Главная Обратная связь

Дисциплины:






ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ. 2 страница



Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі


ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 50 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.

38. Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының халық азаттық көтерілісі. (1783-1797ж.ж) Көтерілістің алғышарттары: -Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі

-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы

-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және

Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы

-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. 1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.

· 1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.

-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.



-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:

· Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

· Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

· Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802).

· 1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.

· 1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.

· 1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.

Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.

· 1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:

-Байұлы –Жетіру -Әлімұлы

Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.

· Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:

-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.

-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру. Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).

39. Бөкей хандығының құрылуы (1801 ж). Жәңгір ханның қоғамдық-саяси қызметі (1823-45жж) құрылуы 1801 жылдан бастап патша өкіметінің рұқсатымен кіші жүздің бөкеи сұлтан басқарған 5мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды.мұнің өзі ішкі бөкеи орданың құрылуына бастапқы негіз болды. Бөкеи ордасы жан жағынана асттрахань саратов орынбор губерниялардың жерлерімен орал боиындағы патша әскери бекінісімен же каспидің солт жағалауындағы балық кәсіпшілігі аимағымен шектесті.оның ауқымы шығыстан батысқа караи солт оңтүстікке ықшам жерді алып жатты.орынбор әкімшілігінің қолдауымен бөкеи сұлтан 1812ж өзі құрған орданың ханы болып саиланды.бұл ордада адам саны көп болды шамамен20-30мың адмдаи.олар көбісі шаруашылықпен аиналыстты.солаи бөкеи хан өз елін билеиді,1-1,2 жерлері орыстардың жеке меншігіне аиналды.сонымен қатар батыс жақтағы осы жаиық өңірін орыс казактар иемденеді.халықтың біраз бөлігі орыс казактар болды.бөкеи хан 1815 ж қаитыс болады.кеин хандық билікті южалғастыру үшін таққа оның баласы жәңгір отырады.бірақ ол кәмілет жасы сәикес келмеиди,оның орнына уақытша бөкеидің інісі шығаи сұлтан басқарады,1824ж жәңгір патша үкіметінің жарлығымен хан деп жарияланады.1827ж жәңгір хан нарын құмындағы жасқұс деген жерде тұрақты хан ордасын орнатып елді осы орталықтан басқаратын болды.осы ж хан кеңесі құрылып оған 12 ата байұлы руларынан 1 1 биден кірді.,жәңгір хан 400мың десятина жерді өз иелігіне игерды.жәңгір хан солаи 1845ж қаитыс болады.осы кездері ордада хандық билік жойылады.біраз жерлерді жәңгір інілеріне бөліп береді. Солаи олар тұрғылықты шаруашылықтарға салық тоөлеуді мәжбүр етті.

40. 1822-24 Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Г.С. Батеньков белсене қатысты.

1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

Орта жүздің әкімшілік құрылымы: ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан БОЛЫС (10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны АУЫЛ (50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны 1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары: Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді. -Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. Хандық билікті жойды.

1824 ж. “Орынбор қырғыздары туралы ереже” 1822 жылы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» жобасы жасалды. Кіші жүзде хандық билік 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің «Орынбор қазақтары туралы Устав» деп аталған жоба негізінде жойылды. Кіші жүз үш бөлікке Шығыс, Орта жəне Батыс бөліктерге бөлініп,оларды сұлтандар басқарған. Билеуші сұлтандар Орынбор шекаралық комиссиясының шенеуніктері еді. Шекаралық комиссияның құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан төр заседательдер болды.Шекаралық комиссияның міндеттері: тəртіпті сақтау, жергіліктішенеуніктердің жəне қамқоршылардың əрекеттерін бақылау, салық жинау, сот істері, дəрігерлік жағын бақылау. Жергілікті əкімшіліктің құрамына жүздер бөліктерінің билеуші сұлтандары, дистанциялар мен жергілікті жерлердің бастықтары енді.Билеуші сұлтандарды Орынбор əскери губернаторы, ал қалған шендегілердің бəрін Шекаралық комиссия тағайындады. Əрбір билеуші сұлтандар жанында 100-200 адамнан тұратын əскери топ болды.Кіші жүздегі басқару билігіндегі бір ерекшелік-шеп бойындағықамқоршы лауазымының енгізілуі. Бұл билікке тек патша шенеуніктері тағайындалды. Олар шеп бойындағы қазақтарға «қамқорлық жасаушы» органдар ретінде құрылды. Алайда бұлар да патша өкіметінің саясатын жүргізді.Бөліктер:• Батыс• Орта• ШығысБөліктерді сұлтандар басқарды.Нәтижесі: 1. Орталық басқарылу нығайтылды.2.Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды.

