобыл мен ертістің орта сағасындағы деингі аралықты қамтыды.15ғ 30-40ж әбілхаиыр мауеренахр же сыр орта сағасындағы қалаларға жорық жасаиды.1430ж оның хорезмді алады.1446ж әбіл хан созақ сығанақ ақ қорған өзгент қалаларын қаратып сығанақты астанасы етіп алады,ӘБІЛ хан ішінде саяси тұтастық терең тамыр жая қойған жок.жошы ұрпағынан тараитын сұлтандардың біразы арасында орыс ханнан тараитын сұлтандардың біразы арасында орыс хан нан тараитын кереи мен жәнібек сұлтан бар топ Ә ХАНМЕН ЖАРАСА АЛМАИ ӨЗАРА АРАЗДЫҚ ОТЫН жағады.ішкі алауыздыққа сырттан қалмақтардан төнген шабуыл қаупі төнеді.15ғ 20 ж қалмақтар оираттар орта азиядағы қауыпті күшке аинала бастаиды.1456-1457жж кок кесек атты жерде сығанақ маңы Ә қолдары ҰЗЫН темір таишы бастаған қалмақтар қолынан жеңіліс табады.бұл себеп Ә хан-ң әлсіруіне себепші болды.бұны паидаланған Кереи мен жанибек бастаған ұлыс халқының біразы Моғолстанға қараитын Шу өзені бойындағы Қозы басы атты мекенге көшеді.1468ж Ә хан моғолстанға жорыққа аттанып жол үстінде қазаға ұшыраиды.ол себепші болған билеушісі сұлтандар арасында билік үшін күрестің толастамауы қала же отырықшы егіншілік мәд –ң ұлыс халқы арасында кең етек жая алмауы болды.бұл ақ орда ноғаи ордасы ә хандығы сияқты мемл құрылымдардың ыдырауының негізі болған ортақ себептер

36. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК Ж/Е СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТІ. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым–салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі əулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш. Уəлиханов. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тəжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінəйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді». Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде жəне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді. Абылай хан1711-1781 өмір сүрген мемл қаираткері дипломат қолбасшы төре тұқымынан шыққан орта жүздің ханы .көкшетауда билік еткен шын аты әбілмансұр толе би қоиған аты сабалақ,жолдастары опырық да.арғы атасы белгілі түркістан билеушісіқанішер абылаи.өз әкесі көркем уали.13ж жетім қалады,15ж жоңғарларға қарсы шабуылға қатысады.абылаидың оилағаны елдыңтыныштығы.бірлігі.жоңғар шап құтылу болды.хандық құрған жылдар 1771-1781жж өз ақылдылығымен парасаттылығымен ерекше тарихи тұлға.төңірегінде атақты батырларды жинап отырған.богенбаи кабан наурыз раиымбек бан батыр малаисары тб. Ресеи мен қазақ елінің ортасында тұрған елді сақтап қалу соғыс мәселесімен емес келіссөзбен шешілетін түсінді.ол халық салтыг дәстүрін мәдениетіне көп коніл болген дербес мемл ретінде көршілес елдермен тату тұруға тырыты.3жүз басын қосқан адам 1781 каитыс болады.қожа ахмет иассау мавзолеинде жерленген

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын Қазақ, Жоңғар, Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ ханы Абылайдың кезінде басталғаны баршаға белгілі.. Хан Абылайдың елдің елдігі үшін Қытай-Жоңғар арасындағы сыртқы саясатқа тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының тарихы мәніне тоқталсақ.XVIII ғасырдың қырқыншы жылдары Қалдан Цнрен хұнтайшы қаза тапқаннан кейін Жоңғар нояндарының арасында туылған тақа таласу мен алауыздық Жоңғарияны аса ауыр жағдайға тап қылғаны тарихта мәлім Қалдан Цереннің қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана, Лама Доржимен соғысты. Бұл соғыста Лама Доржидан жеңіліп қалған, Дауашы мен Әмірсана қазақ хандығына қашып келіп Абылайды паналады. Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп бұл екеуін құшақ жая қарсы алды. Кезінде қазақ халқын талай қанды зұламаттарға ұшыратқан Жоңғар қаскөйлерін хан Абылайдың құшақ жая қарсы алуының себептеріне келсек: Біріншіден, отқа май құйып, шиеленісті одан әрі ушықтыра түсу, Екіншіден, қазақ халқының Жоңғарларда кеткен кегін қанды жорықтамен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді. Үшіншіден, кезінде Жоңғарлардың қолтығына су бүркіп қазақ даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары арқылы қазақ жеріне өз билігін жүргізуді көксеген Қытай билеушілеріне қазақ халқының оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол екеуінде. Ол қазір өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай.

37. 19-ғасыр қазақ халқының мәдениеті. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «зар заман мектебі». Ақын-ойшылдар. Дулат Шортанбай Мұрат Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады..Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді.





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...