41. . 1867-68 жж Уақытша ереже, Ресей империясының отарлау саясатының әкімщілік-құқықтық орнауы. Гирстың басшылығымен комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады. 1867 жылы шілденің 11-інде II Александр патша "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені", 1868 жылғы қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті.Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Азаматтық және әскери билікті қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға бөлінді. Орынбор және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Облыстар уездерге бөлінді. Уездер болыстарға, ал болыстар 100—200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. 1867—1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталынса да, әскери-уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі рөлі басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістердің бір айта кететін жайы — ол ескі шариғаттық патриархалдық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойды. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайлайтын еді. Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соттары патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті. 1861 жылғы крепостниктік құқыны жою жөніндегі заң сияқты 1867—1868 жылдардағы реформалар қоғамның түбірлі қайшылықтарын шеше алмады. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді.

1868 ж Далалық облыстарды басқару туралы Уақытша ереженің мақсаты мен міндеттері1868жылғы "Ереже” бойынша жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы салығын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом 50тиын төлеуге, түрлі қосымша алымдар төлеуге тиіс болды. 1869 жылдыңбасында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға,жергілікті әкімдер сайлауын өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. Табын, Кете, Таз, Шеркеш, Есентемір руларының қарулы көтерілісшілері 1869 жылы наурызда Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 10 көлік пен 900 сомның бағалы заттарын қолға түсірді, комиссия мүшелеріқашып кетті.фон Штемпель отрядының белгісі Елек өзенінің бойында 200 солдат күзеткен азық-түлік отрядына 600-ге жуық көтерілісші қазақтар шабуыл жасады. 1869 жылы наурызда ұйымдастыру комиссиясына қарсы көтеріліс Орал облысын түгел қамтыды. Көтеріліс жаз шыға күшейе түсті. Көтерілісшілер казак-орыс селолары мен сауда керуендеріне 41 рет шабуыл жасады. Патша өкіметі көтерілісті біржола басуды Орал облысының әскери губернаторы Н.Н. Веревкинге тапсырды. Ол 1700 солдат, 1 атқыштар ротасымен Қазыбек биігіне келді. Қатары сиреген көтерілісшілер бұл күшке қарсы тұра алмады. Патша әскері көтерілісшілерді ауылдарымен бірге аяусыз жазалады. Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да қазақ халқының отарлау саясатына қарсы қозғалысыныңерекше көрінісі болды

42. Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілістері Көтерілістің алғышарты Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді.

Көтерілістің басталуы 1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты..

1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Көтерілісшілердің фон Штемпель жасағына жасаған шабуылы 1869 жылы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің ең бір шарықтау кезі болды. Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен, көтерілісшілер көлге баратын жолды кесіп өтіп, фон Штемпель жасағын сусыз қалдырады. Патша үкіметі негізгі күштердің басын қосып көтеріліс ошағына бағыттау үшін біріктіруді ұсынды. Маусым айында Орал казак әскери атаманының өзі келе жатыр деген хабар, сондай-ақ патша үкіметінің барлық күштерді бір бағытқа көшіруі, қарулы отрядты жеңуге деген үмітті су сепкендей басты. 7 шілдеде 8 мың отбасы «Уақытша Ережені» мойындауға мәжбүр болды.

1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісіБасқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілді.Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869—1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді.Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды.

43. Бөкей ордасындағы Махамбет пен Исатай көтерілісі1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды.Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патшаүкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.

44. ЖАҢҚОЖА НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ Ж/Е ЕСЕТ КӨТІБАРҰЛЫНЫҢ КӨТЕРЕЛІСІ.жанқожа нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс 1856 жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп..

Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовский генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.

45.Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты окр. және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 ж. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына ұйытқы болды. Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат. Сібір ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 казактан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерілісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор ген.-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерілісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтары барған сайын жаңа көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан Абылай Ғаббасов Қарқаралы окр-не жорықтар ұйымдастырды. Көкшетау окр-нде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерілісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімш-ке жағымпаздануымен ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерілісшілердің талқандалуына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті. Саржан 1832 ж. Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өз. бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 ж. жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты





sdamzavas.net - 2020 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...